Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбділда – Сыр елінің перзенті

24 қыркүйек 2015, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбділда – Сыр елінің перзенті
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен «Сырдария»өлеңінің мазмұнын, ақынның айтар идеясын оқушыға таныту.
білімділік: ақын өлеңіндегі сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау, сыр өңірі туралы мағлұматтар беру.
дамытушылық: тарихи - әдеби білімдерін кеңейту, шығармашылық. ізденімпаздық қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасай алуын дағдыландыру.
тәрбиелік: Отанын, туған жерін сүюге, қадір - қасиетін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: «Ой қозғау» стратегиясы, мәнерлеп оқу, сатылай өлең құрылысына талдау
Сабақ формасы: ұжымдық
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, ән сабағы, геометрия
Көрнекілігі: хронологиялық кесте, Ә. Тәжібаевтың кітаптары, суретті бүктеме, Қазақстан географиясының картасы, плакат, интерактивті тақта, толқынды теңіздегі кеме, Сырдария суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сабаққа әзірлік
Б) сабақтың мақсатын айту
Сабағымыз толқындағы кемедегі тапсырмаларды орындау арқылы өтеді. Қалайда асау толқынға берілмей жағаға шығуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар, өткен сабағымызда Қ. Аманжоловтың өлеңдерімен таныстық. Сондағы Абдолланың Отанына, еліне деген ыстық ықыласын оқып танысқан болатынбыз. Сол сабақ пен бүгінгі сабағымызды ұштастыру барысында үйге туған жер жайлы шығармашылық жұмыс берілген болатын.
Оқушылардың жұмысы оқылады.

ІІІ. «Ой қозғау» стр. «Туған жер - тұғырың», туған жер неге ыстық? (оқушылар өз ойларын айтады)
Қызығушылығын ояту.
Жаңа өздеріңіз айтқандай әркімнің туған жері өзіне ыстық. Қандай ақын - жазушы болмасын туған жерін жырламай өтпеген.
Бүгінгі сабағымызда Сыр елінде туған Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және өлеңімен танысамы

ІҮ: «Ізденген жетер мұратқа» (картамен жұмыс)
- картадан Сырдарияны кім көрсетеді?
Сырдария туралы мәлімет беріледі.
Сырдария өзені Қазақстан шеңберінен тысқары жатқан Орталық Тянь - Шан тауларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 2219 км. Өзен желтоқсан айы басында қатып, наурыз айы аяғында ери бастайды. Сырдария бойында ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған ірі мәдени ошақтарының бірі. Өзенде бекіре, ақмарқа, қаяз, табан, жайын, сазан т. б. балықтардың түрлері бар. Небір қиын заманды басынан өткерген қарт сырдарияға қазақ ақыны Ә. Тәжібаевта бас иген екен.

Ү. Әбділда – Сыр елінің перзенті.
Хронологиялық кесте.
1909 ж – Қызылорда облысында дүниеге келеді.
1928 ж – алғашқы өлеңдері жарық көреді.
1929 ж – ҚазПИ - дің әдебиет факультетін оқиды
1934 ж – «Жаңа ырғақ» өлеңдері жарық көрді.
1930 ж – 1940 ж – сыршыл лирик ретінде кеңінен танылды.
1940 жылдан драматургиямен айналысты. «Жүректілер» пьесасы кітап болып шықты. «жомарттың кілемі»пьесасы Венгр, Румын елдері театрларында қойылды.
1954 ж – «Жамбыл» киносы түсірілді.
1960 ж – «Портреттер», «Монологтар», «Ақын», «Майра» т. б. поэмаларын, «Өмір және поэзия» шығармасын жазды.
Қарсақбайдағы «Қызыл кенші» газетінің орынбасары, Қазақ СССР ҒА - ның М. Әуезов атындағы әдебиет өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ СССР жоғарғы Советінің депутаты, Республика Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі, Қазақ ССр - ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2 рет Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдарымен наградталған. 1998 жылы 88 жасында өмірден өтті.

ҮІ. «Сөз – жібек жіп, ой - кесте». Өлеңді жатқа оқып беремін.
Оқушыларға «Алма - кезек оқу» әдісімен оқыту.
Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы түсінік. Өлең жолдарынан ақынның туған жерге, елге деген сағынышын табу.
Ана деген кім? Ана мен туған жерді салыстыру.
Ана туралы, туған жер туралы мақал - мәтелдер айтқызу.
Әдебиет теориясынан түсінік беру. Параллелизм.
Математика ғылымында екі кесінді параллель сызықтар деп аталады. Сондай - ақ әдебиет теориясында да параллелизм термині ақынның ішкі көңіл - күйі, яғни лирикалық қаһарманның және табиғат лирикасы болып үндесуі.
Автордың көңіл - күйі: Білем сені, сүйем сені
Табиғат лирикасы: Сыр сұлуы қарт анам
Кейіптеу шығармада жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу, троптың бір түрі.
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншақ қыс келді де,
Сүйді жаз әбден беріле. Сілтеді суық қанжарын.
Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де,
Өзінің жылы жеріне. Қалдырып кетті жан жарын (Ә. Тәжібаев)

ҮІІ. Қазақ тілі. Іздендіру жұмыстары.
Жыр жолдарынан жалқы есімді табу, олар қай ұлт өкілдері
Тарас - Днепр
Пушкин – Еділ
Гейне – Рейне
Әбділда – Сырдария
Тарас Григорьевич Шевченко (1814 - 1861) Украйна халқының көрнекті ақыны, суретші, қоғам қайраткері.
А. С. Пушкин (1799 - 1837) орыс халқының ұлы ақыны, орыс әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының адал ұлы.
Генрих Гейне (1797 - 1856) ұлы неміс ақыны.
- «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Анаға ұқсас ұғымды қалай білдірген.
Ақынның еліне, жеріне, Сырдария өзеніне деген сүйіспеншілігін өлең жолдарынан табу.

ҮІІІ. Өлеңді талдау.
Төрт тармақты шумақ
8 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді.
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру
Мағжан Жүмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жүмабаев «Түркістан» өлеңі
Өлеңнің көркемдік идеясымен таныстыру, тақырыбын ашу, ақын өлеңін ел тарихымен тұтастықта қарастыру. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен дәлелдеуге жаттықтыру, өлең талдау дағдысын, өлең оқу
Толағай
Толағай
Сабақтың тақырыбы: Толағай
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×