Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антоним

19 ақпан 2016, Жұма
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жайлханова Акнур Жантуреновна

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Антоним»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөздің лексикалық мағынасы антоним жөнінде толық мағлұмат беру, омоним, синонимдермен салыстыру, мысалдар арқылы ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: антоним тақырыбын түсіндіру кезінде СТО - ның әдіс - тәсілдердін қолданып және жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқуға, білімге құштарлықтарын арттыру, қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарын дәріптеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі: эпиграф, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
1) Оқушылармен сәлемдесу;
2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушыларды психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа әзірлеу.
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі.
Ән айтамыз, көңілді, көңілді.
Би билейміз, ырғақты, ырғақты
Біз бастаймыз, сабақты, сабақты

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптарды қайталау (5 мин)
«Ғажайып алма» ойыны арқылы өткенді қайталау.
Тақтаға шыққан оқушы, бір алманы алып, берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Көп мағыналы сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Ал, жақсы өткен тақырыпты пысықтып, қайталап өттік, енді жаңа сабағымызға көшейік.

ІV. Жаңа сабақ. (8 - 11 мин)
Эпиграф
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз...
(Абай)
Сөздің лексикалық мағыналырының түрі «Антониммен» танысамыз.
Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін. Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін мынадай мақал – мәтелдер жазылған: үлкенге құрмет – кішіге ізет; әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болатын сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ақ - қара, қараңғы - жарық, ашық - жабық т. б.
Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал – мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
Тақтамен жұмыс.

87 - жаттығу. Ауызша орындайды
1) Тақырыптардың неліктен «Өлара», «Амал» деп аталғандарын түсіндіріңдер.
2) Мәтіндегі антоним сөздерді теріп жазыңдар да, қандай сөздермен тіркестіруге болатынын көріңдер.
3) Жеті амалды мұғалімнің көмегімен түсініп алыңдар. Мысалы: Үрердің батуы – маусым айының басында үркердің мүлде көрінбей кетуі. Осыдан ейін 40 күн шілде басталады.
Бітті – туды, ыстық – суық, өткінші – тосын.

90 - жаттығу (мәнерлеп оқу, антоним табу, сөйлем құрастыру)
Тәтті – ащы

96 – жаттығу
Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.
Үлгі: биік тау – аласа тау, ашық есік – жабық есік, жаңа киім – көне киім, ескі киім, сұлу қыз – көріксіз қыз, жас адам – кәрі адам.

V. Сабақты бекіту. (20 мин)

1 – тапсырма.
Сәйкестендіру.
Синоним және антоним сөздерінің сыңарын табу.

Антоним
Жіңішке Көп
Аз Баяу
Тез Жуан
Жақын Биік
Аласа Алыс

2 – тапсырма.
Мына сөздерден омоним, синоним, антоним қатарларын тауып, тұсына жазу
Ауырып, науқастанып - синоним
Естірту, айту, білдіру - синоним
Үйіне келу, қонаққа келу - омоним
Өрісі, туысы, ағайыны - синоним
Шарт сыну, тез сыну - омоним
Ақ, қара - антоним
Жуандау, арықтау - антоним
Құмар, ынтық – синоним

Үлестірме қағаз.

Антоним сөздердің сыңарларын табыңыз.
Жаман - жақсы
Кедей - бай
Қара - ақ
Батыл - қорқақ
Қастық - достық
Жабық - ашық
Мол – аз

Мына сөздерге керекті антонимді теріп жаз.
Қатыгез - момын
Дөрекі - сыпайы
Ұятсыз - әдепті
Ұқыпсыз - салақ
Үндемейтін - мылжың
Керекті сөздер: салақ, момын, сыпайы, әдепті, мылжың.

1. Антоним дегеніміз не?
2. Мысал келтір

Семантикалық карта

VI. Сабақты қорытындылау. (5 мин)
- Балалар, сабақ ұнады ма?
Қолдарыңыздағы стикерлермен тақтадағы смайлик салынған плакатқа бүгінгі сабақты бағалаңыздар.

VII. Үйге тапсырма. (Тақтаға жазу) (2 мин)
1) Антоним ережесін жаттау.
2) 89 - жаттығу, 42 бет.
3) 92 - жаттығу, 43 бет.

Бағалау. (3 мин)
Оқушылар өзін – өзі бағалайды. Алдарына бағалар жазылған қызыл, көк, сары түс таратып беремін. Түстер таңдау арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Толық нұсқасын жүктеу
53 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту. Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Антоним
Антоним
Антоним сөздердің ерекшелігін біледі, антоним сөздерді қолдана білуге үйренеді, топта бір - бірін тыңдайды.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Антонимдер
Антонимдер
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×