Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түкпірінен сөз келгенде

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен ЮНЕСКО көлемінде тойланатын батырдың 100 жылдық мерейтойын атап өтуге үлес қосу.
Міндеті:
• Халқымыздың ұлы перзенті, ерліктің ерен үлгісі болған – Б. Момышұлының өмірін үлгі тұту:
• Тарихи тұлғаларды құрметтеуге Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, тарихи - көркем шығармалар арқылы сыни көзқарас пен сенсорлық (тіл, ой, т. б) қабілеттілікті арттыру:
• Ақпараттық, коммуникативтік, проблемалық құзырлықты дамыту.
Өтетін орны: мультимедиялық кабинет
Түрі: Жылдар және адамдар
Әдісі: «Ақпараттық» және «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту» технологияларының стратегиялары.
Көрнекілігі:
• «Батыр өмірінен...» фото галереялық слайдтар
• Б. Момышұлының шығармаларынан көрме
• Замандастарының еңбектері
• Б. Момышұлының ұлағатты сөздері мен өлеңдері.
• ЮНЕСКО – ның эмблемасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Б. Момышұлының І - ІІ томдық шығармалар жинағы
«Куба әсерлері» ІІ томдық шығармасы
Батырдың өлеңдері мен мақал – мәтелдері.
«Ұлан» газетінің топтамасы 2010 жыл
«Ұлағат», «Тәрбие сағаты», «Жұлдыздар отбасы», «Егемен Қазақстан» газеттері
«Жеңістің 65 жылдығы» интернет сайты.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушылары келген қонақтарды қарсы алуы, сәлемдесу рәсімі.
- Өнеге сағатына қажетті құралдарды түгендеу.
- Мультимедиялық кабинеттегі қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Мұғалім:
«Терминдер арқылы болжау» стратегиясы арқылы өнеге сағатының тақырыбын ашу.
Слайд № 1 Термин суреттер: Ақ боз ат, танк, жауынгерлер,
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,-
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде
Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде» – деп тауып айтқан, өз сөзімен айтатын болсақ, «Өмірінің өзі - дастан» халқымыздың маңдайына біткен,
Н. Ә. Назарбаевтың «Бауыржан - жұлдызды болған күн, қазақтың жұлдызы жанған күн» деп тебірене сөйлеген сөзімен астарлас Жеңістің 65 жылдығы мен Б. Момышұлының 100 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстан көлемінде ғана емес, ЮНЕСКО бойынша тойланатынын ескере отырып, біз де Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектептің 4 «ә» сынып оқушылары өз үлесімізді қоспақ болып шештік. Енді сөз кезегін мен шәкірттеріме берсем деймін:
1 - жүргізуші - Аймағанбет: Слайд №2
- Аты аңызға айналған қазақ елінің акиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмірі мен көркем туындыларына арналған
«Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді Тарихтың қойнауынан сөз келгенде» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші – Аяулым: Слайд №3
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982 ж) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Атамыз 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал - майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.
1- жүргізуші - Аймағанбет: Слайд №4
Өздеріңіз білесіздер, Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Сол 1418 күн мен түнде бастан аяқ соғыс ауыртпалығын көріп, қиыншылықтарын басынан кешірген командирлердің бірі еді. Бұл соғысқа 200 рет рет қатынасып, тозақтың отына бетпе – бет келді. Сол шайқастарда 4 рет өзінің батальонының бірде – бір адамын шығын етпей, тұтқынға түсірмей, аман - есен өзінің дивизиясына алып келе білді.. Ұлы Отан соғысында мұндай ерен ерлік жасаған адамдар сирек.
5 рет қоршауда қалып, бұзып - жарып шыққан. 7 рет жарақаттанып, 3 рет контузия алған
Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып тарады. Атамыздың осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек «Волоколамское шоссе» қазақшасы «Арпалыс» повесін жазады.
Мұғалім: Мысалы: Москва түбіндегі нағыз қысылтаяң шақта: «Крюковадан шығысқа қарай жер жоқ!» - деп картаның жартысын қылышпен шауып тастаған екен.

2 - жүргізуші – Аяулым: Слайд №5
Соғыстан кейін Баукең Совет Армиясы Бас Штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысады. Қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналды. Оның кітаптарының жалпы таралымы 2 миллионнан асып кеткен еді. Баукеңнің кітаптары Кубада және Израилде 20 рет, Польшада 15 рет, Чехословакияда 13 рет басылып шыққан.

Жаннұр: Слайд №6
«Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушылығы мен ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ. 45 жыл бойы батыр атағына 2 рет ұсынылса да, берілмейді. Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл «Жоғарғы тактикадан» аға оқытушы болып, қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті. 13 жыл генералдық қызмет атқарды. Бірақ, генерал шені берілген жоқ.
(Әскери журналист қолжазбасынан)

Зәйраш: Слайд №7
Жаралғандай жалыннан, Бұзып жарып, қоршауды.
Жайсаң батыр Бауыржан. Жолсыз жерден жол салды.
Естігенде есімін Достары түгіл, ерлігін
Жау есінен жаңылған. Қасы да естіп тамсанды.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
Аты аңызға айналған ұлы тұлға
Аты аңызға айналған ұлы тұлға
Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Б. Момышұлының өміріне байланысты деректермен таныстыру, оның ерлігін үлгі тұту, оқушылардың патриоттық сезiмін қалыптастыру,
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×