Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тізбектелген сабақтар топтамасына кембридж бағдарламасының рефлексивтік есебі

25 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педогогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және ойлаумен қабылдауды көздейді. (нұсқаулық 49 бет)
Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сабақта "сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін" тиімді пайдалануы сабақ үрдісін өзгертуге, мұғалім мен оқушының тығыз байланысын одан әрі күшейтіп, оқушы білімінің артуына жеткізеді. Бірінші бетпе бет кезінде курстан жаңа үйренген жаңа тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларымды өзіндік пікір айта алуға, баламалы шешім қабылдай білуге, ойлауға және өз іс - әрекетіне жауап беруге, сыни тұрғыдан ойлауға баулуды меңзедім.
Бұл модульді енгізген мақсатым оқушылардың терең сыни ойлауға, қарсы пікір айтуға, дәлелдерді талдау және сұрыптауға үйрету.

Выготскийдің ( нұсқаулық 28 бет) когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе жақсаратындығы туралы айтқан пікірін өз тәжірибемде байқадым.
Мен алғашқы сабақтарымнан бастап оқушылардың сыни ойлауына ықпал еттім. Оқушылардың топ құруы, топ ережесін ойластыру оқушылардың сыни ойлай алатынын көрсетті.
Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау мазмұнын оқу әрекетінің бірнеше түрлерінде жүзеге асыруға болатынын байқадым.

Бірінші сабағым "Ұйқы және оның маңызы" әдеттегідей ең бірінші сәлемдесу болғандықтан оқушыларды дәстүрлі емес тренингі арқылы, оқушылар бір - бірімен қалай амандасқысы келеді сол арқылы амандасып, оқушыларым бірі - бірімен иықтары, көздері, аяқтары арқылы амандасып, бір - бірін қайталамауға тырысып, сыни ойлап, сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Оқушылар оқып, талқыға салғанда өз көзқарастарын тереңдете түседі. Осы орайда мен сабақтарымда топтық, жұмыстарды пайдаландым. Топтық жұмыстар кезінде оқушыларға мәтіндерді беріп, проблемалық сұрақтар тастаған кезде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға тырыстым. Себебі сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушыларға өз сабағымда "Ұйқы және оның маңызы тақырыбында " Адам не үшін ұйықтау керек, ұйықтамай жүрсе қандай күйде болар едік? деген сияқты сұрақтар арқылы сыни ойлаттым. Сұрақ дұрыс қойылған кезде ол сабақтың тиімді құралына айналады. (нұсқаулық 41 бет) Мен осындай сұрақтарды әр сабағыма жүйелі пайдалана білдім.

Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде тыңдайтын үшбұрыштар арқылы түсіндіру бойынша жүргендіктен, оқушылар рөлдерді өз қалаулары бойынша бөліп алу ұсынылды. Бұл жерде қабілетті дарынды жоғары ойлай алатын оқушыларым спикер рөлін алуы сыни тұрғыдан ойлауға жатады деп білемін. Себебі орташа немесе үнсіз оқушылар жеңіл рөлдерді таңдауға ұмтылды.
Шығармашылық тапсырмалар беру кезінде үш топқа үш түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қабілеттері ашылды. Мысалы екінші топқа тәуліктің жартысынан көбін ұйқымен өткізетін адам, яғни ұйқышыл адамды сипаттауға бергенде бұл топтың оқушылары ол адамды "Жалқаубек" деп алып, оған тірек сызбалар арқылы сипаттама берген. Ал бірінші топқа тәулігіне аз ұйықтап, денсаулығына көңіл бөлмейтін адамды сипаттауға бергенде олар кеңседе отырған адамның суретін салды, неге бұлай жасадыңдар дегенде оқушылар былай жауап берді, себебі бұл адам тек жұмысты және жұмыстағы өсуін қалайды, сондықтан ол күнімен - түнімен жұмыс жасағандықтан ол денсаулығын ойлауға оның уақыты да болмайды деп жауап айтты.
Бағалау кезінде бас бармақтарын көтеру арқылы олардың бүгінгі сабақты қаншалықты ұғынғандарын білдім.
Сыни тұрғыдан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қалыптастырады.
Келесі сабағым "Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері " тақырыбымда сабағым 1 мамыр қарсаңына өтуіне байланысты әрбір ұлттың сәлемдесуі бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар әр тілде сәлемдесу арқылы сыни ойлауы қалыптасты.
"Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері тақырыбында" жаңа тақырыпты ашу үшін презентация арқылы суреттер көрсетіп, оқушыларды сыни ойлаттым. Оқушылар суреттерді көру арқылы диалогке түсіп, сыни ойлауға жетеледім. Яғни мен бұл жерде ақпараттық комуникациялық технологияны пайдалану арқылы сыни ойлаттым. Мишра мен Келердің айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушыларға қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек деген сөздер дәлел бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлауын әрі қарай жетілдіру үшін кластер әдісін пайдаландым. Осы әдісті пайдалану арқылы жаңа тақырыпты толық меңгерін шығуға мүмкіндік алды. Жұмыс жұптық болғандықтан әрбір жұптағы оқушылар бір - біріне көмектесіп, бірі - бірін жетелеп отырды.
