Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтар бөлімі

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
7 - сынып
Сабақ тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі (презентациясымен)

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Саңырауқұлақтар бөлімі бойынша алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы қорытындылау
Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау және оларды ажырата білу қабілетін қалыптастыру
Тәрбиелілік: Саңырауқұлақтардың ерекшелігін байқап, оларды тиімді қолдануға баулу
Сабақ типі: пысықтау сабағы
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдістері: толықтыру, суретті тапсырмалар, артық сөзді табу, ТСН
Пайдаланған құралдар: Слайдтар, бағалау парағы, маркерлер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Сыныпты түгелдеу, сабақ барысын түсіндіру.

1 тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр.
І – қатар.
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым – микология.
2. Қоректенуіне қарай саңырауқұлақтар паразитті, сапрофитті болып табылады.
3. Саңырауқұлақ спораларын бунақденелілер таратады.
4. Ақұнтақ саңырауқұлағы мына өсімдіктерді қара және күздік бидай, арпа зақымдайды.
ІІ - қатар.
1. Саңырауқұлақтардың негізгі мүшесі – қалпақ, түбіртек.
2. Ағаштарды құртатын саңырауқұлақтар діңқұлақ деп аталады.
3. Саңырауқұлақ жіпшелері ағаштардың тамырымен селбесіп, микориза түзеді.
4. Біржасушалы саңырауқұлақтарға ашытқы, зең саңырауқұлактары жатқызылады.
ІІІ - қатар
1. Саңырауқұлақтардың қоректік қор заты – гликоген.
2. Зең саңырауқұлақтарына пеницилл, аспергилл жатқызылады.
3. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардағы споралар жетілетін қалта спорангий деп аталады.
4. Медицинада пеницилдің 2 түрінен пенициллин дәрісі алынады.

2 тапсырма. Суретке назар аудар. Құрылысын ата.
І - қатар
Жауабы: Суретте мукор саңырауқұлағы. 1 - жіпшумақ; 2 - спораның түзілуі; 3 - жыныстық жолмен көбеюі:
ІІ - қатар
Жауабы: Саңырауқұлақтың құрылысы: 1 - қалпақ, 2 - қалпақ асты, 3 - белдеуше сақина, 4 - түбіртек, 5 - түбіртек жіпшесі, 6 - жіпшумақ, 7 - жіпше. 2 - суретте – микориза.
ІІІ - қатар
Жауабы: Қынаның ішкі құрылысы: 1 - балдыр жасушасы, 2 - саңырауқұлақ жіпшумағы. 2 - суретте киіз қына.

3 - тапсырма: Қай саңырауқұлақ артық және неліктен? Анықта.
1. Майқұлақ, жерқұлақ, шыбынжұт, бүріскі, түлкіжем – ол улы саңырауқұлақ.
2. Қозықұйрық, тайтұяқ, майқұлақ, түбіртек, ақ саңырауқұлақ – ол паразит саңырауқұлақ.
3. Бүріскі, түбіртек, көңілкеш, діңқұлақ – көңілкеш - улы, діңқұлақ – паразит саңырауқұлақ.

4 - тапсырма. мына сызбаны толықтыр (1 - қоректену, 2 - пішіні, 3 - қолдануы бойынша)
І - қатар
Жауабы: Өсімдіктерге тән белгілері: Бір орыннан қозғалмайды, қанша тіршілік етсе сонша өсе береді, тарамдалады, жасушасында қалың қабықшасы болады, бүкіл денесімен сорып қоректенеді.
Жануарға тән белгілері: Хлоропластары болмайды, дайын қорек заттарымен қоректенеді, жасуша қабықшасы нәруызды - хитинді, қор заты - гликоген
ІІ - қатар
Жауабы: Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.
1 - Қабыршақты қына. Ағаш діңіне тасқа жабысып өседі. Сары, сары - қызыл, сұр, көгілдір, қоңыр түсті жұқа қабыршақ тәрізді болады.
2 - Жапырақ тәрізді. Пішіні жапыраққа ұқсас орманда ағаш діңіне жабысып өседі.
3 - Бұта тәрізді. Қарағайлы орманда төсемікте өседі, түсі ақшыл - жасыл болады.
ІІІ - қатар
Жауабы: Саңырауқұлақтарды қолдануы бойынша екіге бөледі.
1 - Жеуге жарамды. Оларға: Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, ақ, қайың саңырауқұлағы, күзгі түбіртек.
2 - Улы: Бозарамқұлақ, сұржәнеқызыл шыбынжұт, көңілкеш, жалған түлкіжем, жалған түбіртек.

Жауабы: Қына - 1, 3, 5, 7. 10.
Бір жасушалы саңырауқұлақ - 4, 7, 9, 11, 13.
Қалпақшалы - 2, 6, 8, 12, 14.

Бағалау: Әр оқушы өзін - өзі бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтар дүниесі туралы жалпы түсінік беру. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшеліктерін білу. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету.
Саңырауқұлақтар әлемі
Саңырауқұлақтар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі
Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің биология пәні мұғалімі Есентурлиева Ақтоты
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 7 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Төлейжанова Светлана
Зең саңырауқұлақтары: Біздің достарымыз және біздің дұшпандарымыз
Зең саңырауқұлақтары: Біздің достарымыз және біздің дұшпандарымыз
Байгожина А.С. бастауыш сынып мұғалімі №2 Ленинград орта мектебі СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×