Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқылым дағдысын меңгерту жолдары

27 тамыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқылым дағдысын меңгерту жолдары
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады.
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі.
Оқылым дағдылары:
• Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
• Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
• Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе - сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе - сөз оқу.
Сөз мағынасын мәнмәтіннен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
• Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
• Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, тест оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
• Мәтін түрлерін ажырата білу – сипаттау, хабарлау, талқылау.
• Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.
• Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Оқылымға арналған сабақ құрылымы:
• Оқылым алды тапсырма – мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
• Оқылым тапсырмасы – әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
• Оқылымнан кейінгі тапсырма – мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, ұғымдарды қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

5 - сыныптың «Киім. Сән. Талғам» бөліміне бөлінген оқылым мақсаттары:
5. 2. 3. 1 - жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
5. 2. 5. 1 - мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
7 - сыныптың «Көшпенділер мәдениеті бөліміне бөлінген оқылым мақсаттары:
7. 2. 3. 1 - Хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
7. 2. 4. 1 - идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
7 - сынып бойынша тапсырма үлгісі
Оқылым алдындағы тапсырма
Талқылау сұрағы:
• Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінің айырмашылықтары қандай?
Оқылым тапсырмасы
Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тап:
• мәтіннің түрі;
• мақсаты;
• мазмұны;
• стилі мен тілі.

Халқын сүйген – салтын сүйеді

Бүгін де тәуелсіз ел болып, өз қолымыз өз аузымызға жетті. Осындай шаттық қуанышқа қолымыз жеткеніне 20 жыл. Көк байрағымыз самал желмен тербеліп, әнұранымыз көгімізде қалқып, елтаңбамыз төрімізде тұр.
Тарих сахнасыннан сызылып қалған қаншама ел, қаншама өркениет болмады. Ал біздің бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы осы өз даласында көшіп - қонып, тілін де, ділін де жоғалтпай, далалық мәдениетін мәпелеп, бізге мұра ғып табыс етті.
Өткен дәуірден, баба - әжелеріміз қалдырған мұраның бірі. Қазақ күн көрінісіне, ұрпақ тәрбиесіне, тұрмыстық қажеттеріне тағы басқа керектеріне жаратты. Ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан салт - санамызда күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоймаған дәстүрлеріміз бар. Ұлы Абайдың: «Адамда әрбір нәрсеге қызығушылық, білмекке құмарлық» - деген сөзі бар. Баба - әжелерімізден қалған дәстүрлерді оқып, біліп, үйренген жақсы болатын еді. Өзіне ұнағанын күнделікті өміріне пайдалануға болады. Не нәрсені болса да білгеннің зияны жоқ.
ОҚО, Мақтарал ауданы,
Т. Рысқұлов ЖОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Калиева Мейрамкүл
Оқылым дағдысын меңгерту жолдары. жүктеу
23 226
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру. Жеке оқу бағдарламасының мазмұны. 1 сынып. Сауат ашу
Инклюзивті білім беру. Жеке оқу бағдарламасының мазмұны. 1 сынып. Сауат ашу
1. 1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау Күтілетін нәтижелер: тыңдаған материалының сөйлеу екенін, оның мазмұнын түсіну мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Астана
Астана
Астана сөздің синонимі қандай сөз? /елорда, бас қала /
Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт алтыннан қымбат
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×