Сергіту сәтін өткізгенде оқушылар әріптерді айту арқылы сергіді. Әріптерді айту өздерінің денсаулықтарына пайдалы екенін білді. Осы кезде үнсіз оқушым Асхат "Х" әрпін тағы айтсақ қалай болады деді, неге бұл әріп дегенде х әріпі адамның көңіл күйін көтереді басқа әріптерге қарағанда деп ой айтты. Бұл да оқушының сыни ойлауы.
Ой қорыту үшін оқушыларға әртурлі жұптық тапсырмалар ұсындым. Оқушылардың жеке ерекшелік деңгейлерін ескере отырып тапсырма бердім. Әр тапсырма оқушының сыни ойлауына ықпал етті. Мысалы, бірінші топқа сөз туралы эссе жазып, өздерінің сыни көзқарастарын көрсетті, ал екінші жұпқа осы тақырып бойынша өлең шығарды. сыни ойлай алатын оқушыларымның бойынан табандылық. икемділік, сезіну, өз қатесін түзету бір шешімге келу сияқты қасиеттерді таба білдім.
"Жоғары жүйке қызметінің топтары" мақсатым, оқушыларға жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру, қабілеттілік темпераменттерді анықтау.
Оқыту нәтижесі оқушылардың өзіне тән мінез - құлық ерекшеліктері қалыптасады, өмірге бейімділігі шығармашылық қабілеті дамиды.
Оқушы сыни ойлау үшін жайлы атмосфера, уақыт жеткілікті болу керек. Кезекті сабағымды "Жүректен - жүрекке" әдісі арқылы жылы лебіздерін білдіру арқылы сабағымды бастадым. Бұл жерде Досым деген оқушым ең бірінші болып ерекшеленіп мен өз лебізімді топқа айтқым келеді, барлықтарыңызға бірлікте бола біліңіздер деп тілеймін себебі адамның бойында осы қасиет болса ол ешқашан өзін жалғыз сезінбейді. Неге бұлай айттың дегенде мен осы уақытқа дейін жалғыз отырғанда өзімді сондай жалғыз сезінетінмін, топпен жұмыс жасап жүргеннен бастап өзімді сондай жайлы сезінем деп ой айтты.
Бұл сабағымды топтық таныстырылым әдісімен өткізу тиімді деп ойладым. Себебі бұл әдістің маңызы - оқушыларды бір - бірімен сөйлесуге, топта талқылауға, өзара пікір айтуға, бір - бірін оқытуға жетелейді. Бұл оқушылардың өз сыныптастарымен арадағы қарым - қатынастың нығаюына ықпал етеді.
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. (нұсқаулық 49 бет) Сыни ойлату арқылы баланың ой ұшқырлығын, жан - жақтылығын арттырасың. "Жоғары жүйке қызметінің топтары" тақырыбын ашу үшін оқушыларға әлемінің жеті кереметін көрсетіп, талдата отырып, "Қазақстанның жеті кереметін" жазуға тапсырма бердім. Осы тұста үнсіз оқушыларым ашылып, мені өз жауаптарымен таңғалдырады. Осы тұста жақсы оқитын оқушым Самал Қазақстанның бірінші кереметіне Ақтөбедегі президент саябағын жатқызамыз деді, себебі бұл саябақ біздің тәуелсіз еліміздің тұңғыш прзидентінің есімімен аталады деген жауап айтса, орташа деңгейлі оқушым Мақсат мен Жұмбақтас ескерткішін жатқызамын, себебі оның ерекшелігі ол бір қараса кемпірге, бір қарасан қыздың бейнесіне ұқсайды, ал үнсіз оқушым Асхат мен өзіміздің ауылымыздағы бұлақты жатқызамын деген жауаптар ой ұшқырлықтарын танытты. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріндегі ерекшеліктер ұтқырлық, пайым тәртіп, өзіндік сана сезім. Осындай тапсырмаларды беру ой ұшқырының ұтымды деңгейде болуын ескердім.
Сабағымды әрі қарай сергіту сәті арқылы жалғастырып, мозайка әдісі арқылы екі топқа бөлдім. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым - қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Екі топқа бөле отырып, бірінші топқа темпераменттерді бір - бірінен айырмашылықтарын табу үшін венн диаграммасын, ал екінші топқа жігерлі адам деп қандай адамды айтуға болады деп сурет салуға тапсырма бердім. Оқушылар өз беттерінше жұмыс жасап, бір - бірін толықтырып, постер арқылы қорғады. Алдымызда отырған оқушы не істеуге қабілетті екенін білу маңызды. Бұл тапсырманы орындағанда екінші топтағы оқушым Мақсаттың сурет салу қабілеті бар екенін анықтадым.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны тану үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.(нұсқаулық, 54 бет). Осындай оқушыларымды әр сабағымда таба білдім.
