Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді қайталау

26 қараша 2013, Сейсенбі
Математика сабағы

Сабақтың тақырыбы: "Өткенді қайталау"
Сабақтың мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: "Қызыл телпек" ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер.
Сабақтың барысы: Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз.
Біздің ұранымыз: Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
(сурет)
- Балалар, мынау қандай ертегінің кейіпкерлері? -"Қызыл телпек" ертегісінің. қасқыр мен Қызыл телпек.
- Мынау не?
- Орман.
- Мына орманның шетінде Қызыл телпектің әжесі тұрады. Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда алдынан оған қасқыр кездесіпті.
Қасқыр: Қызыл телпек, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал, егер тапсырманы орындай алмасаң сені жеп қоямын.
- Қызыл телпек бізден көмек сұрай келіпті.
Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, қасымда достарым бар. Орындаймыз бізге бар тапсырғанын.
- Әжеге жету үшін қасқырдың тоғыз тапсырмасын орындау керек.
1 - тапсырма: 1 - 10 - ға дейін тура, кері санау.
2 - тапсырма: Көрші сандарды атау.
3 - тапсырма: Қандай ұғымдармен таныстыңдар? Оны есімізге түсіру үшін, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Жұлдыздың шашы ұзын, ал Шыңғыстың шашы қандай?(қысқа)
ә) Ағаш биік болып өссе, шөп қандай болып өседі? (аласа)
б) Жылқы жылдам жүрсе, тасбақа қалай жүреді? (баяу)
Енді "Керісінше" ойын ойнаймыз. Мен айтамын - үлкен Сен айтасың - кіші. Мен айтамын - жуан Сен айтасың - жіңішке. Мен айтамын - қалың Сен айтасың - жұқа. Мен айтамын - жоғары Сен айтасың - төмен. Мен айтамын - көп Сен айтасың - аз. Мен айтамын - алдында Сен айтасың - артында. Мен айтамын - кең Сен айтасың - тар. Мен айтамын - үстінде Сен айтасың - астында. Мен айтамын - оң жақта Сен айтасың - сол жақта. Мен айтамын - алыс Сен айтасың - жақын.
4 - тапсырма: Себетке саңырауқұлақтар жинау. Плакатта шарлардың суреті, ішінде өрнектер, астында сан қатары 1 - ден 10 - ға дейін. Өрнектерді дұрыс шығарып, сызықпен жауабын көрсету. Кім өрнекті дұрыс шығарады, соған бір саңырауқұлақ беріледі, оны себет ішіне саламыз.

5 Сергіту сәті. Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындайық.
Оңға, оңға, түзу тұр
Солға, солға, түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

6 - тапсырма: Есептер құрастыру. Балалар, есептің құрамды бөліктерін еске түсірейік. - Есептің төрт бөлігі бар: 1. Шарты 2. Сұрақ 3. Шешуі 4. Жауап
1. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

2. Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады қанша алма?
Балалар сурет бойынша есеп құрастырады. Енді өз ойынан кім есеп құрастырады?

7 - тапсырма: Салыстыру. - Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз? - Дұрыс, артық >, кем <, тең =
- Балалар, мектепке бармасам да, мен барлығын білемін деп, қасқыр сандарды өзі салыстырыпты. Қарайық, егер дұрыс болса қарындашпен қоршаймыз, ал қатесі болса сызып тастаймыз. Балалар кезекпен қасқырдың қатесін, дұрысын тексереді.

8 - тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
- Енді, мына суреттерде не бейнеленген?
- Балық, балапан.
- Суретші қандай пішіндерді қолданған?
- Дұрыс, сопақша, үшбұрыш, дөңгелек.
- Үйдің суретін салғанда қандай пішіндерді қолданамыз?
- Дұрыс, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш.

9 - тапсырма: "Нүктелерді қос". Плакатта нүктелермен бейнеленген "балық" бейнесі. Нүктелерді рет - ретімен қосып, бейнені анықтау. Неше нүкте бар екен? 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау. Балалар, осымен қасқырдың барлық тапсырмаларын орындадық, енді Қызыл телпек әжесінің үйіне бара алады.
Балаларды мадақтау.
14 935
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
«Адасқан Қызыл телпек қыз»
«Адасқан Қызыл телпек қыз»
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төріме менің еніпті.
Қызыл телпек ертегісі
Қызыл телпек ертегісі
Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.
Үлгі бойынша санау
Үлгі бойынша санау
Мақсаты: Үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену. Цифрды заттың санымен сәйестендіруді үйрету, алдымен, кейін ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету. Шар, текше геометриялық
Қызыл телпек ертегісі
Қызыл телпек ертегісі
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1 «Қарлығаш» балабақшасының І санатты би жетекшісі Қ. Зайнова
Күзгі орман
Күзгі орман
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК Тәрбиеші: Құрманғалиева Мейрамгүл
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Тәрбиеші: Тулегенова Толқынай Купжасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×