Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жерімнің табиғаты

08 мам 2014, Бейсенбі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғат туған жер атамекен ұғымдарына байланысты түсініктерін кенейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға туған өлке, оның байлығы туралы түсінік беру. Етістіктің түрлері тани білу, дұрыс анықтау дағдыларын дамыту.
2. Сөйлеу, сұрақ құру, әңгіме құрау дағдыларын дамыту. Сабақта белсенділікке, жауапкершілікке баулу.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу, аялауға үйрету.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:, түсіндіру, әңгімелесу, диалог, синквейн
Жұмыс формалары: Топтық, ұжым, жұмыс,
Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, флипчарт, ережемен карточка, суреттер.
Қолданылған модульдер: АКТ; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасылық
Пәнаралық байланыс: география
Күтілетін нәтиже:
- Туған жер туралы өз ойларын жеткізеді
- Етістіктің түрлерін анықтайды, ажыратуын біледі.
- Топта, жұмыс істеу қабілеттерін арттыра алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;
- Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр, олармен амандасайық..
Тренинг.
Ортаға шығайық. Бір біріне жақсы тілек айтайық

Оқушылар арасында диалог «Қыс туралы».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге не берілді? - Арнай тапсырма кім орындады?
III. Мотивациялық кезең
- Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан.
- Қазақстан қай құрлығында орналасқан?
- Жер көлемі неше шаршы километр?
- Оның қанша пайызы өзен, көл, теңіз?
- - Біз қайда тұрамыз?
IV. Жаңа тақырып.

- Ал бүгін сабақта Қарағанды облысы туралы сөйлесейік.

Сабақтың тақырыбың, мақсатын, күтілетін нәтижесін анықтаймыз.
- Балалар, бүгін біз сабақта «Туған жерімнің табиғаты» мәтінімен жұмыс істейміз, біздің өлкенің табиғаты туралы әңгімелесіміз, жаңа сөздермен жұмыс істейміз, етістіктің түрлері ережесімен танысамыз.
Мақсаты:
Не білуіміз керек?
Не үйренуіміз керек?
Бүгін сабақта «Туған жерімнің табиғаты» туралы айтып үйренеміз. Етістіктің түрлерін ажыра алу
.
Критерий: «Туған жерімнің табиғаты» мәтіні туралы айта аламын.
Етістіктің түрлері ережесін айта аламын
Етістіктің түрлерін ажырата аламын.

Жаңа сабақтың барысы.

IV. Сөздік жұмыс.
айнала - кругом
жазықтар - равнины
біраз бөлігін - большую часть
көктерек - осина
бұлан - лось
мекендейді - обитает
астық - пшеница
балыққа бай - богат рыбой
мақтаныш - гордость
көркейтуге көмектесемін - украшать и охранять
сол себепті - по этой причине
қымбат - дорогой
сүйемін - люблю

1. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
2. Осы сөздерге дифинирование жасап, мағыналарын түсіндіру.
- сөздерді жест бойынша көрсету
- сөздерді жауып, жест бойынша еске түсіру,

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.

V. Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді оқып, аудару. Дарынды оқушы мәтін бойынша сұрақтар құрайды.

Туған жерімнің табиғаты

Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала қалын орман, жасыл жазықтар. Біраз бөлігін ормандар алып жатыр: бұл қарағай, ақ қайыңдар, көктеректер. Ормандарында бұлан, қоян, түлкілер мекендейді. Ауылдың айналасында балыққа бай көлдер орналасқан. Бұл Глубокое, Дёмкино, Курейное. Біздің жеріміз астығы мол өлке.
Ауа райы жазы - ыстық, қысы - суық, аяз. Жазда жаңбыр жиі жауса, қыста көп қар жауады.
Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.
Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге көмектесемін.

Дарынды оқушы сұрақтар оқып оқушылар жауап береді.
ТДО мәтіннің мәнерлеп оқуын дайындалып отырады.
2 тапсырма. Диалог құрып, қорғау. Таблицадағы сұрақтар бойынша. Толтырылған кестелерін топпен талдау, презентация жасау (бірін - бірі бағалайды) (2+3 мин)

1 - топ. Критерий: 1. артистік...
Сұрақтар жауаптары етістіктер
Туған жерімнің табиғаты қандай?......
Ормандарында не бар?......
Налобинда қандай көлдер бар?......
2 - топ.
Сұрақтар жауаптары Етістіктер
Налобинда қандай ағаштар өседі?......
Ормандарында не мекендейді?......
Жазда не жауады?......

3 - топ.
Сұрақтар жауаптары Етістіктер
Ауа райы қандай болады?......
Ормандарында не мекендейді?......
Қыста не жауады?......

3 тапсырма: Ережемен жұмыс
Оқушыларына ережемен карточка беріледі презентация жасау.

Етістік - заттың іс әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істейді? Не қылды? Қайтті?
Тұлғасына қарай: негізгі етістік, туынды етістік
Негізгі етістік - сөздің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, жүр
Туынды етістік - түбір етістікке жұрнақ жалғану арқылы. Мысалы: жу - ын,
Құрамына қарай: дара етістік және күрделі етістік.
Дара - бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: баста, аяқта
Күрделі - кемінде екі сөздің тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: келіп отыр, жазып тұр

Міндеті:
Карточкадағы ережені оқып, түсініп. Жауабын бір біріне түсіндіріп, флипчартта көрсетіп, қорғау.

Критерий: ереже толық, дұрыс айту
Түсінікті, жинақы болу керек
Ауызша айтылу
Мысалдар келтіру
Бағалау: Бағалау қағазына топтың мүшелері бір біріне баға қояды.
- Балалар қазір «Светофор» арқылы түсініктерін көрсете аласыңдар.
Жасыл светофор - ереже түсінікті.
Сары светофор - түсінікті, бірақ мұғалімнің көмегі керек.
Қызыл светофор – ереже түсініксіз
(Жасыл, қызыл көрсетсе алсаңыздар келесі сабақта коррекция сабағы өткіземіз)

VI. Ой толғаныс
Рефлексия.
- Балалар бес жолды өлең не дейді?
- Ол қандай өлең, онда не бар?
- Әр топқа бір сөз беремін, осы сөзге сендер бес жолды өлен құрайсыңдар.
- Кім тез, әдемі өлең жасайды.
- Сабақта не істедік?
- Мақсаты орындалдық па?
- Қиын жұмыс болды ма?
- Не ұнады?
- Андреймен жұмыс істегенде ұнады ма?

VII. Үй жұмысы: сөз жаттау, «3»- ереже, «5»- мысал жазу,
Бағалау парақтары бойынша оқушыларға ортақ баға қою.
13 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Туған жердің ыстығы - ай
Туған жердің ыстығы - ай
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×