Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салыстыру

24 қаңтар 2013, Бейсенбі
Қарағанды қаласы,
Қазыбек би ауданы «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Тайжанова Жулдыз Мараловна

Пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру
Сабақтың мақсаты: 1. 10 көлеміндегі сан мен санды, сан мен өрнекті, өрнекпен өрнекті салыстыру дағдыларын бекіту.
2. Таным, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қамқорлыққа, көмек қолын соза білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, карточкалар, қатырма қағаздан жасалған түрлі-түсті қарындаштар, асықтар, қапшықтар, жапырақ суреттер.
Пән аралық байланыс: көркем әдебиет, дене тәрбиесі, ұлттық дүниетаным.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-( )
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
Енді бәріміз мына суретке назар аударайық. Қай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрсыңдар?
-(мысық пен мақта қыз)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді мені мұқият тыңдаңдар.

Жаңа сабақ
Бір күні мақта қыз үй жинап жүріп көптеген қарындаштар тауып алады. Содан мақта қыз мысықты шақырады.
Мысық келіп: Не болды?- дейді.
Мақта қыз: мен мына көп қарындаштарды тауып алдым. Енді соларды салыстырып көмектесші.
Мысық: 5(сары) >5(қара)
2(сары) >8(жасыл)
3(күлгін) =7(көк)
6(қоңыр) =4(сәбіз түст)

Дұрысы: 5(сары) =5(қара)
2(сары) <8(жасыл)
3(күлгін) < 4(сәбіз түст)
Дұрыс орындамағаны үшін мақта қыз құйрығын жұлып алады. Мысық қанша жалынса да мақта қыз оның құйрығын бермейді. Сен сандарды дұрыс салыстырып үйренбейінше мен саған құйрығыңды бермеймін дейді.
Мысық: Балалар, сендер маған салыстыруды үйретесіңдер ме?
- ( )
- Ендеше мысықпен бірге жолға шығуға дайынбыз ба?
- ( )
- Балалар жолда басы қатып отырған сиырға кездеседі. Сиыр балаларды көріп:
Сиыр: Мен таңертең (4 шелек), кешке (6 шелек) сүт беремін. Осылардың санына, қайсысы артық, қайсысы кем екеніне көзімді жеткізе алмай-ақ қойдым. Сен, мысық, осы мені мазалаған сұрақтың жауабын тауып берші.
- Балалар мысыққа көмектесіп жіберейік,
( балалар таңертең 4 шелек, кешке 6 шелек, барлығы 10 шелек сүт екендігін анықтайды. Содай-ақ 4<6 екенін табады).
Сиыр: Балалар мен мысыққа рахмет айтып, жұлдызша береді.
- Балалар, енді әрі қарай жолға шығайық. Балалар келе жатып басы салбырап отырған ағашты көреді. Ағаш балаларға басын көтеріп:
Ағаш: Менің басымда көптеген жапырақтар орналасқан. Олардың ішінде сарғайып түскелі тұрған жапырақтарды бір бөлек санап, жасыл түсті жапырақтарымды бір бөлек санап, салыстыруға көмектесіңдерші.
- Балалар санап 7 жасыл түсті, 3 сары түсті жапырақ бар екенін табады. Оларды салыстырады.
Ағаш: балаларға рахмет айтып, жұлдызша береді.
- Балалар, енді әрі қарай жолға шығайық. Балалар мен мысық ойнап жүрген бір топ балаларды кездестіреді. Олар мысық пен оның көмекшілерін «Асық ал» ойынын ойнауға шақырады.
Ойынның шарты: Бір бала ортадағы дорбадан бір уыс асық алады, оны санады. Содан кейін тағы бір уыс алады. Оларды салыстырады, барлығы қанша екенін анықтайды.
Балалар: Рахмет сендерге! Сендер біздің ұсынған «Асық ал» ойынымызды жақсы ойнадыңдар. Сандарды жақсы салыстыра біледі екенсіңдер, сендерге сыйлық ретінде мына жұлдызшаны беремін.
- Балалар одан әрі қарай жолға шығайық. (балалар жолда дүкеншіні кездестіреді).
- Балалар, дүкеші де өзінің тауарларының санына жете алмай отыр екен. Көмектесеміз бе?
- ( )
- Ендеше дүкеншінің тапсырмасын тыңдайық.
Дүкенші:
Менің дүкенімде мынша қап ұн, мынша қап қант қалды. Мен солардың нақты санына жете алмай отырмын.
- Балалар дүкеншінің тапсырмасын орындап, жұлдызша алады. Одан әрі жолға аттанады. Жолда тауыққа кездеседі.
Тауық: Балалар сендердің маған көмектерін қажет болып тұр. Көмектесе аласыңдар ма?
- ( )
Тауық: Мен мына жұмыртқаларды 5 күннен бері жинап келемін. Ал мына 2 жұмыртқаны бүгін таптым. Енді барлығы қанша жұмыртқа болғанын анықтап көмектессеңдер деймін.
- Балалар 5 күнде жинағаны 8 жұмыртқа, оған 2 жұмыртқаны қосып барлығы 10 болғанын анықтайды. Оларды салыстырады.
- Тауық: Ой, балалар, сендерге көп рахмет. Мына жұлдызша сендерге.
- Балалар одан әрі жолға аттанады. Жолда қолында карточка толы дорбасы бар тышқанды кездестіреді.
Балалар: Тышқан сен неге мына ауыр дорбаны көтеріп келесін?
Тышқан: Мен дорбадағы тапсырмаларды орындай алмай, соған көмектесетін адам іздеп келемін.
Балалар тышқанның тапсырмасын орындауға көмектеседі. Әр бала жеке карточкамен жұмыс жасайды.
Тышқанның тапсырмасы:
8= 10 - 2
7+1< 9
4 7 - 3
Балалар соңғы жұлдызшаны алады.
Бекіту:
Барлық жұлдызшаны алып мақта қызға барады.
Балалар: Мақта қыз мысық жолда кездескен сиыр, ағаш, балалар, дүкенші, тауық, тышқанға көмектесіп, олардан мынандай көптеген жұлдызшалар алды. Енді оған құйрығын қайтаршы.

