Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Толық ондықтарды оқу, жазу, салыстыру. Бекіту.

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Толық ондықтарды оқу, жазу, салыстыру. Бекіту.
Сабақтың мақсаты:
Толық ондықтардың реті, атауы туралы білімдерін, толық ондықтарды қосу, азайту, салыстыру дағдыларын бекіту;
Ауызша тез ойлап, шығармашылықпен жұмыс жасауын дамыту;
Сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу;
жол ережелерін біліп сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау – жинақтау сабағы.
Көрнекілігі:
Әдістемелік материалдар: сандар, ондықтар, екі таңбалы сандар, тапсырмалар, тірек схемалар
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, мультфильм.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағдай туғызу.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Өткен сабақты пысықтау
Ауызша: Сұрақ – жауап арқылы
а) ондықтарды атату
ә) неше ондық бар?
б) бірлігі, ондығы? Неге ондықтар?
(Тапсырманы орындап болғаннан кейін, сабақ кейіпкерімен танысу.)
- Басқа планеталық бүгінгі сабағымыздың қонағы.
- Оған қандай ат қойдыңдар? «Лунтик»
- Бүгінгі математика сабағында біз өткен тақырыптарды қайталаймыз. Осы уақытқа дейін не үйрендік?

4. Жаңа сабақ
– Балалар мектепте қандай тақырыпта суреттерді байқадыңдар? (Мектеп дәліздерінде жол ережелеріне байланысты суреттер, плакаттар бар.)
- Дұрыс, балалар, біздің мектепте жол ережелеріне байланысты айлық өтуде.
Бүгінгі біздің сабағымыз да сол жол ережелеріне байланысты болады.
- Басқа планеталық та біздің жол ережелерін үйренгісі келеді.
- Қалай ойлайсыңдар, жол ережелерін не үшін сақтау керек?
- Дұрыс, балалар, көшеде сақ болу керек, абай болу керек.
- Қазір сендер көшеде қаншалықты абай бола аласыңдар соны тексереміз. «Абай бол!» ойыны.
1 шапалақ - біртаңбалы сандар
2 шапалақ – екітаңбалы сандар
Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер? (автобус, жеңіл машиналар, трамвай, жүк машиналар)
Машиналар туралы логикалық есептер шығару:
•Қалаға қарай 3 жеңіл машина шықты, ол машиналарға қарсы 2 жеңіл машина және 3 жүк машина шықты. Қалаға қарай неше машина шықты? (3 машина)
•Электричкада 7 вагон бар. Асан басынан санағанда 4-ші вагонға отырды, ал Үсен соңынан санағанда 4-ші вагонға мінді. Олар бір вагонға мінді ме, жоқ екі бөлек вагондарға мінді ме? (Бір вагонға мінді)
Осы тапсырманы орындағаннан кейін жазу шығады:
Жол тәртібін білейік, (Презентация №1, 1 слайд)
Аман - есен жүрейік!- бұл бүгінгі сабағымыздың ұраны.
(Жол ережелерімен таныстыру мақсатымен №2 презентацияны көрсету.)
- Лунтиктің сендерге тапсырмалары бар.
(Үш топқа бөлініп, қысқаша шарты бойынша есептер құрастырып, шешуін, жауабын жазу.)
№1
Үйрек - 8? артық
Қаз - 6
№2
Газет - 7
Журнал - 9? артық
№3
Машина - 5? кем
Қуыршақ - 7
5. Сергіту сәті: қызыл – орындарына отыру, сары – ұндемей тұру, жасыл - орында тұрып жүгіру.
6. «Математикалық зебра» тапсырмасын вариант бойынша орындау. Қосу және азайту. (Қосымша №2, 1 тапсырма)
5+1+2=
8 - 4 - 2=
2+5+1=
9 - 5 - 1=
3+2+1=
6 - 4 - 0=
8 - 4 - 1=
5+0+2=
6 - 2 - 3=
7 - 0 - 5=
5+1+2=
8 - 4 - 2=
2+5+1=
9 - 5 - 1=
3+2+1=
6 - 4 - 0=
7. Жұптасып орындау: теңдеуді шешу.(Қосымша №2, 2 тапсырма)
8. Кесінді сызу. (Презентация №1, 2 слайд)
9.«Жол белгілері» (Презентация №1, 3 слайд)
- Қандай жол белгілері болады?
(Жол белгілерін топтастыру)
Әріпті өрнектер, санды өрнектер және теңдеулер құру.

10. Рефлексия: жасыл түсті - барлығы түсінікті болды
қызыл - кімге қиын болды
Сары түсті - не үйрендіңдер?
Үй тапсырмасы: 181 бет №3,№4
11. Қорытындылау. Бағалау.
12. Лунтиктің сендерге әкелген мульфильмы бар «Автобуста»
15 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Рапихова Куралай
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны
Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға ОМ – ң бастауыш сынып мұғалімі А. А. Лукманова
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×