Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лабиринттен шығу

15 желтоқсан 2022, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Қысқа мерзімді жоспары
БөлімРобототехника.Лабиринт және кегельринг.
Педагогтың аты-жөні
Күні
Сынып: 4Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы:Лабиринттен шығу.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: 
«Лабиринт» ұғымы туралы анықтама береді
Көптеген оқушылар:
ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы  лабиринттен шығу программасын жасайды
Кейбір оқушылар:
роботты жүргізеді
ЕБҚ бар  балалар үшін -Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту
-Көруінде кемістігі бар балаларды  ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру(  практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)
  • Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақытПедагогтың әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Сабақтың басы1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Сендер саябақта орналасқан ойын алаңдарында, компьютерлік ойындар барысында түрлі өткелдерден өтіп, таңғажайып оқиғаларға кездесіп жүрсіңдер. Мұндай өткелдерден өту сендерге қаншалықты қиын болса да, жол тауып шығу- дұрыс мақсатқа жетудің дәлелі. Бұндай түрлі жолдар мен өткелдерді лабиринт деп атауға болады.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Сабақтың ортасыЖаңа тақырыпты түсіндіру.
Лабиринт- түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген, шатасқан, күрделі құрылым. Лабиринт әртүрлі болып ұсынылуы мүмкін. Лабиринттен өтудің мақсаты—шытырман бағыттардан, кедергілерден өтіп, дұрыс жол тауып шығу.Лабиринттің күрделілігіне байланысты шығудың бір немесе бірнеше жолы болуы мүмкін. Бірнеше жолы болған жағдайда ең тиімді тәсілді таңдаған дұрыс.     Программалық ойын арқылы адаспай, лабиринттен тез шығуға болады.
Роботты лабиринт арқылы өткізу робототехникадағы түрлі жарыстарда ойнатылады. Роботты лабиринт арқылы жылжытып, оны лабиринттен шығару үшін қалай әрекет ету керектігін мұқият ойластырғанымыз жөн. Лабиринт жобасын жасау үшін бізге ультрадыбыс датчигі қажет. Ол роботтың алдында қабырғаның бар немесе жоқ екендігін және осы қабырғаға дейінгі қашықтық қандай екендігін анықтайды.
Көрсетілім. 
Ультрадыбыс датчигін пайдаланып, лабиринттен шығу программасын жасап, роботқа жүктеп көрейік.
1-тапсырма.
Оқулық, 59- бет, «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескриптор:
-ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы лабиринттен шығу программасын жасайды;
-программаны роботқа жүктейді;
-роботты жүргізеді.
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі
2-тапсырма. 
Оқулық, 60-бет, «Ой бөлісейік» тапсырмасы.
Дескриптор:
-лабиринттен шығуды жолды табады.
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды

Робот
Сабақтың соңы1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: 
Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»
Сары түс -  “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” 
Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»
Өзін-өзі бағалау. 
Плакат слайд 
Үй тапсырмасы§ 13, жұмыс дәптері 25-26-бет 



Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№33 "№33 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абакова Сауле Бейсембевна «Информатика» пәнінін мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
2 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түс датчигі
Түс датчигі
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: «Датчик» ұғымы туралы анықмамасын біледі Көптеген оқушылар: Lego Mindstroms Educftion EV3 программасын іске қосады Кейбір оқушылар: - түс датчигін орнатады, программаға жүктейді
Ультрадыбыс датчигі
Ультрадыбыс датчигі
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Ультрадыбыс датчигінің негізгі қызметін біледі Көптеген оқушылар: Ультрадыбыс датчигін қолдана алады Кейбір оқушылар: Ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы бағдаршам - робот жасай алады
Ультрадыбыс датчигі. Жоба құру
Ультрадыбыс датчигі. Жоба құру
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Lego Mindstorms Education EV3 программасын іске қосады Көптеген оқушылар: программаға қажетті блоктарды таңдап алады Кейбір оқушылар: ультрадыбыс датчикті қолдану арқылы роботты жүргізеді
Бағдаршам-робот
Бағдаршам-робот
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Түс датчигінің негізгі қызметін біледі Көптеген оқушылар: Түс датчигін қолдану арқылы бағдаршам - робот жасай алады Кейбір оқушылар: дайын роботты іске қоса алады
Лабиринт, виртуалды лабиринттен шығатын жолды табу
Лабиринт, виртуалды лабиринттен шығатын жолды табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 3. 2. 3 - орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру 5. 3. 2. 2 - алгоритмді сөз түрінде ұсыну
Информатика күнтізбелік жоспар 5-7 сыныптар
Информатика күнтізбелік жоспар 5-7 сыныптар
Информатика күнтізбелік жоспар 5-7 сыныптарға. Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады? Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×