Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми жұмыс "Ұлы даланың көне қаласы- Сауран"

15 қазан 2020, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс

Ғылыми жоба: «Ұлы даланың көне қаласы - Сауран»
Білім алушы: Анарбек Абылмансұр
Жетекшісі: Әжен Эльмира
Шымкент қаласы
Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі
АННОТАЦИЯ
Жұмыста жас зерттеуші Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобалардың бірі «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясындаҚазақстанның 100 сакралды орындары тізіміне енген, құм жұтқан қалалар ретінде анықталған Көне Сауран қаласының орнында қалған белгілерімен оның бөліктері, орналасқан жері мен қаланың тарихы, мәдениеті жайында зерттегені туралы айтады. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныстар жасаған.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
Қазақстаннның 100 сакралды орындары тізіміне енген орта ғасырларық қалалардың бірі көне Сауранға жалпы шолу
ІІ. Негізгі бөлім
Сауран қаласының орны электронды археологиялық карта арқылы нақты орындары белгіленді
Археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі
Түркістан облысының Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи - мәдени қорық мұражайында
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ
Көне Сауран – Қазақстандағы қорғанының орны, дуалдары неғұрлым толық қалпында сақталған әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі. Кезінде Сауранды жаулап алмақшы болған Абдаллах - ханның әскери жорығын (ХVІ ғ. екінші жартысы) суреттеген автор қамал - қала туралы «Сауран қамалы – өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды»,- деп, келтіріп жазған. Аталмыш шайбанилік билеуші және оған дейін басқа да жолы болған және болмаған жаулап алушылар Сауранды (Сабранды) ұлан - ғайыр Дешті - Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған.
Сонымен қатар, соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары нәтижесінде осы қала аумағында шайқалмалы мұнаралары бар медресе, Жұма - мешіт, намазгох мешіті, ханака, қала қақпасы секілді археологиялық маңызды нысандар ашылып жатыр.
Әлемді таңдандырары анық ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға лайықты бұл бірегей қала Қазақстан халқы мен ғалымдарының қызығушылын тудыруда. Енді Қазақстан тарапынан Сауранды Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымына қосып, елімізге аса маңызды да керек тарихи - мәдени мұражайға айналдыру міндеті туып отыр
Сауранның бірегейлігі — оның тұтас сақталуында жатыр. Қазақстан аумағында мұншалық жақсы сақталған ортағасырлық қала жоқ. Сауранның қалың қорғандары әлі күнге дейін жетіп отыр. Медресенің күйген кірпіштен қаланған қабырғалары сол қалпында сақталған. Мұндай тұтастық — сирек кездеседі. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын медресе бөлмелерін араладық. Табалдырықтарынан аттай бергенде баспалдақ басқыштарының басыла - басыла әбден жылтырап кеткені көзге түсті. Орта ғасырда тұрғызылған осындай оқу ордасының сол кездегі құрылысшылардың қолымен күйген кірпіштен қаланған баспалдақтары таң қалдырады. Шәкірттердің табаны тигендіктен қырлы бұрыштары мүжілген. Археологтар абайлап аршып, сол күйінде қалдырған екен. Осылайша, орта ғасырда білім мен ілімнің нұрын шашқан медресенің табалдырықтары бұзылмаған. XXI ғасырдан өмір сүргенмен, XIV - XV ғасырда жүргендей әсерге қалдырады.
Мақсаты:
Көне Сауран қаласының тарихын насихаттау арқылы тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауға әрі көркейтуге үлес қосу
Міндеті
Көне Сауран қаласының тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің археологиялық қазбаларымен танысу;
Сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге пікір білдіру;
«Қасиетті Қазақстан» жобасы - туризмді көркейтудің қайнар көзі ретінде ұсынылған жоба аясында өзіндік идеяларымен таныстыру, ұсыну.
