Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оғызнама - Сыр бойында туған шығарма

05 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: «Оғызнама» - Сыр бойында туған шығарма»
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Әдебиет

Мазмұны
Кіріспе
Ғасырлар қойнауынан сыр тартсақ
Шығарманың ішкі құпиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
«Оғызнама» шығармасы түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасы екені баршаға аян. Сол түркі тектес халықтар, Оғыз қағанның тілімен айтқанда - дүниенің төрттен бір бөлігіндей жерді жайлаған ғой. Сонда бұл дастан әлгіндей ұланғайыр жердің қай жерінен келген? Бұл әлі шешілмеген жұмбақ.

Екінші, осы «Оғызнама» шығармасы қай дәуірде туған асыл мұра? Үшінші, «Оғызнама» дастанын бірсыпыра зерттеушілер «аңыздық дүние» деумен келеді. Неге бұлай бұрмаланып айтылады? Төртінші бұл дастан негізінен бүгінгі ұрпаққа ауызша жеткен бе, әлде жазбаша түрде түскен бе, кезінде хатқа түскен бе? Бесінші, сол дүниені эпостық шығарма деп айта аласыз ба? Алтыншы, «Оғызнама» дастанындағы Оғыз қаған деген кім, тарихи тұлға ма, әлде аңыздық кейіпкер ме? Жетінші, осы дастанның негізі арқауы – Оғыздар қайдан шыққан, олардың өмір сүрген жері, заманы қайсы? Міне, осылай тізбектелген өзекті сұрақтарды тіркей беруге болады.

Бірақ, осы сауалдардың көбіне қазіргі таңға дейін әлі тұжырымды, толық жауап қайтарылған емес. Адалына көшсек, «Оғызнама» дастаны түркі тілдес халықтардың мұрасы екенін шет ел ғалымдары ашып, айтып берді. Осы зерттеу еңбекке ғылыми түрде жауап қайтаруды мақсат еттік.

Сонымен бірге «Оғызнама» дастанының қазақ әдебиетіне, соның ішінде қазақ эпосына ықпал қоса қарастырылады. Екінші «Оғызнама» дастаны Сыр бойында туған дүние екенін дәлелдемекпіз. Олай болса, бұл ескі асыл мұраның осы өңір ақын - жырауына қандай ықпал болған?
Осы мәселенің сырын ашуды негізінен назарда ұстадық. Бұл бағытта көздеген мақсатқа жетуде біраз еңбектенуге тура келді. Өйткені, Сыр бойында жүзге жуық ақын - жыраулар өмір сүрген. Осы кезге дейін солар жасаған асыл мұралар жинақталып, зерттеліне қойған жоқ.
Әдебиет зерттеушілер мына өңірде жыр төккен соншама ақын - жыраулардың үш - төртеуінің ғана шығармаларын жинақтап, жарыққа шығарды. Қалғандарының өздерінің де, асыл сөздерінің де қайда қалғаны беймәлім. Кейде сол арқылы аруақтардың сүйегін басып тұрған жоқпыз ба деп зәре қалмайды. Олай жасасақ имангершілігіміз, адамгершілігіміз, ата - баба дәстүрін сақтағанымыз қайда? Осындай зәру мәселелерді қоса шешу ниетімен бұл өңірде ғұмыр кешкен ақын - жыраулардың бірталайының артында қалдырған әдеби мұраларын ел аузынан жинастырып, сосын «Оғызнама» дастанымен салыстыра зерттеп, баға беруді мақсат тұттық.

«Оғызнама» эпостық шығарма екенін дәлелдеу барысында, мұның өзге нұсқалары - Әбілғазының «Түркімен шежіресі» және «Түрік шежіресі»

шығармаларының мәнін ашу да назарда болды. «Оғызнама» дастанына жан - жақты талдау жасарда негізінен мұның Париж қаласындағы нұсқасы басты назарда ұсталды.

Осы әдеби дүниені оқығанда көп нәрсенің сыры ашылады. Бұл Париж нұсқасы – көне ұйғыр әрпімен жазылған. Шығарма 21 парақ, 42 беттен тұрады. Әр бетте 9 жолдан бар. Сол мөлшерге дәл жеткенде сөздің аяқталуына қарамай келесі цикл басталады. Сөйтіп, барлығы 42 цикл құрайды. Және бір ерекшелік – «Оғызнама» шығармасының алғашқы беттерінде өгіздің, мүйізтұмсықтың суреттері салынған.

