Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыкалық дыбыс

07 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сабақ жоспары
Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық дыбыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға музыкалық дыбыстың түрлерін. Оның ерекшеліктерін, организмге пайдасын және зиянын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: түрлі аспаптар, видео роликтер, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс қайдан шығады?
3. Қатты шу адам ағзасына қалай әсер етеді?

Жаңа сабақ:
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда авто тербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т. б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфра төменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т. б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.

Сабақты бекіту:
1. Музыкалық дыбыс дегеніміз не?
2. Ол қалай шығады?
3. Қандай музыкалық аспаптарды білеміз?
4. Музыкалық дыбыстың қандай түрлері бар?

Қорытынды:
Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т. б.) кезінде пайда болады.

Үй тапсырмасы:
1. Әр түрлі аспаптарда ойнау арқылы музыкалық дыбыстардың ырғағын бақылау.
2. Қосымша мәлімет жинау.
6 980
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстарды ажырату, дененің тербелу, үйкелу, сығылу және т. б. жағдайлар арқылы дыбыстың шығып жатқандығын оқушыларға түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×