Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім (6-сынып)

12 ақпан 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөздерді топтастыру. Зат есім.;
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөздерді топтастыру, зат есім жайлы толық мәлімет
бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
З. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
"Қайталау-оқу анасы",
Мақалдың бір данасы. Өткенді еске түсірсең, Ешкімнің жоқ таласы.
Бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта. Біздің тобымыздың аттары ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты екені бұрыннан белгілі. Сондықтан сыныпты мен топқа бөліп жарыс түрінде өтемін.
Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырды.
1. "Талап" тобы --------------------------2. "Еңбек" тобы
Талабың болса тайсалма, ------------Еңбек етсең ерінбей,
Өзіңді өзің байқа да, ------------------ Еңбегің қалмас көрінбей.
Талаптансаң жеңесің ------------------ Зор табысқа кенелтер
Қиындықты қашанда. ----------------- Құлшына еткен еңбек қой.
3. "Терең ой" тобы -----------------------4. "Қанағат" тобы
Терең ой сенің қанатың, --------------- Қанағат — асыл қасиет,
От болып ылғи жанатын. --------------- Адал жүректі ақниет.
Білімділігінен іскерлік, ------------------ Қанағатшыл бол әр қашан,
Сені іздеп те табатын, --------------------Пайдасы тиер сан рет.
5."Рақым" тобы
Рақым — сенің ұятың,
Бетіндегі асыл ұятың.
Рақымды болса әр адам
Жанында ылғи болатын.
Үй тапсырмасына қатысты жұмыстар төмендегідей болады. Топ басшысы өз тобындағы бір оқушысына тестік тапсырманы орындауды тапсырады. Тестік тапсырмалар өр топқа бір-бірден берілді.

"Талап" тобына. Ашық буынды сөздерді табыңдар.
а. Орман ә. Мектеп б. Алша в. Дөптер г. жаңбыр

"Еңбек" тобына қос сөзді табыңдар.
а. Бесжылдық .ә. Әп-әдемі б. Қара көк в. Қос құдық г. Әдемілеу

"Терең ой" тобына біріккен сөзді табыңдар.
а. Механикалық ә. Итмұрын б. Шаруашылық в. Ұзынды-қысқалы г. Демеуші

"Қанағат" тобына. Тіркес сөзді табыңыз.
а. Қой бағу . ә. Қой мойын б. Күй аты в. Ойынды қой г. Балалар келеді

"Рақым" тобына қысқарған сөзді табыңдар.
а. Қолғанат ә. Медколледж б. Медетбек в. Қорықтық г. Сапарлас.

Фонетикалық талдау жұмысы. Бұл тапсырма топтың басқа бір мүшесіне орындауға беріледі. Әр топқа бір-бірден төмендегі сөздер:
1) оқушылар 2) сыныпта 3) көгершін 4) жапырақ 5) достары.

Әр топтан тапсырма алған оқушы төмендегі математикалық теңдеу бойынша орындайды. Берілгені: Оқушылар
Шешуі: 0 = — 8 = 4(0, у, ы, а) / 4(қ, ш, л, р)
Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау жауап парағына түсіріледі.
Жауап парағының үлгісі
Реті ------ Жауап берген ---------- Әр жауаптың бағасы
------------ Оқушының аты ---------"5" "4" "3" "2"
1.
2.
Үй тапсырмасын жоғарыдағы жұмыс бойынша топ жетекшілері арқылы қорытып шығамын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздерді топтастыру. Зат есім» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде
атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз
табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау,
одағай. Зат есім.
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?) тау (не?), ауыл (не?), т. б.

Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы, кісі, адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Сұлтан Бейбарыс, Нұрсұлтан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, т. б. жеке аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
ІҮ. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 118-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
Келесі тапсырма: өзіндік жұмыс. Жер, су, географиялық атауларды қатыстырып он сөйлем құрап жазыңдар.
Ү. Келесі тапсырма: өзіндік жұмыс. Газет, журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттарын қатыстырып он сөйлем құрап жазыңдар.
ҮІ. Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс. Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып
«Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
20 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×