Бұл Париж нұсқасы - әдеби шығарма деп табылды. Сол дастанның құрылысы 732 жылы жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларын еске түсіреді. Соған сәйкес, «Оғызнама» дастанының көркемдік ерекшеліктері де ерекше қызықтырып, сол орайда аз - кем сөз қозғалады. Осы айтылған мәселелерге қоса сөз арасында мынандай – ежелгі әдеби мұраларды игерудегі толғақты жәйттер қоса әңгіме етілді.

«Оғызнама» дастаны жан - жақты зерттеуді аса қажет етіп отырған ежелгі мәдени мұраның бірі. Бұл еңбекте сол мақсатқа жетуге кішкентай болса да үлес қоссақ – адамгершілік парыздың орындалғаны.

Ғасырлар қойнауынан сыр тартсақ
«Оғызнама» дастанының дүниеге келген жері, дәуірі әлі жете зерттелінбей, сөз арасында ғана айтылумен шектелуде. Сол олқылықты толтыра түсудің бірден – бір жолы - әлгі шығарманың туған жерін анықтап, сондағы оқиғаны бұл туынды дүниеге келген ортаның тарихи жағдайымен салыстыра зерттесе нақты шындықтың беті ашылады. «Оғызнама» шығармасының дүниеге келген жерін, дәуірін, мұның қандай туынды екенін және көркемдік дәрежесін, өзге де ашылмаған сырларын танып – білу үшін әуелі осы дастанның мазмұнына қысқаша тоқталып өтелік. Сонда көздеген мақсатқа жету жолы аз – кемдеп айқындала түседі.

Күндерде бір күні Ай қағанның көзі жарық етіп ашылып, ер бала туады. Осы ұл анасының көкірегінің уызын татып көріп, одан кейін ембейді. Ол әр түрлі дәм – тағам жеп, қырық күнде жүріп, тез арада ерекше тұлғалы жігіт болып өседі. Сол жерде ормандағы бір әйдік мүйізтұмсық әрдайым жылқыны, адамды жеп халықты қатты қайғыға ұшыратады екен. Ер жүрек Оғыз қаған ақырында оны өлтіреді. Әлгі мүйізтұмсықтың етін жеген сұңқардың да көзін жояды.

Тағы бірде Оғыз қаған тәңірге жалбарынады. Содан айналаны қараңғылық басқанда көктен бір жойқын жарық түседі. Оғыз қаған арнайы барып қараса – басында оттай жарқыраған меңі бар аса сұлу қызды көреді. Оғыз қаған соған үйленеді. Ол үш ер бала туады. Олардың біріншісіне Күн, екіншісіне Ай, үшіншісіне Жұлдыз деп ат қояды.

Бірде Оғыз қаған аңға шыққанда айналадағы көл ортасындағы үлкен ағаш қауашағында жалғыз отырған бір сұлу қызды көреді. Оған ғашық болады. Екеуі қосылып, үш ер бала көреді. Бұлардың біріншісіне Көк, екіншісіне Тау, үшіншісіне Теңіз деп есім береді. Солардың құрметіне Оғыз қаған үлкен той жасап, ел – жұртқа жарлық беріп «Міне, мен сендерге қаған болдым, жақ пен міне қалқан алыңдар, біздің таңбамыз береке болсын, ұранымыз көк бөрі болсын. Темір сүңгілеріміз орман болсын» дейді. Сосын тағы да «Күн туымыз болсын, Көк шатырымыз болсын» дейді де Оғыз қаған төрт жаққа жарлық жазып, елшілер арқылы таратады. Онда ол өзін дүние жүзінің төрт бөлігінің қағаны болатынын, осы талабын қабылдағанмен сыйласып, тату – тәтті тұратынын, ал бұл тілегіне қарсылық білдіргендерге соғыс ашып талқандайтынын білдіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 161
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
Оғыз - нама жырын талдау
Оғыз - нама жырын талдау
Әдеби – теориялық білімдерін арттыруға, кейіпкердің ой - түйіндеулерін, іс - әрекетін тауып, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілетін жетілдіру.
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны туралы мағлұмат беру, дастанның тақырыбы мен идеясын ашу, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлер іс - әрекетіне баға беру.
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» тарих пәні мұғалімі Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
«Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
«Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×