Жұмыстың өзектілігі:
Көне Сауран қаласының орындарын сақтау, құнды мұраларымызды
көркейту. Ұлттық мұраны дәріптеу. Ішкі және сыртқы мәдени туризмнің осы қастерлі мұраларға сүйенуі тиістігін насихаттау.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»атты мақаласында «Туған жер» жобаларының аясында
Соның ішінде Қасиетті Қазақстан жобасы ежелгі тарих кезеңінен сақталып келе жатқан және жоғалып бара жатқан құнды дүниелерді сақтап қалу жолдары еді.
Яғни, оларды қайта қалпына келтіру жұмыстары мен қасиетті жерлерді насихаттау арқылы ішкі және сыртқы туризмді дамыту болатын.
Бұл жобаны іске асыруды бастау алғанда ең алдымен Қазақстанның
100 Сакралды орындарын анықтау керек болды.
«Сакралды Қазақстан» ғылыми - зерттеу орталығы «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында киелі жерлерге электронды карта жасады.
Бірақ археологиялық нысандардың бәрі бірдей қасиетті мәнге ие емес. Отырар, Сауран, Сайрам, Сығанақ бар. Әрине, бірегей тарихи ескерткіштерді тізімге енгізу керек. Бұл – Қазақстанның киелі астаналары. Бұл туралы білу керек, айтылуы керек.. Тізімде жалпы қазақ үшін қасиетті саналатын жерлер де, аты сәл көмескі тарта бас­таған орындар да, тіпті күні ке­ше салынған, тәуелсіздікпен құр­дас ғимараттар да бар.
Мысалы, қазіргі күні Түркістан кішкене қала болғанымен ертеден сақталып келе жатқан үлкен қалалық аймақтың орталығы, Орталық Азиялық Тұран өркениетінің алтын бесігі болды.
https://kk. wikipedia. org/wiki/Түркістан_
Түркістан маңындағы қалашықтардың ішіндегі үлкені Сауран деп есептеледі. Оның жан - жағындағы қамал - қорғанының өзі де еңселі. Қаланың орталығында әдемі құрылыс - әлемнің жеті жұмбағына жататын теңселмелі екі мұнарасы бар - Сауран мешіті. Бұл шығыстық қала салу, құрылыс орнату өнерінде теңдесі жоқ ескерткіш.
Сауран – шамамен 900 жыл
Сауранның кіре берісі
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік - батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Сауран туралы алғашқы деректер 10 - ғасырдағы еңбектерде кездеседі. 13 - ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14 - ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16 - ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Қазіргі кезде Сауран – қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады.
Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт - шығыстан оңтүстік – батысқа қарай 800 м. Солтүстік - батыст оңтүстік - шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10 - ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» - деп жазған.
Сауран мешіті
Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13 - ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14 - ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен.
16 - ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі - ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17 - ғасырдың аяғы мен 18 - ғасырдың басында әлсіреп, 19 - ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.
Сауранның қираған қамалдары
Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған.
ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған.
Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады.
Ол заманнан қалған құрылыстар сирек. Сауран қаласының сыртын ерте заманда қоршаған күйдірген кірпіштен салынған ескі қамалдың іргелері әр жерден көрінеді, оның үстінен хам кірпіштен бертін көтерілген қабырғалар бар. Нияз аталық заманында Сауранды қайта жаңғырту мәселесі хан кеңесінде бірнеше рет көтеріліп еді, бірақ Түркістан атырабында сауда әлсірегелі, Шығыстан Батысқа ағылып жатқан сауда керуендері тиылғалы өндіріс пен қала ғимараттарын салатындай халықтың дәрмені де жоқ, құрылыс өнері де бәсеңдеген. Осы ғаламат қалаға таласып үш жақтап бұхарлық Абдоллах, Ташкенттік Бабасұлтан, қазақтан Хақназар хандар соғыс ашқанда енді қайтып жөнделместей бұзылды. Бұхаралықтар әдейілеп тас атқыш қаруларды алып келіп, қаланы қиратып, кәріздің бәрін құдығымен қосып ағызып жіберді. Орыс халқының өлкетанушысы П. И. Рычковтың жазуына қарағанда қазақ жерінде де біршама зерттеулер жүргізу кезінде «ХҮІІІ ғасыр ортасында Сауранда бар - жоғы 100 үй қалған. Сол сияқты Отырарда да ХҮІІІ ғасырда 50 шақты үй. Түркістан қалаларында үлкен өндіріс жоқ. Қажетті металды маңайдағы кен орындарынан керегінше алады, мыс, қорғасын, қалайыны Сарыарқа даласындағы кен орындарынан қазақтар алып келіп сатады»,- деген.
