Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жібек жолы

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы
7 cынып
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7. Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін бойынша өз пікірін айта алады
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін ойынша өз пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап бере алады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнын түсініп, өз пікірін айта алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аң терілері, бай – шонжар, ғасыр, зергерлік бұйым
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ұлы Жібек Жолы, экспедиция, көне қала, демалыс, отбасы
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ұлы Жібек Жолының маңызы неде?
2. Ұлы Жібек жолының өркениетке тигізген маңызы?
Ишара: қолпаштау ишарасы, қолдау
Бағалау критерийі 1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді
2. Мәтін негізінде өз пікірін айта алады
3. Өз пікрін өзгелердің пікірімен салыстыра алады
Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс: Тарих, геогафия, орыс тілі

Алдыңғы оқу Отырар – өркениет ордасы
Басы
4 минут 1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл – күйіміз қалай?

2. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын сұрау үшін «Бинго ойынын» пайдаланып, сұрақ қою арқылы тексеремін:
1. Түркі жұрты қолға үйреткен ең жүйрік жануар?
2. Ұлы дала өркениетінде қандай таңғажайып зергерлік өнер дамыды?
3. Ұлы Жібек Жолы қандай құрлықтардың басын қосты?
4. Түркі жазуы қашан пайда болды?
5. Метафора дегеніміз не?
6. Отырар қаласы қайда орналасқан?

Ортасы
Барлығы
5 минут
3. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы». Мен сіздерді «Лазурит», «Нефрит», «Құндыз жолы» топтарына бөлдім. Біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы болмақ. Біз Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан қалаларға саяхат жасаймыз. Олар: Отырар, Тараз, Испиджаб қалалары. Бірақ балалар, ежелгі қалаларға бару үшін біз тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Балалар, бірінші ежелгі қаламыз - Отырар. Қалаға жету үшін мен сіздерге видео көрсетемін. Ал, сіздер тыңдау арқылы мен таратып берген қарточкаларды толтыруларыңыз қажет.

2) Мәтінмен жұмыс
Мұғалім:
- Ең әуелі мәтінді аудиотыңдалым арқылы мұқият тыңдап көрейік. Мәтінге тақырып қояйық. Тыңдау арқылы мен берген үлестірмелі карточкаларды толырасыздар.
Ұлы Жібек жолы - күн астында күйіп тұрған шөлдалалар мен жүктері бар керуендер, мыңдаған жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына қырлардан, шөлдалалардан өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып ескінің тас талқаны шықты. Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, эгзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты байланыстырып, қалалардың тіпті мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Ұлы Жібек жолы б. з. д. 138дан бастау алады.

Дескриптор:
1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
2. Мәтінге тақырып қоя алады
3. Тыңдау арқылы үлесірмелі карточкаларды толтыра алады

Кері байланыс: Мадақтау сөздері арқылы бағалау (жарайсыңдар, өте жақсы)

Келесі қаламыз Тараз. Бұл қалаға жету үшін сіздер оқулықтың 96 бетіндегі 11 – тапсырманы орындауларыңыз қажет. Тапсырманың берілгені: сөйлемдерге сұрақ қойып, диалогті жалғастыру
3. Оқулықпен жұмыс
- Біз жазғы демалыста отбасымызбен Ұлы Жібек жолы
экспедициясына қатыстық.
-....?
- Арнайы автобуспен араладық.
-....?
- Көне қалалардың орындарына бардық. Олардың өркениетіне таңғалдық
-...?
- Отырар қаласы маған ерекше әсер етті

Дескриптор:
1. Сөйлемдерге сұрақ қояды
2. Диалогты жалғастыра алады
Кері байланыс: мадақтау сөздері арқылы бағалау (жарайсыңдар, өте жақсы)

4. Сөздікпен жұмыс
Мәтінде кездескен таныс емес сөздерді тауып, мағынасын түсіну, есте сақтау. Сөздік дәптерлеріне жаздырту
Ұлы Жібек Жолы – Великий шелковый путь
Ғасыр – век
Аң терілері – меховые шкуры
Зергерлік бұйым – ювелирные изделия

Дескрипторлар:
1. Жаңа сөздердің мазмұнын түсінеді
2. Жаңа сөздерен сөйлем құрай алады

Кері байланыс: қолдау, мадақтау сөздер айту (жақсы, жарайсың)

4. Тапсырмалар орындату
Балалар, соңғы қаламыз қалды. Ол – Испиджаб. Бұл қалаға жету үшін топпен «Ақиқат пен жалған» ойынын ойнамыз.

Топтық жұмыс: тапсырмаларды орындаған соң, топтар бір - бірін бағалайды

1. Ұлы Жібек жолы ежелде «лазурит, нефрит, құндыз жолы» деп аталған
2. Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғап жатқан
3. Ұлы Жібек жолы Қазақстан аумағымен өтпеген
4. Ұлы Жібек жолы тек қана алтын, күмістерді тасымалдаған
5. Тараз, Сауран, Испиджаб қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан
6. Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалардың өркендеуіне ықпалы болмады

Дескриптор:
1. Сұрақтарға жауап бере алады
2. Уақытты тиімді пайдалана алады

Кері байланыс:
Қолдау, мадақтау сөздер айту

Қабілетті оқушыларға тапсырма:
Сабақ мақсаттарының негізі бойынша «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы ақпараттың өзектілігін анықтау:
- Алдыңғы оқуда танысқан мәтін мен бүгінгі сабақта танысқан мәтінмен байланыс барма?
- Мәтіннің негізгі идеясы қандай?
- Мәтінге байланысты не айта аласыз?
- Бұл мәтінде өзекті мәселе бар ма?
- Не себепті Ұлы Жібек жолы маңызды деп ойлайсыз?
Дескриптор:
1. Сұрақтарға толық жауап бере алады
2. Ақпараттың өзектілігін анықтай алады
3. Өмірмен байланыстыра алады

Қабілеті төмен оқушыға тапсырма:

Берілген сурет бойынша сөйлем құра

Дескриптор:
1. Берілген сурет бойынша сөйлем құрай алады
Кері байланыс:
Бағыттаушы – бағалаушы (сұрақтарға толық жауап беріп, ақпараттың өзектілігін анықтай алдыңыздар, бірақ өмірмен байланыстыру дәлелдемелер аз болды)

«Үшарал қаласының 1 Орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты жөні: Құрманбаева Балжан Бағдатқызы

Ұлы Жібек жолы. жүктеу
8 823
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Жаны саудың – тәні сау
Жаны саудың – тәні сау
Бөлім: Денсаулық – зор байлық Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×