Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түс датчигі

15 желтоқсан 2022, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Қысқа мерзімді жоспары
БөлімРобототехника.Лабиринт және кегельринг.
Педагогтың аты-жөні
Күні
Сынып: 4Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы:Түс датчигі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары4.5.1.1 түс датчигін қолдану
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: 
«Датчик» ұғымы туралы анықмамасын біледі
Көптеген оқушылар:
Lego Mindstroms Educftion EV3 программасын іске қосады
Кейбір оқушылар:
-түс датчигін орнатады, программаға жүктейді
ЕБҚ бар  балалар үшін -Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту
-Көруінде кемістігі бар балаларды  ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру(  практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)
  • Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақытПедагогтың әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Сабақтың басы1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
 Роботтар-қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына еніп үлгерді.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Сабақтың ортасыЖаңа тақырыпты түсіндіру.
Робот- тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы.
Lego Mindstroms Educftion EV3- негізгі оқу-жаттығу роботы. Lego Mindstroms –программаланатын роботтарға қолданатын құрастырғыш құрылғы.
Датчик- әртүрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.
Электронды датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтер кіреді. Датчиктер қызметіне қарай жанасу датчигі, ультрадыбыс датчигі, гироскопиялық датчик, түс датчигі деп, 4 түрге бөлінеді.
Жанасу датчигі- батырманы басылғаның немесе басылмағаның дәл анықтайтын құрал.
Көрсетілім. Презентация.
Түс датчигі- түс немесе жарық жарықтылығын анықтай алатын сандық құрал. Түс датчигіндегі Түс режимі 1см қашықтықтағы нысандардың 7 түрлі түсін және жарықтың деңгейін анықтай алады. Егер элемент датчиктен шығарылса немесе элементтің түсі дұрыс анықталмаса, датчик осы түс туралы «Түссіз» 0 деп хабарлайды.
Түс датчигінің негізгі қызметі- түстерді анықтау, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшеу.
Түс датчигі үш режиге ие:
  • Түс режимі
  • Шағылысқан жарық жарықтылығы режимі 
  • Сыртқы жарық жарықтылығы режимі.
Нұсқаулық → Конструкторлық идеялар →Қозғалтқыш платформа
1-Тапсырма. Оқулық 41-бет, «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескриптор:
- Lego Mindstroms Educftion EV3 программасын іске қосады;
-нұсқаулыққа сүйене отырып, роботты құрастырады;
-түс датчигін орнатады, программаға жүктейді.
ҚБ: «Смайлик» әдісі
Мұғалімді тыңдайды
Датчик ұғымы туралы анықтамасын жұмыс дәптерге жазады
Презентациямен танысады
Тапсырманы орындайды
Смайлик Интербелсенді тақта / компьютер
Жұмыс дәптері
презентация
Сабақтың соңы1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Смайлик»
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды
Өзін-өзі бағалау. 
Слайд / плакат
Үй тапсырмасы§ 9,  жұмыс дәптері 19-20-бет



Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№33 "№33 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абакова Сауле Бейсембевна «Информатика» пәнінін мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
4 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Лабиринттен шығу
Лабиринттен шығу
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: «Лабиринт» ұғымы туралы анықтама береді Көптеген оқушылар: ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы лабиринттен шығу программасын жасайды Кейбір оқушылар: роботты жүргізеді
Ультрадыбыс датчигі
Ультрадыбыс датчигі
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Ультрадыбыс датчигінің негізгі қызметін біледі Көптеген оқушылар: Ультрадыбыс датчигін қолдана алады Кейбір оқушылар: Ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы бағдаршам - робот жасай алады
Ультрадыбыс датчигі. Жоба құру
Ультрадыбыс датчигі. Жоба құру
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Lego Mindstorms Education EV3 программасын іске қосады Көптеген оқушылар: программаға қажетті блоктарды таңдап алады Кейбір оқушылар: ультрадыбыс датчикті қолдану арқылы роботты жүргізеді
Бағдаршам-робот
Бағдаршам-робот
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Түс датчигінің негізгі қызметін біледі Көптеген оқушылар: Түс датчигін қолдану арқылы бағдаршам - робот жасай алады Кейбір оқушылар: дайын роботты іске қоса алады
Роботтар әлемі
Роботтар әлемі
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×