Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік мүшесі. Сабақ.

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту. Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, плакаттар.
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, математика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы күн, оқушылар!
Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.

Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз?
- Өсімдік әлемімен
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- 3 топқа
- Ағаш, бұта, шөп
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерден өсімдіктердің тобын анықтау.
Ойын: «Өсімдіктің мүшелерін тап?»
Берілген сөздерден өсімдік мүшелерін тауып, орнына орналастыру.
Тамыр, шөп, сабақ, гүл, емен, шөп, жапырақ, ағаш.
2 – 3 оқушыдан мәтіннің мазмұнын сұрау.
5 минуттық эссе.
«Тамыр» тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақты шешу.
Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,
Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.
Жоғары – төмен тұратұғын таратып,
Осы мүше өсімдіктің жүрегі.
(Сабақ)
«ББҮ» стратегиясы.
Білемін ----------------------Білгім келеді ------------------------Үйрендім
Сабақ - өсімдіктің мүшесі
1. Сабақ өсімдікке неге керек?
2. Ол қандай мүше?

Мәтінмен жұмыс.
Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі.
Сабақтың атқаратын қызметі: 1) Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір – бірімен жалғастырып тұрады.
2) Ол тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді.
3) Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
4) Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі.
5) Сабақ тыныс алуға да қатысады.
Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақты дейді. Ал жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш келеді. Бұл өрмелегіш сабақ.

Сабақ - өсімдік тыныс алады – тамыр арқылы қорек жеткізеді
Жалбыз — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта өседі. Оның биіктігі 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама - қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай - ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.

Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол сондай - ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс.

Суретпен жұмыс.
Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын атау.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс.
Әр топқа берілген өсімдіктің суреті бойынша сабақтың түрін анықтау.
1 – топ. Қияр
2 - топ. Бамбук
3 - топ. Алоэ

«Білгенге маржан»
Бидайық — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Оның 44 түрі бар. Бұлардың тамыр сабақтары ұзын, жер астында 2 м - ге дейін көлбей өседі. Сабағы тік, оған кезектесіп орналасқан жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, гүлінің сыртын мөлдір немесе жасыл гүл қабыршағы, ал оның төменгі жағын 2 жасыл масақша қабыршақ қоршап тұрады.

Кактус – шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.

Бақбақ — көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см - дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай - ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.

Жусан - шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл - шөлейтті далада, таулы жерлерде өседі. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1, 5 – 2 м - дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік.

Картоп - жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см - ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады.

Пальма – негізінен тропиктік ормандарда, теңіз жағалауларында, саванналарда, шөлейтті жерлердегі оазистерде, биік тау басында (3000 м - ден биіктікте) таралған. Пальмалардың 250 туысы, 3400 - дей (кейбір мәліметтерде 2780) түрлері бар. Биіктігі 60 м - дей, діңінің диаметрі 1 м - ге дейін, көбіне бұтақтанбаған, жапырағы топтанып, жоғары жағында орналасқан. Пальманың бұта тәрізді, сабағы діңінің қолтық бүрінен не тамыр сабақтан дамитын, сабағы болмайтын, жер бетіне тек жапырағы өсіп шығатын түрлері бар; сабағы жіңішке (диаметрі 2 – 3 см), ұзын (300 м - дей) шырмалып өсетін түрлері де кездеседі.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
1. Сабақтың атқаратын қызметі туралы айт.
2. Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата.
3. Биік, жуан сабаққа мысал келтір.

Сабақты қорыту
«ББҮ» стратегиясы.
Білемін --------------------------------Білгім келеді ----------------------------Үйрендім
Сабақ - өсімдіктің мүшесі
3. Сабақ өсімдікке неге керек?

4. Ол қандай мүше? Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесі. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін жалғастырады. Тамыр арқылы қорек жеткізеді. Сабақ тыныс алады.

Бес жолды өлең
Не? ---------------Сабақ
Қандай? --------Тік, иілгіш
Не істейді? -----Тыныс алады, қорек жеткізеді, қамтамасыз етеді

Сөйлем. Сабақ өсімдіктің мүшелерін жалғастырады
Синоним. Дің

Үйге тапсырма беру.
Мәтіннің мазмұнын айту.
Өзіңнің үйіңнің маңындағы өсімдіктердің сабақтарын байқап, суретін салып келу.
Бағалау.
37 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы
Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы
Оқушыларға сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың зат есім және оның түрлері туралы түсініктерін жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалыптастыру.
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Жер асты суы. Құдық
Жер асты суы. Құдық
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі ММ бастауыш сынып мұғалімі Дангилова Айгүл Бақытжанқызы
Ылғыл сүйгіш өсімдіктер және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғыл сүйгіш өсімдіктер және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы № 5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байдаулетова Эльмира
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×