Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика. 3 класс
Сабақтың тақырыбы: «Есепті әртүрлі тәсілмен шығару»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруды үйрету, білімдерін тереңдету, тиянақтау.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту, айналадағы дүние туралы білімдерін кеңейту, дүние жүзілік мұхит балықтарымен таныстыру. Астана қаласының мақтанышы – мұхит бағы жөнінде мәлімет беру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өзін - өзі әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық,
деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: мұхит бағының моделі, балықтар түрлері, кесте
«Океанариум», ребус, бағалау парағы, деңгейлік тапсырмалар,
интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүние тану

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Бағалау парақтары таратылады.
• Психологиялық дайындық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
- Бүгінгі сабақта табиғат туралы сөз қозғалады. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін ребус шешіледі.

`5 ``(есеп)

ІІ. Қайталау сабағы. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару.
Ауызша есептеу. Кестені толтыру. Кестені толтырғанда сөз шығады.
А -------- 1 ------- 2 ------- 3 -------- 4 -------- 5 ------- 6 -------- 7 -------- 8 -------- 9 ------- 0
а*4 ----- 4 ------- 8 ------ 12 ------- 16 ------ 20 ------ 24 ------ 28 ------- 32 ------ 36 ------ 0
---------- О ------ К ------ Е ---------- А ------- Н ------- А -------- Р -------- И --------- У ------- М

- «Океанариум» деген, сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
• Ассоциация құрылады.
• Мұғалім түсіндірмесі. Слайдтар.
- Океанариум дегеніміз – бұл ең үлкен, алып аквариум. 2003 жылы Астана қаласында мұхит бағы – океанариум ашылды. Тек мұхитта мекендейтін акула, сегіз аяқ, мурена, теңіз жылқылары, кірпі балық пен пиранья секілді жыртқыштар осы океанариумда өмір сүре алады. Судың астында 70 метрлік туннель салынған. Ал төбесіне жарты шар тәріздес керегесі қалың әйнектен жасалған. Бұл туннельге кірсеңіз, мұхиттың астында жүргендей әсер аласыз. Жан - жағында, төбесінде жүзіп жүрген балықтар. Океанариумда туннельден басқа 11 аквариум бар. Осындағы балықтардың тек мұхитта өмір сүре алмайтындықтан, қызыл теңізден 120 т тұз әкелінген.
- Сүңгуірлер әр күн сайын аквариумның түбін тазалайды. Мұндағы балықтар Тынық мұхитының жағалауынан әкелінген. Қазір океанариумде әр түрлі топқа жататын 3 акула бар. Океанариум мұхиттан алыс туып - өскен адамдар үшін мүлде ғажап дүние. Егер Астанаға барсаңыз, осының бәрін өз көзіңізбен көре аласыздар. (Интерактивті тақтадан көрсету.)
• Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Біз бүгінгі сабақта океанариум жасаймыз. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, біздің океанариумда әр түрлі балықтар пайда болады.

• Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан №1 есеп.
- Ол үшін оқулықтағы №1 есепті шығаруымыз керек.
Шұбат – 3 литрлік 7 банка
Қымыз – 3 литрлік 3 банка
Барлығы -? литр сусын
Ш: (7*3)+(3*3)=30 (литр)
Ж: Барлығы 30 литр сусын әкелінді.

- Көбейтудің қандай қасиетін пайдаландық?
- Үлестірімділік қасиеті.
- Ал енді есепті шығардық, біз бірінші балықты жіберейік. Ол – табан балық. Слайд Ұзындығы 40 - 70 см дейін, ал салмағы 5 - 6 кг. Өзен балығы, терең суларда мекендейді. Көбінесе теңізде қыстайды.
• Есеп шығару.
Болды – 70 литр май
Сатылды – 3 литрлік 9 банка және 5 банка
Қалды -?
Ш: 70 -(3*9+5*3)=28 (л)
70 -(3*(9+5))=28 (л)
- Біздің аквариумға тағы бір балық жіберіледі. Ол – алабұға. Слайд
- Ұзындығы 30 - 35 см, салмағы 1 - 1, 5 кг. Өзен балығы. Топ құрып, ұсақ балықтарды, уылдырықтарды, су жәндіктерін жейді.
• Геометриялық фигуралармен жұмыс.
- Тақтадағы фигураны ата.
Ұзындығы -? ↑4 есе артық
Ені – 2 см←
Р -?
S -?
Ш: 2см * 4=8 (см)
Р = (2см+8см)*2 = 20 (см)
S= 2см* 8см =
Ж: Периметрі - 20см, ауданы -
- Тағы бір балықты аквариумге жіберейік. Ол – шортан. Слайд
- Шортан - өзен балығы. Ұзындықтары 1, 5 метрге дейін, ал салмақтары 47 кг дейін болуы мүмкін. Денесі ұзынша, торпедаға ұқсайды. Жыртқыш балықтың бірі.
• Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
І. 28 - бен х - тің бөліндісін тап. х=1, 2, 4, 7
ІІ. 28 - бен х - тің бөліндісін тап. х=3, 5, 6, 8, 9
ІІІ.(100 - 44): 8+48: 6
(75+25): 5+200: 4
(65 - 9): (24: 9)

- Тағы бір балықты аквариумға жіберейік. Ол – бекіре. Слайд
- Ол - бағалы балықтардың бірі. Ірі балық, ұзындығы 9м дейін, ал салмағы 80 - 100кг дейін. Осы балықтың уылдырығы – қара уылдырық өте бағалы. Каспий теңізінде мекендейді.
• Шығармашылық тапсырма.
(9 9) 9 9 9=8

- Біздің аквариумде тағы бір балық пайда болды. Ол – жайын. Слайд
Өте ірі өзен балығы. Ұзындығы 5м дейін, ал салмағы 300кг дейін
болады. жыртқыш балықтың бірі, ұсақ балықтармен қоректенеді.
• Теңдеуді шешу.
с*4=280
с=280: 4
с=70
70*4=280

280: а=40
а=280: 40
а=7
280: 7=40

х: 4=70
х=70*4
х=280
280: 4=70
- Теңдеуді шығардық, тағы да балықты жіберейік. Ол – сазан. Слайд
- Сазан - бағалы балықтың бірі. Каспий, Арал, Жерорта теңіздерін мекендейді. Ұзындығы 1 м дейін, ал салмағы 10 кг дейін барады.

ІІІ. Қорытынды. Бекіту.
- Балалар, сонымен біз нені үйрендік? Не білдік?
• БББ стратегиясы
- Есепті әр түрлі тәсілмен қалай шығарамыз? (Мысал келтірту.)
ІV. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың бағасы бағалау парағына
қойылады.
Мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады.
V. Үйге тапсырма.
№7есеп
30 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді ықшамдауда қолдануды үйрету
Қосындыны санға бөлу (слайд)
Қосындыны санға бөлу (слайд)
Қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту, есептерді әртүрлі тәсілмен шығара білуге үйрету; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Қосындыны санға көбейту. Қайталау
Қосындыны санға көбейту. Қайталау
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Әртүрлі тәсілмен есептер шығару
Әртүрлі тәсілмен есептер шығару
Әртүрлі тәсілмен есептер шығару
Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару
Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Дүние жүзілік Мұхит және оның бөліктері
Дүние жүзілік Мұхит және оның бөліктері
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Құрмашева Шынар Насипкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×