Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз жалауыңды тап

20 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Өз жалауыңды тап (4 сынып)
Мақсаты: 1. Балаларды айналаны тез бағдарлауға, шапшаң қимыл жасауға үйрету.
2. Оқушылар бір – біріне соғылып қалмай, бұлтарып жүгіруге дағдыландыру.
3. Ұйымшылдыққа достыққа тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт бөлмесі
Қолданылатын құрал - жабдықтар: жалауша, доптар ысқырық.

Сабақтың мазмұны
Дайындық бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу:
Сәлемдесу; Оқушылардың назарын сабаққа аудару, рапорт беру сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Қауіпсіздік ережесін сақтау және ескерту.
Саптағы жаттығулар: орнында тұрып оңға, солға кері бұрыл, т. б.

Қозғалыстағы жаттығулар:
Қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру, қолды желкеге қойып өкшемен жүру.
Қол желкеде, жартылай отырып жүру.
Толық отырып жүру.
Жүріп келе жатып аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. Бір қалыпты жүгіру.
Жүгіру кезінде оң жағымен, сол жағымен, тізені жоғары көтеріп, өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру.

Жалпы дене қыздыру жаттығуларын орнында тұрып жасау:
Қол белде, аяқты алшақ қойып, басты оңға, солға айналдыру.
Басты алдыға еңкейту, артқа еңкейту, оңға қисайту, солға қисайту жаттығулары.
Қолдың буыны мен бұлшық еттерге арналған жаттығу.
Қолды алдыға созып, алақанды жұмып, ішке, сыртқа айналдыру.
Алақанды бір - біріне тигізіп, саусақты айқастырып, қолдың буынын айналдыру.
Иықтың буындарына жасайтын жаттығулар.
Екі қолды иықтың үстіне қойып алдыға, артқа айналдыру.
Оң қолды төмен, сол қолды жоғары көтеріп алдыға, артқа айналдыру.
Белдің буыны мен бұлшық етіне жасалатын жаттығулар.
Екі қол белде, онға, солға айналдыру.
Оң қол белде, сол қол жоғарыда оңға, солға қисаю.
Тізеге, аяқтың бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар.
Екі қол тізеге қойып, ішке, сыртқа айналдыру.
Сабақтың тақырыбына байланысты арнайы дене қыздыру жаттығуларын жасатамыз.

Әдістемелік нұсқаулық
Оқушылардың сапта тұруын, спорт киіміне назар аудару, жаттығу жасау кезінде жалпы денені дұрыс ұстап, жаттығуды таза нақты жасауға тәрбиелеу.
Жаттығу жасау кезінде қолды, аяқты, кеудені дұрыс ұстап жасауын қадағалау.
Жаттығу жасау кезінде жалпы денені дұрыс ұстап, жаттығуды таза нақты жасауға тәрбиелеу. Техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау. Оқушылардың өздеріне шақ аяқ киімі болуы тиіс. Тырнақтары өспеген қыздардың құлақтарында сырға қолдарында сағат білезік сынды нәрселер болмауы қажет.
Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбауларын қадағалау.

Негізгі бөлім
1. Оқушыларды қайта сапқа тұрғызып жаңа сабақ тақырыбын өз жалауыңды тап ойынның ойнау әдіс - тәсілдерін, жүргізушінің іс - әрекетін айтып, көрсетіп түсіндіру.
Техника қауіпсіздік ережесін айтып ескерту.

Ойынның ережесі. Командадағы ойыншылар саны бірдей болуы керек. Жалаушалардың түстері әр түрлі болуы қажет. Әр ойын біткен сайын жалаушамен тұрған баланы ауыстырып отыру керек.
Ойынның шарты: Сыныптағы оқушылар санау арқылы екі командаға бөлінеді. Командалар өздерінің қалауы бойынша ойын алаңының әр жерінде шеңбер құрып орналасады. Әр командадан бір ойыншы қолына жалауша алып, шеңбердің ортасына барып тұрады. Мұғалімнің ал балалар, жүгіріңдер деген бұйрығынан кейін, ойыншылар ойын алаңында шашырап жүгіреді. Көздеріңді жұмыңдар дегенде, ойыншылар отыра қалып, қолдарымен көздерін жабады. Сол кезде жалаушалары бар балалар алаңды орындарын ауыстырып қолдарын жоғары көтеріп тұрады. Мұғалім тез өз жалауыңды тап дегенде балалар орындарынан тұра сала өздерінің жалауларының айналасына шеңбер құрып тұра қалуы керек. Қай команда бұрын бастапқы қалыптағыдай шеңбер құрса, солар жеңіске жетеді. Көздерін жұмбаған ойыншыларға ескерту жасалады да, екінші рет тағы қайталаса ойыннан шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Соңынан ереже бойынша спорттық ойындар ойнату.

Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Тыныс алу, организмін бастапқы қалыпқа келтіретін жаттығулар жасату.
Жаттығу жасау кезінде терең дем алып, терең дем шығаруды бақылау.

Сабақты қорытындылау
Жіберген қателерін көрсетіп, түсіндіріп, үйден қайталап келуге тапсыру.
Таңғы бой сергіту жаттығуы.

Бағалау: Оқушылардың білімін бағалаймын.
5. Үйге тапсырма беру. Кермеге тартылу. Секіртпемен секіру

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Б. Момышұлы ауылы
№ 29 Александр Герцен орта мектебі
Елеуов Бердібек Нұрланұлы
3 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Салауаттық өмір салтын насихаттау. Күш - жігерін дамыту, жылдамдығын арттыру.
Қозғалмалы ойындар. Сызықтан тартып өткізу ойыны
Қозғалмалы ойындар. Сызықтан тартып өткізу ойыны
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тажекенов Азамат Умирбаевич
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Жоғары және төменгі сөре
Жоғары және төменгі сөре
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×