Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазтуған жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының мазмұны, шығарма идеясына оқырмандық ой-пайым

23 желтоқсан 2021, Бейсенбі
Ашық сабақ жоспары
ПӘН: қазақ әдебиеті
МЕКТЕП: 
ТАҚЫРЫБЫ: Қазтуған жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының мазмұны, шығарма идеясына оқырмандық ой - пайым
КҮНІ: Мұғалімнің есімі: 
СЫНЫП: Қатысқан оқушылар саны:Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары9. 1. 1. 1 Көркем мәтінді талдап оқу;
9. 1. 4. 1 Көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой - пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар орындай алады: толғауда айтылған ойдың мән - мағынасын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өзіндік пікірлерін жүйелей біледі
Кейбір оқушылар орындай алады: берілген тапсырма бойынша өз ойын жеткізе алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады
Тілдік мақсатПәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: толғау, жыр толғау, жырау, алаң, жабы, қылшан, салуалы, шырмауық, кежі, боз.
Диалог құруға/жазба жұмыс жазуға арналған пайдалы тіркестер: жыраулық поэзия, суырыпсалма жырлар, асқақ жыр, ақындық қуат, кіндік кескен жер
Талқылауға арналған сұрақтар:
  • Қазтуған Сүйінішұлы кім?
  • «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының шығуына түрткі болған қандай оқиға?
  • Толғаудың негізгі идеялық мазмұны қандай?
Бағалау критерийі: 
  • Қазтуған өмірбаянынан хабардар;
  • Толғау мазмұнымен, айтылған ойдың мән - мағынасымен таныс;
  • Оқырмандық ой - пайымын толық жеткізе алады;
  • Түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды.
Пәнаралық байланысТарих, қазақ тілі
Ойлау деңгейіБілу, түсіну, қолдану, талдау
Құндылықтарды дарыту«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
- Тіл мен мәдениет;
- Өмір бойы білім алу;
- Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;
- Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Алдыңғы оқуАсан қайғы «Бұл заманда не ғаріп» толғауының ұлттық және тарихи құндылығы, қоғамдық - әлеуметтік маңызы
Жоспар 
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығуларРесурстар 
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі.
«Гүлмен тілек» әдісі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру. Оқушылар арнайы дайындап келген гүлді келесі оқушыға жақсы тілек айта отырып, сыйлайды.
Тәсілдің мақсаты: Оқушыны бір - біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл - күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топқа бөлу: Таңдаған түрлі - түсті стикерлер арқылы топқа
бірігеді.
1 - топ: Еділ
2 - топ: Жайық
Үй тапсырмасы
Әр топқа «Жасырын ұяшықтар» әдісі арқылы пысықтау
сұрақтарына жауап алу.
  • Жыршы мен жырау айырмашылығы неде?
  • Асанқайғы өміріне қысқаша тоқталыңыз.
  • Асанқайғы толғауларының мазмұны, тақырыбы не, қандай ғибратты сөздерге толы?
  • Асанқайғының «Бұл заманда не ғаріп» толғауындағы ғаріп сөзінің мағынасы қандай?
  • «Бұл заманда не ғаріп» толғауы нені дәріптейді, жырау нені жеткізгісі келді?
  • «Бұл заманда не ғаріп» толғауының 2 шумағын жатқа айтыңыз.
Жаңа сабақ.
«Түйінді сөздер» әдісі арқылы оқушыларға сөздер көрсету. Сол сөздер арқылы оқушылар жаңа сабақтың не жайлы болатынын табады.
  • Қарға бойлы...
  • ХV ғасырда өмір сүрген, әйтсе де жеке басы туралы мәлімет аз сақталған жырау
  • Қайран менің Еділім
  • Ноғайлы заманының батыры
«Топтастыру» әдісі бойынша оқушыларға Флипчарт тарату.
Еділ тобы: «Қазтуған» өмірі мен шығармашылығын баяндайды.
Жайық тобы: «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының идеясын анықтайды.
Дискриптор:
  • Өмірі мен шығармашылығын толық баяндайды;
  • Толғау идеясын толық ашады;
  • Өз көзқарастарын білдіреді.
«Қазақ хандығы» фильмінен үзінді көрсету арқылы толғаудың шығу тарихына бойлау.
1 - тапсырма.
Қима қағаздарын тарату арқылы «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын 2 топ та мәнерлеп оқиды.
1 - топ:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір - қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
2 - топ:
Салп - салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,
Сөйткен менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!..
Дискриптор:
  • Толғаудағы түсініксіз сөздерді теріп жазып, өз нұсқаларын көрсетеді;
  • Интербелсені тақтадағы анықтамамен өз жауаптарын салыстырады;
  • Әр жолдың мағынасын ашады.
Сергіту сәті. Күй.
2 - тапсырма.
«ПОПС» формуласы
«Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!..» жолдарына бойлау арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Бірінші сөйлем. Менің ойымша.................
Екінші сөйлем. Себебі мен оны.............. деп түсіндіремін.
Үшінші сөйлем. Оны мен.................... фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен.......... деген түйін жасадым.
Дискриптор:
  • Толғаудың соңғы шумағына өз көзқарастарын білдіре алады;
  • Себебін түсіндіреді;
  • Мысалдармен дәлелдей алады.
3 - тапсырма.
Толғаудың идеялық мазмұнына сүйене отырып 2 топ арасында өзара сұқбат жүргізу.
1 - топтың оқушысы Қазтуған рөлінде
2 - топтың оқушысы 21 ғасыр жасөспірімі рөлінде
БілемінБілгім келедіБілдім



«Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын жаттау.
Интербелсенді тақта
Жұмат Тілепов. «Ел мүддесі – ерлер еншісі». Ғылыми зерттеулер. – Алматы: «Дәуір кітап» баспасы, 2017. - 384 б.
Қосымша ақпарат
Саралау
Оқушыға барынша қолдау көрсету мақсатында топқа бөлемін, жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындайды. Қабілеті ерекше оқушыларға көшбасшылық міндет артып, жекелей тапсырма беремін. 
Бағалау
Мақсатқа тиімді жету үшін әр тапсырманы орындамас бұрын критерий мен дескриптор көрсетілген рубрикатор ұсынамын. 
Пәнаралық байланыс – тарих, қазақ тілі, эстетикалық пәндер.
АКТ - мен байланыс – электронды сөздіктермен жүйелі жұмыс жасауды үйренеді.
Құндылықтармен байланыс - «Тарих пен мәдениет ортақтығы», «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылықтарын дарытуға қадамдар жасалынады. 
Рефлексия Әр тапсырма сайын оқушылар бір - біріне, сонымен қатар менің тарапымнан кері байланыс ұйымдастырылып отырады. Оқу мақсатына тиімді қол жеткізу үшін белсенді оқыту әдіс - тәсілдері арқылы саралау жұмыстарын ұтымды жүзеге асыруға тырыстым.
2 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары туралы толық мағлұмат беру.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі Конспект Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау – Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×