Себебі сыни ойлайтын оқушыларым үнемі сабаққа белсенділікпен қатысып, әрбір сабақтарда өздерін әр қырынан көрсете білді. Сабақты бекіту үшін конверттегі сұрақты пайдаландым. Оқушылардың алдына екі топқа екі конвертті беріп, ішіндегі сұрақтарды ұсындым. Оқушылар ішіндегі бірнеше сұраққа өз деңгейлеріне сәйкес жауап беріп стикерге жазды. сабақты қорыту үшін темпераментті анықтайтын тест өткіздім. Бұл тест арқылы оқушылар өздерінің қай темпераментке жататынын анықтайды.
Ал төртінші сабағым "Жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары" деген тақырыбымда ынтымақтастық атмосфера орнату мақсатында сәлемдесу ретінде әріптер арқылы амандастырдым. Осы кезде бірінші топтағы оқушым Жайна өз тобымен бірге "С" әрпіне мынандай сөйлем құрауға тапсырма берілгенде бұл топ " Салем, сабақта сүйкімді сөздер сөйлеген серіктестерім " деп ойламаған жауап айтып, мені қатты қуантты. Бұл жерде ой түйгенім оқушылар өз бетімен еркін ойлай алатын және өз бетімен шешім қабылдай алатынын аңғардым. Оқушыларға темекінің зияны, нашақорлық туралы бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыбымды ашып, оқушылармен диалогке түсе отырып, жоғары дәрежелі сұрақтар қойдым. Мысалы, "Адамның темекі тартуының жалпы себептері неде деп ойлайсыздар?", " Есірткі деген не, сен есірткінің қандай түрлерін білесің мысал келтіре аласың ба? Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Оқушылардың сыни ойлауы жағдаятты шешкенде және шығармашылық тапсырмалар берген кезде байқалды. 3 топқа бірдей етіп жағдаятты талдауға тапсырма бердім. Берілген уақыт аралығында топтар өз шешімдерін айтты. Бірінші топтан озат оқушым өз серіктестерімен ақылдаса мынандай шешімге келді. Жайна деген оқушым темекі шеккен адамның үйіне ұрының түспейтін себебі, ол темекі көп тартқандықтан жөтеліп жүреді деп нақты дұрыс жауабын айтты, ал екінші топтағы үнсіз оқушым Асхат оның үйінен темекінің иісі шығып жатады сондықтан түспейді деді, ал үшінші топтағы оқушым Самал шылымқордың мәңгі жас болуының себебі ол ерте өледі деп себебі бір дана темекі адамның өмірің 12 минутқа қысқартса онда ол жас өледі деп ойын жетік жеткізді.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақасатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығын өз зерттеулерінде айтқан. Менде өз сабағымда осыны ескере отырып тапсырмаларды бердім.
Әрі қарай сабағымда жалғастыру үшін еліміздің президенті Назарбаевтің сөзімен жалғастырдым. «Қазақстан 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күресу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 - бағыт Темекі шегуді тоқтату.
2 - бағыт Нашақорлыққа, қарсы күрес
3 бағыт Араққа қарсы күрес
Осы үш бағытты ала отырып оқушыларға мынандай тапсырмаларды ұсындым.
Бірінші топ «Темекі тегін келмейді, теңгеге келеді» деп тақырып атын алып, жарнама көрсетуге тапсырдым, ал екінші топқа «арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулықтың түбіне жеткен» эссе жазуға, ал үшінші топқа «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» презентация жасауға берілді.
Тапсырма қорыту нәтижесінде бірінші топ постерге сурет салып, темекіні жарнамалап, аулақ болудың жолдарын атап көрсетті. Осы жерде үнсіз оқушы Асхат сурет салып, өзінің сурет салу дарындылығын байқатты.
Және де бұл өлең жолдары арқылы өз жарнамаларын қорытындылады. Екінші топтан жақсы оқитын оқушым Самал топтың жазған эссесін өте нақты, түсінікі жеткізе білді. Өздерінің жинақтап әкелген материалдарының ішінен Толстойдың сөзімен аяқтап басқа топтарды ойландырды. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде сурет арқылы, өлең шығару, эссе жазу арқылы сыни ойлағандарын аңғардым.
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор дей келе өз есебімді аяқтаймын.
Алдағы уақытта өз пәнімді басқа пәндермен байланыстыра отырып, жеті модульді басшылыққа ала отырып, өз пәнім бойынша оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін дидактикалық материалдар, бас қатырғыштар ойлап тауып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу менің ендігі міндетім деп білем.
16 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Гульнара Есенгельдиевна
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Кенжебаева Бибинур Ормантайқызы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×