Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асан Қайғының Жерұйықты іздегені

19 қаңтар 2012, Бейсенбі
І. Тақырыбы: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
ІІ. Мақсаты:
Білімділік – Асан Қайғы баға берген жерлер тарихына кеңірек тоқталып, жалпы қазақ жерін әңгімелеу арқылы білімін толықтыру.
Дамытушылық - өз туған жерлеріне ойтолғау түрінде баға бергізу арқылы логикасын дамыту.
Тәрбиелік – туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

ІІІ. Қолданылатын әдістер: түсіндіру, баяндау, салыстыру, сұрақ - жауап әдістері.
IV. Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
V. Көрнекілігі: «Әдебиет» оқулығы 5 - сынып, иллюстрация - плакаттар, графопроектор.

VI. Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.
«Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баянда.
Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады (тапқырлық, тұрмыс даналығы, байқампаздық, пайымдылық т. б.)?
Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
Кітаптағы осы ертегі бойынша берілген суретке назар аударыңыздар, ондағы адамдардың кейпі не туралы айтады? 88 - бет.

Жаңа сабақ: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс - әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

Тірек - сызба.
Асан Қайғы:
«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,
«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,
«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,
«Баянға жаймай, қой семірмес»,
«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,
«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,
«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті.

Жаратылыстану пәнінің мұғаліміне сөз беріледі.
/Асан Қайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама береді./

1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы - Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы - 556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар - 132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.
2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.

3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.

4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.

5. Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік - шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40 - 50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 - 25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м - 1000м дейін. Ең биік тауы – Ақбет 1026 м.

Киелі жерім менің Баянауыл,
Тау - тасы, өзен - көлі бәрі асыл,
Осындай жер жаннатта туып өскен
Бақытты ғой, шіркін барша қауым.

6. Сарыарқаның оңтүстік - батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.
Ұлытаудың биіктігі - 1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын - шашын мөлшері 180 - 230мм. Шоқ - шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.

7. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.

8. Жоңғар Алатауының солтүстік - шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік - батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі - 2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
Жетісу
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы өсіп, жан бітіп,
Жанданды елің,
Жер таппан жерге жетер Жетісуым,
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым,-
деп ақын жырлаған жер жаннаты - Жетісу.

9. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш - Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км - ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км - ге жетеді.
/Жаратылыстану пәнінің мұғаліміне алғысымызды білдіріп, сабағымызды одан әрі жалғастырамыз/

Сөздікпен жұмыс:
Желмая – түйе.
Жиһан - дүние, жер - жаһан
Жерұйық – жайлы қоныс.
Түз - дала, мидай дала.

І топ (қатар)
Венн диаграммасы
Ертегі ------------
Аңыз әңгіме--------
Ортақ------------

ІІ топ (қатар)
Топтастыру
Тест.
1. Кендебай мінген тұлпарды ата.
а) Керқұла б) Кербесті в) Шалқұйық
2. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
а) Тазша бала б) Жалмауыз кемпір в) Кендебай
3. Жаман адамның хан болған кездегі аты.
а) Ерназар б) Мадан в) Аяз би
4. «Ер Төстік» ертегісіндегі жалмауыз кемпірдің қызының аты.
а) Бекторы б) Күңке в) Кенжекей
5. Қырық уәзір қай ертегідегі кейіпкерлер?
а) «Ер Төстік» б) Аяз би в) Қырық өтірік
6. «Аяз би» ертегісіндегі құстың жаманын белгіле
а) Қырғауыл б) Шеңгел в) Сауысқан
7. Қай шығарма аңыз әңгімеге жатады?
а) Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
б) «Аяз би»
в) Қырық өтірік

Тірек сөздердің мәнін аш.
Кенжекей, шеңгел, Асан Қайғы, жігіттің сырттаны, Ойсылқара, Шекшек ата, ауыз әдебиеті.

Күләш Ахметова
«Қазағым менің»
... Ойлар толып көптеген,
Өрнегін қанша төкті өлең.
Ұрпақты сақтап қалсақ деп,
Қайда да, қайда кетпеген?!

Бәрі де таныс жайт маған,
Әділет болмас айтпаған.
Ақыры алтын бесікке
Сабылып қайдан қайтпаған?!
... Сағынып қайдан қайтпаған?!

Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр.
(Әр қатар жазған тұжырымдамаларын өзара тексеріп, автор орындығына біреуін ұсынады.)

Реферат тыңдалады. «Жәнібек пен Керей хан»

YII Бекіту. Төмендегі белгілер бойынша әңгімелеу.
а) Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
ә) Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
б) Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шыңдыққа қатысы;
в) Әркімнің туған жері – жерұйық. Мүмкін сендердің туған жерлеріңе де Асан аталарың келген шығар?

YIII. Үйге тапсырма: Сызбаны толтыру. Атауы: Асан Қайғы. Жерұйық.
Бүгінгі сабақтан қандай қосымша дерек алдыңдар, соны мына төмендегі сызбаға үйден түсіріңдер. Тірек сөздер жазу.
Үлгі:
Әдебиет Жаратылыстану Тарих
Желмая, жерұйық Маңғыстау, Жетісу XV ғ/ң 50 - жылдары т. б.
IX. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Өлеңдер жиынтығы
Өлеңдер жиынтығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №00 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дүйсенбай Айжан Сылдыр –сылдыр су ағып, Тоқтатады ағысын. Жапырақтар сарғайып, Бара жатыр азайып. Күлкі кетті күлімдеп, Жаңбыр келді сіркіреп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×