Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фариза Оңғарсынова "Оюлар" өлеңі

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Фариза Оңғарсынованың “оюлар” атты өлеңінен түсінік беру, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, интерактивті байланыс арқылы өз ойын ашық айта білуге мүмкіндік беру, сол арқылы топтық орта да сөйлеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға, өз ойын сенімді түрде айта алуға, өзін бағалауға, топтық жұмыс барысында басқаларды да әділ бағалауға, диалогтік оқыту барысында өзін-өзі реттеуге дағдылануына мүмкіндік алады.
Идея: оқушылар диалогтік оқу барысында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік алады, топтық жұмыс барысында басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасауға мүмкіндік алады.

Жаттығулар:
1. Психологиялық дайындық жүргіземін. Шеңбер бойымен қол ұстасып бір - біріне тілек айту.
Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2. Қызығушылығын арттыру:
1) Бұл кімнің суреті?
2) Суреттегі нендей бейне?
3) Ортасындағы қандай ою - өрнек? Біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? Біз осы сұрақтардың жауабын табу үшін 1 - 6 дейін рет - ретімізбен санап шығайық. Осыдан кейін оқушыларды 3 топқа бөлемін. Топтар топ басшылары мен екі көмекшісін белгілеп алады.

1 - топ зерттеушілер тобы, 2 - топ оюлар тобы 3 - топ тарихшылар тобы.
Өлеңді мәнерлеп оқытамын. Құрылысына талдау жасатамын. Өлеңнен түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Ой қозғау:
1. Қазақ оюының қанша түрі бар?
2. Оны кімдер зерттеген?
3. Қазақ оюлары қандай тарихи жәдігерлер де кездеседі?
4. Шығу тарихын білеміз бе?
Осы сұрақтар төңірегінде үш топқа суреттер қиындысы және тақырыпқа сәйкес құнды мәтін парақшалары таратылады.

1 - мәтін
Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани - эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардікі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жәйттерді алға тарта бастауда.

Біз де өз тарапымыздан, осы ою-өрнек айшықтарын тудырушы ел ішіндегі аз шеберлердің еңбектерін саралап ден қоя қарасақ, республикамызда көзге көрінетін ілуде бір ою-өрнек шебері, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, суретші - педагог Сапар Асқарұлы Төленбаевтың еңбегінен аттап өтіп кете алмайтынымызға көзімізді жеткіземіз. Бұл дәлелді жайды толығымен нақтылайтын «Қазақстан Республикасы мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша» «Алматы кітап» баспасынан 2003 жылы жарық көрген, ұлттық өнерді зерттеуші Маргарита Шахметқызы Өмірбекованың «Энциклопедия» - атты қазақтың ою-өрнектері туралы шыққан үлкен альбом кітабы. Кітаптың редакциялық алқасы, еліміздегі бір қатар алқалы белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлері мен ғалымдардан құралған. Сол 283 – беттен тұратын кітаптың дені Сапар Асқарұлы Төленбаевтың өрнектерімен көрнекілінген, барлығы 1323 ою-өрнек. Кітаптың теориялық бөлімінде ұлттық ою-өрнек саласында зерттеулер жасаған ғалымдардың - Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібеков, Т. Бөсенов, С. Қасиманавтар сапында Сапар Асқарұлы Төленбаевтың да еңбегі айтылып, бұл кісінің шығармашылық жұмыстарының көркемдік және практикалық маңызына түсініктеме берілген.

2 - мәтін: Қазақтың дәстүрлері қоңыр ою – өрнектері
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым - қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л. Н. Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды.

Оның үстіне ХҮIII - ХIХ ғ. ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп - танудың мәні артып отыр. Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан - жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан - жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.

Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген. Одан бері келетін болсақ, б. д. д. V - ІІІ ғ. ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою - өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық байлығының негізі екендігінде дау жоқ.

Ондағы аң стилімен жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісудан, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей.

Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек - нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-өрнектерден (Айша - бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.

3 - мәтін: «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою - өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз - табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді. «Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т. б.), сондай - ақ қару - жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім - кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою - өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз - төбе» ою-өрнегі Айша - бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.

«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй - жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай - ақ киім - кешек, қару - жарақ т. б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне - бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт - бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір - бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
«Сынықмүйіз« морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай - ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«Төртқұлақ» ою - өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.

«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою - өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х - Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе - теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке - бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою - өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т. б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.

«Қабырға» бұл өрнекте қарама - қайшы түстер қатар алынады. Ақ не¬месе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.
«Омыртқа» ою - өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.
«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салқын түстер гаммасынан құралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.

Сол суреттерді жинап өз топтарының аттарына байланысты зерттеушілер не зерттегенін, қандай оюлар бар екенін, тарихшылар қандай құнды тарихи жәдігерлер бар екенін тауып, плакатқа жабыстырып, мәтіннен тапқан құнды деректерін де жазады. топ басшылары мен бақылаушылары ауысып, жинаған деректерін басқа топқа түсіндіреді, бақылайды.
Сергіту сәті: «Оюлардың түрлері» атты видео көрсету.
Талдау кезеңі.
Үш топқа да тақтадан суреттер тізбегі көрсетіледі.

Сұрақтар:
1. Бұл суреттен не байқадыңдар?
2. Басқа ұлттар да біздің оюларымызды пайдалана ма? Бұл дұрыс па?
3. Біз өз оюларымызды, мәдениетіміздің бір бөлігі ретінде үгіттеп келеміз бе?
4. Жумон киносынан қазақтың оюларын көрген де қандай ойға келдіңдер? Үш топ осы сұрақтар бойынша өз тобының аттарына байланысты жауап береді.
Үйге тапсырма: өздерің білетін ою - өрнектердің түрлерін жазып келу. Бағалау: жинақтық бағалау арқылы үш топ бір - бірін бағалайды.
Рефлективті байланыс: білдім, білемін, білгім келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 852
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Алматы қаласы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Тауекелова Гулбану Қонысбайқызы
Диқан баба «Қазақстан мифтік әңгімелері» кітабынан
Диқан баба «Қазақстан мифтік әңгімелері» кітабынан
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, Мәншүк Мәметова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×