Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар

24 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 3 - сыныптың әр пәндері бойынша алған білімдерін тиянақтау. Жыл бойы өтілген тақырыптарды еске түсіру, пысықтау.
Білімділікке, сауаттылыққа баулу. Әдемі жазуға машықтандыру, тиянақты сөз, сөйлем ойлауға төселдіру.
Тапсырмаларды ауызша, жазбаша орындай отырып, талдап өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, шапшаңдыққа, бірлікке, достыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, сөз қорларын молайту, ауызша, жазбаша грамматикалық талдауға дағдыландыру.
Түрі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, оқулықтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың жүрісін түсіндіру, бағалау тәртібімен таныстыру.
II. Кіріспе
-- Балалар, біз, бүгінгі қорытынды сабақта негізгі пәндер бойынша жыл бойы алған, үйренген білімдерімізді ортаға салып, ата - аналарыңа көрсететін боламыз.
Сыныпты үш топқа бөлу. Берілген тапсырмалар топ бойынша орындалады.
I топ: «Бірлік»
ІІ топ: «Ынтымақ»
III топ: «Татулық»
ІІІ. Негізгі бөлім

Сабақты кезеңдерге бөлу:
І«Ұшқыр ой»(әдебиеттік оқу)
ІІ. Топ басшылар сайысы
ІІІ. «Біліміңді мықта»(математика)
ІV. Қызықты логикалық сұрақтар:
V«Тіл бәйгесі»(қазақ тілі)
VІ. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(дүниетану)
VІ. Сынып жетістіктері
VІ. Қорытынды.

І. «Ұшқыр ой»
Ана тілім жүрекке нәр береді,
Ана тілім көмейге жыр береді.
Ана тілім көкірекке шуақ береді,
Ана тілім бойыма қуат береді.

«Бірлік»тобына:
1. Әліппенің атасы (А. Байтұрсынов) (ақын, ағартушы, ғалым)
2. «Әке арманы»шығармасының авторы(М. Әуезов)
3. Бүркіт Ысқақовтың қандай өлеңін білеміз? «Кім жүйрік?»
4. Қай мәтіннен алған үзінді: «Күздігүні алма бағына барып көргеніңіз бар ма еді? Егер барып көрген болсаңыз, алманың иісін ұмытқан жоқ шығарсыз» 53 – бет Татар жазушысы И. Базидың «Жеміс бағында»
5. Тудың авторы
6. Өлеңді жалғастыр: «Бостандық таңы атты,
Қазағым көріңдер.
Арға ие басшының
Соңынан еріңдер» (Ш. Құдайбердіұлы)
7. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»қай шығармадан алынған? (Ш.Құдайбердіұлы«Бір кесе меруерт»)
8. Қойшылар ауа райын қалай болжаған? 293 - бет
9. Әйтеке бидің бір шешендік сөзін айт.
«Ынтымақ»тобына
1. Қазақтың ұлы ақыны.
2. «Қырдан келген жас қазақ»шығармасының авторы (М. Дулатов)
3. Қасым Аманжоловтың қандай өлеңін білеміз? «Ұшқыш болғым келеді»
4. Қай мәтіннен алған үзінді: Бірер сағаттан соң біз Омар атайдың бақша басындағы киіз үйіне келдік. 55 - бет Татар жазушысы И. Базидың «Жеміс бағында»
5. Елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
6. Өлеңді жалғастыр: «Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.» (М. Мақатаев)
7. «Жақсылыққа жамандық бар ма?»қай шығармадан алынған? (Ы. Алтынсарин «Баланың айласы»)
8. Арқарға үлкен мүйіз неге керек? 274 - бет
9. Төле бидің бір шешендік сөзін айт.
«Татулық»тобына:
1. Ең алғаш мектеп ашқан кім? Ы. Алтынсарин? (жазушы, ақын, ағартушы ұстаз)
2. «Күмән»әңгімесінің авторы (М. Гумеров)
3. Т. Молдағалиевтың қандай өлеңін білеміз? «Мамандық таңдау»
4. Қай мәтіннен алған үзінді: «Біраз жүрген соң көзіме әп - әдемі тиін көрінді. Екі құлағы тас төбесінде 61 - бет Елемес Салықов «Күзгі орманның көріністері»
5. Әнұран авторлары (Ж. Нәжімеденов)
6. Өлеңді жалғастыр: «Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,

Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.» (С. Торайғыров)
7. «Ей, Жолаушы болсаң, осы таза бұлақтай бол!» қай шығармадан алынған? (Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»)
8. «Шыбынсыз жаз»дегенді қалай түсінесіңдер?
9. Қазыбек бидің бір шешендік сөзін айт.

