Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астанаға саяхат. Сын есім

04 қазан 2015, Жексенбі
СҚО, Петропавл қаласы,
№9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Амирина Ляйля Бауыржанқызы

Қазақ тілі 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Астанаға саяхат жасау арқылы оқушыларды бас қаламызбен толығырақ таныстыру.
Сабақтың міндеттері: әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздердің мағыналарына қарай қолдануға үйрету, сөздік қорын дамыту. Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кәртішкелер, слайдтар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Сыныпты түгендеу
Психологиялық дайындық

2. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы «Адасқан әріптер» ойыны арқылы ашылады.
Ойын слайд түрінде беріледі
«ТАНАСА»
Деген сөзден «Астана», деген сөз шығады

3. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: мұғалім өз - өзін экскурсовод ретінде таныстырады.
Слайдта пойыздың суретті беріледі. Балалар ғажайып пойызға отырып, саяхатты бастайды

1) «Сөз сарайы бекеті» Сөздік жұмыс
Жаңа сөздер сурет арқылы беріледі.
Оқушылар сөздерді суреттермен сәйкестіндіріп, жаңа сөздермен танысады
- Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрылады
- Сөз тіркестері зат есім+сын есім болу қажет
Мысалы: әдемі гүлзар
- Грамматикалық тақырып ашылады
2) Топтық жұмыс
1 топ
Сұрақ: Астана қандай қала?
әдемі, керемет, таңғажайып т. б.
2 топ
Сұрақ: Астанада қандай адамдар тұрады?
Сыйлы, әдепті, ақылды т. б.
2) Сын есімнің туынды, негізгі түрлерін ажыратып таныту үшін

Слайдта Венн диаграммасы беріледі
Сын есімдер

• Негізгі сын есімдер → Түбір сын есімнен жасалады
• Туынды сын есімдер → Жұрнақ арқылы жасалады


4. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтіндегі суреттерді атау арқылы, негізгі мазмұның түсінеді
«» - Қазақстанның басты қаласы.
Қазақстанның «4» астанасы болды.
Астана Есіл «» бойында орналасқан.
Астанада әдемі, ғажайып, биік, зәулім «» көп.
Орталық алаңда әр түрлі «» көп.
Сонымен қатар атақты адамдардың «» бар.
Қаланың дәл ортасында көгілдір аспанды тіреп тұратын «» монументі тұр.
Астана - «» қала.

Жазбаша жұмыс
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөз тұлғасына талдау жасайды.
«Балық сүйегі» стратегиясы арқылы жұмыс жүргізеді
Мысалы: әдемі - негізгі сын есім
Атақты - туынды сын есім
Ауызша тіл дамыту жұмысы
Диалог ретінде
«Пойыздан қарсы алу»
«Анықтама бюросы»

5. Сабақты қорыту кезеңі
Сабақ кластер арқылы қорытылады
Астана қандай қала?

Сын есімнің негізгі белгілері

6. Рефлексия
Оқушыларға алдын - ала рефлексия парақтары таратылады
Сонымен қатар оқушылар өз-өзіңді бағалау парақтарына да өзіне баға қойып шығады

7. Бағалау
8. Үй тапсырмасы
«Астана» атты сөзжұмбақ құрастыру
Грамматикалық тақырыпты түсініп оқу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Астанаға саяхат. Бізде Астана қаласына серуенге барайық деп, тәрбиеші өзі мультимедиа арқылы Астана қаласының көрікті жерлерін таныстырады. «Хан шатыры», «Нұр - Астана мешіті», «Бейбітшілік және Келісім сарайы», «Астана - Бәйтерек», «Қазақ елі»
Елордаға саяхат
Елордаға саяхат
Оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Астана қаласына саяхат
Астана қаласына саяхат
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Шапиева Жұлдыз Жұмашевна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
Жіктеу есімдігі 5-сынып
Жіктеу есімдігі 5-сынып
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қапылова Бибігүл Тастанбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×