Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті ата

05 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жеті ата
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға жеті саны киелі екенін ұғындыру
2. Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелігі: Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Еңбек, адамгершілік туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бір аптада неше күн бар?(санайық)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
- Барлығы жеті күн бар. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті ата» туралы болмақ.(тақтаға күннің жадысы мен тақырыпты жазу)
Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады.
Сергіту сәті. «Қара жорға»биі
Видео ролик арқылы оқушыларды билету

ІV. Оқулықпен жұмыс: Берілген мәтінді оқушыларға оқыту

V. Сөздік жұмыс:
Ата – дедушка
Әже – бабушка
Нағашы – родственники по линии матери
Жиен – племянник, племянница по женской линии
Немере – внук
Шөбере – правнук
Туыстар – родственники

VІ. Шығармашылық жұмыс:
«Ғажайып жетілік» берілген 1 - 7 дейінгі сандардың артында сұрақ жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру
Мысалы: 1) 7 саны туралы не білесің?
7 ата, 7 жоқ, 7 қазына, 7 қат, 7 күн т. б.
2) Киелі санды ата
7 саны киелі т. б.

Мақал - мәтелдер

• 1. Ағайын - туыс
• 2. Алты аға бірігіп әке болмас,
• Алты жеңге бірігіп ана болмас.
• 3. Аға – бордан, іні – зордан.
• 4. Ағайын ала болса
• Ауыздағысынан айырылады.
• 5. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
• 6. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.

VІІ. Үйге тапсырма: Жеті атасын жазып келу
VІІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 676
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Жеті ата
Жеті ата
Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата атты ұлағатты ұлттық ұғымнан хабардар ету.
Жеті ата
Жеті ата
Жеті ата атты ұлағатты ұлттық ұғымнан хабардар ету.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №11 жалпы білім беру орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Г. Т. Конысбаева
7 - ні қосу және азайту
7 - ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсалиева Айконил
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Бекова Ақбота Токеновна Қарағанды қаласының №65 мектебінің дайындық тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×