Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалдықпен бөлу және оны тексеру

12 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу және оны тексеру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қалдықпен бөлу ережелері мен оның шығару жолдарына түсініктеме беру. Қалдықпен бөлу ерекшеліктерімен таныстыру: екі сан арқылы; бөлінгіш және бөлгіш екі сан табу; толымсыз бөліндінің мәні және қалдық.
Практикалық міндеттерді шешу арқылы қалдықпен бөлудің анықтамасын игеру.

Сабақтың міндеті:- Қалдықпен бөлуге байланысты есеп түрлерін шығару;
- Ойлауын, есте сақтауын, ұғымталдығын дамыту;
- Балаларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру сәті.
- Соғылды тағы қоңырау,
Қош келдіңдер сабаққа.
Өтейік жаңа сабақты
Зейініңді қос сабаққа.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:
420/6 70 630/90 7 810/9 90 23*3 69
220/2 110 540/90 6 14*3 42 250 *4 1000
90/2 45 34*2 68 29*2 58 70/2 35

ІІІ. Білімді өзекті ету. Бос орынды толтыр:
600 см = м 50 дм = м см = 10дм см = 3м 2 см

ІV. Жаңа тақырыпты ашу.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан»- деп болашақ ұрпаққа өсиет айтып кеткен. Сондықтан да бүгін біз сабағымызда «Математикалық білім үйін» құрастырамыз. Ол үшін біз берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, еңбек етуіміз қажет. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін сендер ақша алып отырасыңдар. Сабақ соңында жиналған ақша бойынша баға аласыңдар.
Үй салу үшін бізге қандай мамандар қажет?
Тапсырмалар:
1 тапсырма. Сәулетші тапсырмасы. Сәулетші не істейді? Осы тапсырманы орындағаннан соң сабақтың мақсатын шығарамыз.
Оқушыларға берілген 5 бетон плитаны қатарға екі - екіден бөліп қою тапсырылады.
- Неше қатар шықты?
- Барлық бетон плиталар қолданылды ма?
- Неге? Өрнек түрінде қалай жазамыз? Бөлінгіш неше? Бөлгіш ше? Бөліндінің мәне неше? Қалдық ше? 5/2 =2(1 қалд) Тексеру. 2*2+1= 5
- Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
- Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болуы мүмкін?
Математикалық үйдің іргетасын қаладық.

2 тапсырма. Тас қалаушының тапсырмасы.
Оқушыларға 10, 11, 13, 14 кірпіштер беріп, оларды үш үш - үштен бөліп қатарға қою тапсырылады.
- Неше қатар шықты?
- Барлық кірпіштер қаланды ма?
- Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
- Өрнек түрінде қалай жазамыз?
- Қалай тексереміз?
10/3=3(1калд) 11/3=3(2калд) 13/3=4(1калд) 14/3=4(2қалд)
3*3+1=10 3*3+2=11 3*4+1=13 3*4+2=12
- Бөлудің компоненттерін атаңдар. Бөлгіш пен қалдықты салыстырыңдар. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болады.

V. Сергіту сәті. Бұғының үлкен үйі бар,
Әйнектен көзін салып тұр.
Орманнан қашқан бір қоян
Есікті келіп қағып тұр.

3 тапсырма. Ағаш шеберінің тапсырмасы.
Құрылыс алаңына 11, 13, 14, 15 терезе әкелінді. Оларды 4 қабатқа бірдей етіп бөліп орналастыру керек. Әр қабатқа неше терезе орналастырылады? Неше терезе артық қалады? Тексеру жаса.
Қалдықпен бөлу және оны тексеру жүктеу
5 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу.
Қалдықпен бөлу 43: 8
Қалдықпен бөлу 43: 8
Оқушылардың ауызша қалдықпен бөлу және оны тексеру жайлы білімін тиянақтау;
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу, көбейту және бөлу бөлімі бойынша алған білімін пысықтау, қорыту;
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлудің жолдарын анықтауға және оны шығаруды үйренуді бірге орындау.
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлу
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нaлибaeвa Гүлжaн Eрмeкбaeвнa
Қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қалдықпен бөлу және оны тексеру жайында түсінік беру; қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болатынын білгізу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×