ІІ. Топ басшылар сайысы
(Әдебиеттік оқу бойынша)
ІІІ. «Біліміңді мықта» (математика)
Үш топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беру:

«Бірлік»тобына:
1. 7ц 6кг =.... кг 2сағ. 20мин. =... мин
2км 100м =... м 8 =
2. Есепті шығар:
Гүлжанның 750 теңгесі бар еді. Ол литрі 250 теңгеден 2 литр сүт сатып алды. Гүлжанның неше теңгесі қалды?
3. Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға байланысты көбейту және бөлу тапсырмаларын ауызша орындату.
«Ынтымақ»тобына:
1. 2жыл 4ай =.... ай 4сағ. 20мин. =... мин
2км 150м =... м 7 =
2. Есепті шығар:
Мектепке 24 домбыра және одан 3 есе кем қобыз сатып алынды. Мектепке неше қобыз сатып алынды?
3. Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға байланысты көбейту және бөлу тапсырмаларын ауызша орындату.
«Татулық»тобына:
1. 8ц 6кг =.... кг 2тәул. 2сағ. =... мин
3км 100м =... м 9 =
2. Есепті шығар:
40кг етті бірнеше кг - нан 5 асханаға тең бөліп түсірді. Әр асханаға неше кг - нан ет түсірілді?
3. Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға байланысты көбейту және бөлу тапсырмаларын ауызша орындату.

ІV. Қызықты логикалық сұрақтар:
1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)
2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?
3. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және мысығы бар. Әженің неше немересі бар? (1 немересі бар)
1. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
2. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе?(жоқ, өйткені күндердің арасында
түн бар)
3. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар?(Аққайыңда
алма өспейді)

1. 31 - ші ақпан күні не болады? (31 - ші ақпан болмайды)
2. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (көз)
3. Бір жаққа қарай бір әже кетіп бара жатыр. Оған қарсы үш кісі келе жатыр. Әр кісінің қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір - бір мысықтан. Барлығы неше адам кетіп бара жатыр? ( Бір әже ғана кетіп бара жатыр)

V.«Тіл бәйгесі» (қазақ тілі)
Үш топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беру:
«Бірлік»тобына:
Айнұр мектептен келді.
1. Сөйлем мүшесіне талдау.
2. Сөз табына талдау
3. Бір сөзді дыбыстық талдау жасау
4. «Оқушылар»сөзін сөз құрамына талдау.
«Ынтымақ»тобына:
Мектепте концерт болды.
1. Сөйлем мүшесіне талдау.
2. Сөз табына талдау
3. Бір сөзді дыбыстық талдау жасау
4. «Құрылысшылар»сөзін сөз құрамына талдау.
«Татулық»тобына:
Оқушылар мұражайға барды.
1. Сөйлем мүшесіне талдау.
2. Сөз табына талдау
3. Бір сөзді дыбыстық талдау жасау
4. «Суретшілер»сөзін сөз құрамына талдау.
VI. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (дүниетану)

«Бірлік»тобына:
1. Адам денесі неше бөліктен тұрады?
2. Сүйекке бұлшық ет қалай бекиді? (Бұлшық еттің екі ұшы сіңірлі
келеді. Бұлшық ет осы сіңірлер арқылы сүйекке бекиді.)
3. Ас қорыту мүшелеріне не жатады? (ауыз
қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек)
4. Тәжірибе дегеніміз не? (Шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу)
5. Географиялық карта дегеніміз не? (Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесі)
6. Бұлт түрлерін ата (будақ, шарбы, қабат)
7. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары)
8. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер(жантақ, сүттіген, жүзгін сексеуіл)
9. Жарық сүйгіш өсімдіктер (бидай, жолжелкен, өгейшөп, жүгері, қоңыраубас)
10. Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1997жыл11шілде)

«Ынтымақ»тобына:
1. Адамның ішкі мүшелеріне не жатады?
2. Адам денесінде қанша сүйек бар? (200 - ге жуық)
3. Сезім мүшелеріне не жатады? (көз, құлақ, мұрын, тіл. тері)
4. Дене дегеніміз не? (Адамды жан - жағынан қоршаған денелер)
5. Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)
6. Жауын - шашын түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ)
7. Пайдалы қазбалар түрлерін ата
8. Жылу сүйгіш өсімдіктер(мақта, үрмебұршақ, күріш, жүгері, асқабақ)
9. Жануарлар топтарын ата
10. Ақ күрішті аймақ

«Татулық» тобына:
1. Қаңқа неше бөліктен тұрады?
2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе)
3. Бақылау әдісі дегеніміз не? (Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдары)
4. Дененің қандай түрлері бар?
5. Тау жыныстары дегеніміз не?(жер қыртысын толтырып жатқан денелер)
6. Тығыз тау жыныстарын ата (гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір)
7. Ылғал сүйгіш өсімдіктер(шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас)
8. Суыққа төзімді өсімдіктер (бидай, сұлы, арпа, сарымсақ, сәбіз, пияз, шалқан)
9. Үкіметті кім басқарады? (Премьер министр)
10. Ақ тарының атасы (Ш. Берсиев)

VІ. Қорытынды.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін жаны ізгі жақсы азамат болатынына сенемін»деп жастарға сенім білдірген.
Ән: «Қазақ елі»
Әр топтың ұпай сандарын есептеу.
8 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау.
Қайталау.
Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру. Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлемді қайталау
Ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мәтіннің түрлері туралы түсіндіру, білімділікке, тапқырлыққа баулу; ә) ақыл-ойын, логикалық жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту; б) Сауаттылыққа, көркем жазуға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×