Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арыстан мен тышқан

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 - сынып
Т а қ ы р ы б ы: Арыстан мен тышқан (слайдымен)

М а қ с а т ы: 1) Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұмат беру, «Арыстан мен тышқан» мысалын түсініп оқуына, автордың айтайын деген негізгі ойын ұғуға жағдай жасау;.
2) ақыл - ой өрісін, тіл байлығын, танымдық белсенділігін дамыту;
3) оқушыларды мейірімділікке, батылдыққа, қайырымдылыққа баулу.
К ө р н е к і л і к: С. Торайғыровтың портреті, суреттер, сызбалар, арыстан мен тышқанның ойыншық түрлері.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру стратегиясы, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы. сахналау, интер тақтамен жұмыс
Түрі. аралас сабақ.

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Оқушылар бір - біріне жақсы лебіз айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Үзіндісін жатқа сұрау.
. 2) Қорытындылау:
-«Ара мен шыбын» мысалынан не ұқтыңдар?
- Ара қандай жәндік? Шыбын ше?
- Әр кейіпкерге жеке сипаттамасын беріп, қайсысының тіршілігі дұрыс ал қайсыныкі бұрыс дейсіңдер?- Бұл шығарманың жанры қандай түрге жатады?
- Автор бұл шығарманы жазғанда бізге не айтқысы келді?

ІІІ. Ж а ң а с а б а қ.:
- Бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасымен танысамыз. Ол - дарынды ақын (портретін көрсету)
С. Торайғыров 1893 жылы дүниеге келіп, 1920 жылы ерте қайтқан кісі. Соның өзінде балаларға арнап көптеген өлең, жыр кітаптар шығарған.

Ол туралы мәліметті мына сызба арқылы жинақтайық
Сұлтанмахмұт Торайғыров

1893 - 1920ж
Сыншы, ақын, жазушы
Оқып жүрген жастарға
Арыстан мен Тышқан
Туған еліме
«Қамар сұлу» романы

ІҮ. Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай – ақ.

Ү. Слайд көрсету
– Балалар, бүгін біз С. Торайғыровтың жазған «Арыстан мен Тышқан» атты мысалын оқып,

автордың не айтқысы келгенін табайық
Оқулықпен жұмыс.
1) Мәнерлеп оқыту (2 оқушы)
2) Сұрақтар арқылы мазмұнын талдау.
3) қарапайым сөзбен мазмұнын айтқызу.

ҮІ. Сөздік жұмысын жүргізу.
(Оқушылар қиын сөздерді оқып, талдайды)
З и я н - залал, зақым
А з а т - бостандық

ҮІІ Дәптерге жазу (сөздердің түсіндірмесін көшіру)
ҮІІІ. Мақалдар жазу. (Осы тақырыпқа сай келетін мақал – мәтелдерді еске түсіріп, жазу)
1) Күлме досқа, келер басқа.
2) Түйедей бойың болғанша, тарыдай сыйың болсын.

ІХ. Рөлдерге бөліп оқу.
Х. САХНАЛАУ (қуыршақ арыстан мен тышқанды пайдалану арқылы)

ХІ. Б е к і т у.
- Бұл шығарманың жанры не? (мысал)
- Автор бұл шығармамен бізге не айтпақ? (Автор жануарларды мысалға келтіре отырып, өмірде кездесіп жүрген адамдардың оқиғасын көрсетіп берді).
- Осыны оқығаннан кейін не түсіндің? (Ешқашан бой мен күшке сеніп, басқаларды менсінбеуге болмайды. Бір күні өзің сенім артпаған жан саған үлкен көмек беруі мүмкін)

ХІІ Венн диаграммасын тақтада оқушыларға толтырту.
Жабайы аң сүтқоректі
Тышқан - кеміргіш, әлсіз, қайырымды, мейірімді
Арыстан - алып аң, жыртқыш, мақтаншақ, күшті

ХІІІ. Дәптерге диаграмманы көшіру
Жұмбақтарды шешу, жазу: Қанжардай тісі бар, тасыған күші бар.
Күжірейген жалы. Білсең айт бұл аңды. (арыстан)
ХІІІ С а б а қ т ы қ о р ы т у, б а ғ а л а у
ХІҮ. Үйде: Жаттап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Ой - өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Оқушыларға мысалдарды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын нығайту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелдей білуге үйрету.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Айгүл Жәнібекқызы Сарымсақова
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×