Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анаэробты және аэробты тыныс алу

13 қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Биология

Ұзақмерзімді жоспар 6-бөлім. Тыныс алу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§16. Анаэробты және аэробты тыныс алу

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру



Барлық оқушылар:


  • Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады.
  • Мәтінде берілген терминдерге анықтама береді.


Оқушылардың басым бөлігі:


  • Аэробты және анаэробты тыныс алуды сипаттайды.
  • Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды.
  • Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын зерделейді, түсіндіреді.
  • Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділігін талдайды.


Кейбір оқушылар:


Табиғаттағы аэробты және анаэробты алмасу маңызын түсіндіреді


Сабақтың құндылығы

«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият


Бағалау критерийлері

   Мәтіндегі терминдердің мәнін ашады.

   Жасушадағы энергетикалық алмасудың кезеңдерін еске түсіреді.

    Анаэробты және аэробты тыныс алуды сипаттайды, эволюция барысында олардың пайда болуын қарастырады.

    Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды.

   Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын талдайды, қорытынды реакциясын жазып көрсетіп, түсіндіріп бере алады.

   Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділігін дәлелдеп береді.

       Анаэробты және аэробты тыныс алудың табиғаттағы маңызына баға береді.


АКТ дағдылары

Сандық білім ресурстарын іздеу, қолдану

https://bilimland.kz/ru


Тілдік мақсат

 Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын








 


ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету

үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)



Негізгі сөздер мен тіркестер:


Энергетикалық алмасу, аэробты тыныс алу, аэробты тыныс алу


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:


Аэробты және анаэробты алмасу үдерістерін талдаңдар. Олардың бір

жасушадағы, эволюция мен биосферадағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Неліктен аэробты үдеріс анаэробты үдеріссіз өздігінен жүрмейді?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Терминдердің аудармасын дәптерге түсіру Энергетикалық алмасу – Energy metabolism Анаэробты тыныс алу – Energy metabolism

Аэробты тыныс алу – aerobic respiration


Алдыңғы оқу

«Сәйкестендір»

І. Органикалық заттарды өткізеді.

ІІ. Су мен минералды заттардың қозғалуына қатысады. ІІІ. Електәрізді түтіктері бар.

ІV. Флоэмадағы тасымалға әсер ететін сыртқы факторлар.

V. Флоэмадағы тасымалды тоқтатуы мүмкін жағдай.


А) Ксилема Ә) Флоэма Б) Жарық

В) Ылғалдылық С) температура

Д) Сусыздану





Жоспар



Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


 









Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Сөздер тізбегі»

Оқушылар топпен отырып, бірінен соң бірі жылы сөздер айтады. Алдымен бір оқушы бір сөз айтады, келесі оқушы оның айтқан сөзінің соңғы әрпінен жақсы сөз құрауы керек.

Мысалы: Біздің топ мүшелері ақылды–ынтымақты–ықыласты–білімге ынтық–қарапайым–мейірімді–ізетті–ілтипатты т.б.

Топтарға бөлу. «Маркерлер». Оқушыларға түрлі түсті маркерлер тарату арқылы «Аэробты тыныс алу», «Анаэробты тыныс алу»

топтарына бөлінеді. Оқушылар топ атының сабаққа қатысын болжайды.

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді меңгеру.

«Мені түсін» стратегиясы

Оқушылар мәтінді оқып, түйінді сөздерді дәптерге жазып алады. Мұғалім оқушылардан оқулықтарын жауып, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын сұрайды. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы түпнұсқамен сәйкес келген топты бағалайды.

Дескрипторлар:

 Мәтінді толық меңгеріп, тапсырманы толық орындайды.

Оқулық



 


  • Мұғалім жазбасымен оқушы тұжырымдарында үндестік болады.
  • Аэробты, анаэробты тыныс алуды салыстырады.

ІІ. Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Төмендегі суретті пайдалана отырып, неліктен ауыр жаттығулар орындау кезінде аэробты тыныс алумен бірге анаэробты тыныс алу жүретінін түсіндіріңдер.




Аэробты, анаэробты тыныс алуды салыстыру кестесін толтыру.









Дескрипторлар:

   Суретті мәтіннен алған білімді пайдаланып түсіндіріп береді, тапсырмаларға жауап беріледі.

Кесте дұрыс, нақты толтырылады.

Сергіту сәті. «Топтық мүсін» стратегиясы

Топ мүшелерінің әрқайсысы өзін сазбалшық деп есептеуі керек. Олар мүсін жасау үдерісінде өз орындарын табу керек. Ортаға топтың бір мүшесі шығып, бейне бір мүсін іспетті қимылдамай тұрады. Келесі

топ мүшелері осылай жалғасын табады.


Аяқталуы

«Броундық қозғалыс» стратегиясы

Оқушылар сыныпты шарлап, аэробты және анаэробты тыныс алу тақырыбы бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі.

Дескрипторлар:

  Аэробты және анаэробты тыныс алу тақырыбы бойынша тұжырымдамалар жасалады.

 Өздерінің тұжырымдамасын дәлелдеп, басқаларды сендіре алады.


Қосымша ақпарат

Микроорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органикалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі.

Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі; аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Аэробты микроорганизмдер ортада оттегі болғанда ғана тіршілік ете алады. Ал анаэробты оттегіне мұқтаж емес. Анаэроб микробтар облигат және факультатив деп екіге бөлінеді. Облигат анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Молекула күйіндегі оттегі жоқ жерде ғана олар үшін – у. Ал факультативті анаэробтар молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді. Анаэроб микроорганизмдер де табиғатта кең таралған. Олар ауа енуі қиын терең қабаттарда

тіршілік етуге бейімделген.


Салыстыру үшін алынған белгілер

Аэробты тыныс алу

Анаэробты тыныс алу

Жүретін жері



Жылдамдығы



Энергия алу жолы



Соңғы өнімдері



АТФ саны





 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төмендегі теңдеуді түсіндіріп бер.

С6Н12О→ 2С3Н6О+ О→ 6СО+ Н2О

↓                               ↓

2 АТФ                             36 АТФ



Қабілеті жоғары оқушы:

Табиғаттағы аэробты және анаэробты алмасу маңызын түсіндіріңдер.

Аэробты және анаэробты тыныс алатын ағзаларды жіктеңдер.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

Рефлексия. «Қалпақ»




Оқушылар музыка әуенімен бір-біріне қалпақты жалғастыра береді. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің қолында болса сол оқушы сабақтағы өзінің іс-әрекетін талдайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау


23 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау; анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы. Өсімдіктердің тыныс алуының түрлері мен құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Тыныс алудың маңызы мен типтері
Тыныс алудың маңызы мен типтері
Тыныс алу және фотосинтез үдерістерін өзара салыстырып, анаэробты және аэробты тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттайды; Тыныс алу көмегімен энергияны қайдан және қалай алуға болатын үдерісті сызып, талдап береді, тыныс алусыз тіршілік етуге
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі
Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі
Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, Қожакент ауылы, №184 негізгі мектебінде биология пәні мұғалімі Сарманова Лиза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×