Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сән. Талғам бөлімі. Киім кию мәдениеті

16 наурыз 2020, Дүйсенбі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т3 Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым лексикасын түсініп, қолдана алады. Мәтінінде көтерілген мәселені анықтайды.
Тілдік мақсаттар: Пән лексикасы және терминология: киім кию мәдениеті, қыз - келіншектер киімі, киімнің негізгі ерекшелігі, халықтың болмысы, әдептіліктің белгісі, бас киім, кимешек
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан

Тыңдалымалды тапсырма
Сөздік жұмыс. Оқушылар берілген сөздердің аудармаларын сөздіктерден іздеп тауып, қағазға жазады. Кейін алмасып бірін - бірі тексереді.
Киім кию мәдениеті
Қыз - келіншектер киімі
Киімнің негізгі ерекшелігі
Халықтың болмысы
Әдептіліктің белгісі
Бас киім
Кимешек
Жаңа сөздерді бекіту мақсатында «Қарлы кесек» ойынын өткізу.
1 - топ
2 - топ
Оқылым мәтіні
Ерте заманнан бастау алатын киім кию дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатса да, ұлттық киім кию мәдениеті қандай болды? Қазақтың қыз - келіншектері қалай киінген? Қазақ қыз - келіншектері киімінің негізгі ерекшелігі - тұла - бойды жауып тұратындығында. Әйелдің киімі, әсіресе, бас киімі оның жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты өзгеріп отырған. Қазақ киімі өзге ұлттардағыдай аса шеберлікпен, дәлдікпен, әсемдікпен тігілген. Киімде бүкіл ұлттың, жалпы халықтың болмысы жатса, қызға қырық үйден тию жасаған қазақ қыз - келіншектерінің киімінде көшпелі ұлттың тарихы жатқандай. Қыз етегінің ұзын болу себебі, әдептілікті білдірсе, кимешек секілді басты жауып тұратын бас киімдер көшпелі халықты желдің өтінен, күннің ыстығынан, қыстың ызғарынан қорғаған. Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы әр түрлі тәжірибе жасап барып, дәлелдеп жатқан дүниелерін бір ауыз сөзбен айтып кеткен көреген халық, ақ түстің денсаулықты қорғай алатын қасиеті бар екенін біліп, ақ түсті киелі түске айналдырған.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу​​​
3 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киім түрлерін ажырата алады және маусымдық киімдерді мезгіліне қарай қолданылуын біледі.
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Оқылым дағдысын меңгерту жолдары
Оқылым дағдысын меңгерту жолдары
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Кейіпкерлердің киімін, әшекей бұйымдарын суреттеймін
Кейіпкерлердің киімін, әшекей бұйымдарын суреттеймін
Кейіпкерлердің киімін, әшекей бұйымдарын суреттеймін
Л дыбысы мен әріпі. Асханада
Л дыбысы мен әріпі. Асханада
Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым - қатынас құралдарын (ым - ишара, қимыл) қолдану
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" түрлерін көрсету материалы балабақшаға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×