Сауран үйінің маңдайшасы Сауран үйлеріндегі хауыз, жылыту орындары
Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады.
Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын - жазушы Уәсифи қызыға жазған.
Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген.
Саурандағы көне құдық
Уәсифидің (тәжік жазушысы) айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6 - 7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.
Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
«Сауран қамалы – өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды».
Сауранды жаулап алмақшы болған Абдаллах - ханның әскери жорығын суреттеген (ХVІ ғ. екінші жартысы) автор қамал - қала туралы осылай деп жазған. Аталмыш шайбанилік билеуші және оған дейін басқа да жолы болған және болмаған жаулап алушылар Сауранды (Сабранды) ұлан - ғайыр Дешті - Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған. Үй орындарының, үлкен сарайларының орналасауының сызбаларына қарағанда бұл жердің басқа ескерткіш ретінде сақталған тарихи орындардан ерекшелігі бар. Кейбір ғимараттар орындарының сызбаларына қарағанда ежелгі Бұхара мен Ташкенттің құрылыс нысандарына ұқсап келгендігі көрінсе де Жаңа Сауран – өз алдына ортағасырлық архитектураның жаңа да ерекші үлгілері болып табылады. 1924 жылы шығарылған 5 теңгелік құны бар күміс теңгелер табылған кезінде зерттеулердің қорытындысына қарағанда ХХ ғасырдың 30 - шы жылдарына дейін бұл қалада тіршілік тоқталмағандығы айқын. Бұл Совет дәуіріндегі ең алғашқы теңгелердің бірі болған. 50 - 60 жылдары жергілікті мал бағушылар бұл орындардағы кең қорғандарды жазғы жайылым мен қашар ретінде қолданған. Оның дәлелі ретінде кейінгі зерттеулер мен қазба жұмыстарында айқын көрініп тұр.
Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады.
1994 жылғы «Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №636 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы қорғау аймағы 50 га.
Тарихи жазбалардағы деректерге қарағанда Көне Сауран қаласының үш рет көшіп, қонысын жылжытқаны анықталған. Оның біріншісі Қаратөбе - Сауран, екіншісі – Сауран, үшіншісі – Жаңа Сауран.
Қаратөбе – Сауран бұл қабырғалары өз алдына ерекше таңбаланған қалқан тәрізді үш сатылы қиыснсыз бес бұрыштың үлгіде көрініс тауып тұрған төбе. Оның дарбазаларының орны солтүстік, солтүстік – шығыс, оңтүстік – шығыс және батыс тұстарында сақталып қалған.
Қаланың тарихын біліп, іздену мақсатында бірінші археологиялық қазба жұмыстарын Александр Натанович Берштаймның (совет археологы) басқаруымен бұған дейінгіОңтүстік Қазақстан облысының археологиялық эспедициясы жүргізген. Сол кезде VІ - VІІІ ғ. жайындағы деректерге сүйене отырып, жергілікті жердің планы көзбен шолу арқылы сызылып дайындалған. Бұл туралы қазба жұмыстарында көптеген деректер келтірілген. XIV - XVIII ғғ. тұсында айтылған кейінгі деректердің барлығы XIVғ.- да құрылымдалған Сауран туралы болып келеді. 1987 ж. сауалнамаларға жауап іздеу барысында Сауранның оқшауланған жерлерін Карл Молдахметұлы Байпақовқа (совет археологы, ҚР ғылыми академиясының академигі) осы деректерге толықтыруға септігін тигізді.
