Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі пәні бойынша деңгейлік тапсырма

17 наурыз 2018, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша деңгейлік тапсырма
І деңгей
1. Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр.
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,.....

2. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1. Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3. Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы - Алланың добы.
3. Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А) Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы
Б) Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В) сағат тілі, кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

ІІ деңгей
1. Мәтіннен антонимдерді теріп жаз.
Үлкенді - кішілі үйлердің терезелері де жарық. Үлкен де, кіші де қуанышты. Бауыржан – құлағы түрік, шапшаң бала. Қаламқас – жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. – сен жаман баға алмақсың ба сонда? – жоқ, жақсы баға алам. Қаламқас диктантты жай жазады. – Мен жылдам айтып жатырмын ба? Бәріне жұрт кіріп - шығып жатыр. – Жемді ертеңгілік бір, кешкілік бір, азғантайдан шаш. Балық аштықтан емес, тоқтықтан өледі. Кітапта солай жазылған. – Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. – Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы.

Бірақ үй - ішінің бұл қуанышы да алысқа бармады. Бауыржан ойын қызығымен жүріп, сабақ басталуға жақын қалғанда үйге ентіге кірді. Жаңбыр жауған соң, жаңа, ескі деп қарамай, үй біткеннің бәрінің шатырынан су саулайды. Мәдениет үйіне бізді шығарып салуға ауылдың кәрі - жасы лық толды. Кейін жібергенін қайтем, қазір жіберсін.

2. Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
Кітап. Ай. Жұлдыз. Көрме. Бет.

ІІІ деңгей. Шығармашылық тапсырмалар:
1. Синонимдерді пайдаланып, «Батыр – ел тірегі» деген тақырыпқа мәтін жаз.

2. Бес жолды өлең құрастыру.
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним

Қазақ тілі пәні бойынша деңгейлік тапсырма. жүктеу
8 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөзде мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз болу үшін дыбыс керек. Кез - келген дыбысты қолдана берсек ол ешқандай мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарап қолданамыз.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×