Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын үндестігі

14 қыркүйек 2018, Жұма
Қазақ тілі 4 қазақ
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Мақсаты: 1. Білімділік: Буын үндестігі жайлы оқушыларға жалпылай түсіндіру. Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру; Сөздер бірде жуан, бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту.
2. Дамытушылық: Оқушының өзінің ойын жасырмай анық дәлме - дәл жеткізе білуге дамыту.
3. Тәрбиелілік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және бойына жақсы тәрбиелік маңызы зор қасиеттер беріп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сөздердің айтылу мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
Сабақ түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой бөлісу, сөзжұмбақтар шешу.
Көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, таратпа материалдар, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі: Сәлеметсіздер ме оқушылар
ІІ. Өткенді қайталау.
ІІI. Жаңа сабақты сұрау. Қызығушылығын арттыру,;
Кіріспе бөлім.
Буын үндестігі - сингармонизм

Сұрақтар қою арқылы өткен білімдерді еске түсіру, пікірлесу.
- Буын үндестігі дегеніміз не?
Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде жалғануын буын үндестігідеп атаймыз.

- Мысалдар келтіру арқылы дәлелде.

Қазақ тілінде сөздерге қосымшалар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғанады. Мұны мына мысалдар арқылы көруге болады.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы
Жұмыс - шы - лар - ға
Қуаныш - та - рың - ды
Ақыл - ды - лық - қа
Еңбек - ші - лер - ге
Сү - йін - іш - те - рің - ді
Ес - ті - лік - ке
Сөздің соңғы буының жуан, жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да не жуан, не
жіңішке жалғануы.
Жуан сөздер: Жіңішке сөздер:
Жұмыс - шы - лар – ға; Сүйінші - лер - ің - ді
Тарих - ты Лагерь - ге
Цех - та Роль - дің рол - ім
Сонымен қатар буын түрлері де бар, олар: ашық, тұйық, бітеу болып бөлінеді.
Ашық буын дегеніміз - дауысты дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталады.
Мысалы: Ашық буын
а - та
ә - ке
Тұйық буын дегеніміз - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз үнді немесе қатаң
дыбыспен аяқталады.
Мысалы: Тұйық буын
Аң
Ұлт
Бітеу буын дегеніміз - дауыссыздан басталып, дауыссызбен аяқталады.
Мысалы: Бітеу буын
тас
дәп - тер
IV. Оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырма. Көрсетілген жұрнақтарға түбір сөз қосып жаз.
_________________________________- хана
_________________________________- паз
__________________________________- қой
__________________________________- кер
2 - тапсырма. Сөздерге қосымша жалғап жаз, ережесін еске түсір.
Бидай, М. Әуезов, арбакеш.

3 - тапсырма. Апта күндерін айтылуына қарап, дұрыс жаз.

Апта күндерінің айтылуы мен жазылуының қандай айырмашылығын байқадың?
Айтылуы Жазылуы
дүйсембі ___________________________________
сейсембі ___________________________________
сәрсембі ___________________________________
бейсембі ____________________________________
жұма ____________________________________
сембі ____________________________________
жексембі _____________________________________

4 - тапсырма. Аралас буынды сөздер болып келетін адам аты - жөндерін жаз.
Мысалы: Бегімбай, Есенбай___________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5 - тапсырма. Ертегіні өз ойыңнан жалғастырып, аяқтап жаз. Қайсардың ақылдылығы, білімділігі оның таңдауынан байқалатын болсын.
Таңдау
(Ертегі)
Ерте, ерте, ертедегі ертегілер елінде бір саудагер базардағы халыққа:
- Ақыл, білім, байлық, бақыт сатамын. Өте арзан. Алып, қарық болып қалыңыздар,- деп жар салған екен.
Естіген халық дүрлігіп, бірі ақылға, екіншілері байлыққа кенелмекші болыпты. Ал тағы біреулері бақытты алмақшы болды. Соның ішінде қайсар деген бір бала өзінің таңдауы туралы былай деген екен:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

V. «Ой қозғау»әдісі Ребус шешу. Шешуі: достық. Достық деген сөзді тақырып етіп алып, әңгіме жазу.

VI. Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.

Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар
Оқушыларымның сатылай кешенді талдау ұнағаны соншалықты төрт жолды
өлеңдерінде арнады.
Грамматика бар сенің сан қызық жаңалығың,
Үйренуден біз жалықпай, талмаймыз.
Болсақ егер ең сауатты оқушы,
Ол да сенің арқаң деп біл.
Ал, сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп алды.
С - саналы, К – келешегіміз
А - азамат, Е - ертеніміз
Т - тәртіпті, Ш - шыныққан
Ы - ырысты, Е – елдің
Л - лайықты, Н - намысты
А - арманшыл, Д - достықты
Әдепті Й - инабатты «й». І - ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере
алатын азамат, тұлға бар екені, сонымен қатар қызығушылығы үйірмеге деген
арта түсетіндіктері байқалады

VII. Сабақтың соңында оқушыларға үйде ережелерді жаттай отырып, қалам, кітап, оқулық
деген сөздермен күрделі сөйлемдер құрастыра отырып, сөйлем мүшесіне және буын
түрлеріне ажыратып талдау тапсырылады. - Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
VIII. Мадақтау. Бағалау.
Буын үндестігі. жүктеу
6 512
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қостанай облысы, “Боровской санаторлық мектеп – интернаты” Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Б. Сырттанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Салтанат Нүрекеқызы
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Қарлығаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×