Мақта қыз: Өте жақсы. Сендер салыстыру жайлы өз білімдеріңді мысыққа үйретіпсіздер. Бірақ менің де сіздерге тапсырмам бар. «Межеге көздеу» ойынын ойнауды ұсынамын.
Ойын шарты: Сыныптағы балаларды 2 топқа бөлемін. Бірінші топ - «Алғырлар», екінші топ - «Білгірлер» тобы.
Ортаға 10 стақан қойылады. Топ балалары қолдарына қапшық алып 2 қатарға тұрады. Содан кейін стақандарды кезекпен келі қапшықпен көздеп атады. Әр бала ұрған соң нәтижесін анықтап, салыстыру қажет. Ойын шарты түсінікті болса бастаймыз.

Сабақты қорытындылау:
Осыдан кейін мақта қыз мысықтың құйрығын өзіне қайтарып береді. Балалар мысық сендерге үлкен рахметін айтып, сапар барысында өзіне белсенділікпен көмектескен оқушыларға жұлдызшалар бермекші.
Сабақта белсенділік танытқан балаларды мадақтау.
Сонымен, балалар, біздің бүгінгі математика сабағымыз аяқталды.
9 864
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
Екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету. Үшке дейін санау машығын жетілдіру. Затарды шамасына қарай салыстыру дағдысын дамыту. Геометриялық фигуралардың аттарын атай отырып, топтастыруды жалғастыру. Ұсақ қол маторикаларын
Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен
Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен
Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен. Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету.
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тайжанова Жулдыз Мараловна Пәні: Сауат ашу Тақырыбы: «В дыбысы мен әрпі»
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×