Сауран – солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан көпбұрышты және көпқабырғалы жер көлемі көне қала. Қала ішінде екі дарбаза болған. Бірінші қазба жұмыстарынан кейін, қайта қазба жұмыстарын жүргізу барысында қаланың ертеғасырдағы және ортағасырдағы орындары анықталғандығы айтылады. 1999 жылы Түркістан археологиялық экспедициясы суретке түсіру арқылы сызбалар жасалып, ескі теңгелер табылғандығының арқасында жаңа деректермен толықтырылды.
Жаңа Сауран - бұл барлық деректердің жиынтығын әрбір экспедиялық жұмыстардың жаңалықтарымен толықтырыла отырылып анықталған орын. Соған қарағанда ең соңғы қалдықтардың орны болуы керек. Жер көлемі «О» әрпінің жазылуына ұқсас болып келеді. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда қазіргі таңдағы қирап қалған қорғанның қалдықтары Жаңа Сауранның солтүстік бөлігі делінеді.
Қорытынды
«Қасиетті Қазақстан» жобасы - туризмді көркейтудің қайнар көзі
Әлемді таңдандырары анық ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға лайықты бұл бірегей қала Қазақстан халқы мен ғалымдарының қызығушылын тудыру - да. Енді Қазақстан тарапынан Сауранды Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымына қосып, елімізге аса маңызды да керек тарихи - мәдени мұражайға айналдыру міндеті туып отыр...
Мұндай тылсымға толы тарихи өңірлік ескерткіштер неше ғасыр өтсе де кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқан әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болып қала бермек. Сондықтан жаhандану бізден әлі көп зерттеулерді қажет етеді.
Сонымен қатар киелі орын­дардың сұлба - бейнесін 3D сканерлеу арқылы цифрландыру ісі қолға алынуда. Қазақтың жалпақ тілімен айтсақ, бұлай жасау арқылы нысанның қазіргі бейнесін сақтап қала аламыз. Алда - жалда оның бір жері бүлін­се, цифрланған нұсқасына қарап қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Бірқатар туристік компания­лар бейнеролик­терді шетелдік саяхатшылар­ға жібе­ріп, елдегі киелі нысан­дары­мыз­ды оларға таныстыруда.
Осы тұста менде зерттеулерге сүйене отырып, аздап болса да өлкетану аясындағы жасалынып жатқан бірқатар жұмыстарға өз үлесімді қосқым келген мақсатта туризмдік орын ретінде көне Сауран қаласының жаңа жобасын ұсынғым келіп отырмын. Бұл жобада қаланың кіре беріс қамалымен қоса айнала қоршалған қорғандары көрсетілген. Қалаға бару жолында ең алдымен Түркістан орталық қаламыздан жол тартамыз. Көне Сауранның қорған ішіндегі алаңдарда біршама демалыс аймақтары мен шығыс архитектуралық үлгілеріне сүйеніп, ғимараттар үлгісін орнаттым. Оған қоса, көгалдандыру жұмыстары қарқынды іске асырылған жағдайда қаланың көрінісі өзіндік ерекшелігі бар аймаққа айналатындығы сөзсіз деп, ағаштар мен гүлдерді қондырдым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
М. Тұяқбаев
«Әзірет - Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық мұражайы
«Түркістан өңіріндегі көне қалалары мен елді мекендеріне тарихи
әуе - ғарыштық түсірім жүргізу және дамыту жолдары»
Е. Смағулов Түркістан қаласының археологиялық экспедициясы
«Көне Сауран» 2010ж
«Айқын» газеті 02. 10. 2018ж
Ғаламтордан алынған қосымша мәліметтер

6 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Конспект Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның
Мұражай - жәдігерлер мекені
Мұражай - жәдігерлер мекені
Біз, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 5»е» сыныбының білім алушылары ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Египетте дамыған ғылыми білімдердің түрлері жайында анықтап біледі.
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×