Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы, тақырыбы, идеясы

03 наурыз 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы, тақырыбы, идеясы.
Сабақтың мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін меңгерту.
Сабақтың міндеті: Шығарманы бөлімдерге бөліп жұмыстандыра отырып, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Не арқылы: Үш жақты күнделік, венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта т. б.
Сабақтың барысы: І. Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Оқушылар үйге берілген ақын шығармашылығының басты тақырыптарына тоқталады.
1. Ақын өлеңдерінің тақырыптары, ерекшелігі.
2. Поэмалары.
3. Мұқағалидың прозалық шығармалары, драмасы.
4. Аудармалары

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау
«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі»,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.
Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр - қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. (Райымбектің портреті көрсетіледі)

ІІІ. Мағынаны тану.
«Кубизм» стратегиясы бойынша поэмаға жан - жақты талдау жасалады.
Бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасына талдау жасай отырып оқимыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.
Тақтаға жоспар ілінеді.
1.«Қаратаудың басынан көш келеді».
2. «- Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».
3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,
Ілесіңдер осыған оты барлар!»

Оқушылар бірлесе отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жоспар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.
Композициялық жоспар:
Оқиғаның басталуы: Жау шапқан қазақ ауылы.
Оқиғаның байланысы: Жыраудың балаға кездесуі.
Оқиғаның өрбуі: Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қатал сын.
Оқиғаның шешімі: Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.

І топ. Талдау. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды. (Үш жақты күнделікке толтырады )
ІІ топ. Сипаттау. Поэмадағы кейіпкерлердің іс - әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалайды, мінездеме береді.
ІІІ топ. Салыстыру. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін салыстырады. Осы поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады (Венн диаграммасы).

«Талқылау кестесін» толтыра отырып осы сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды.
Поэманың авторы
Поэманың тақырыбы
Поэманың идеясы
Оқиға болған жер
Басты кейіпкерлері
Түйін.

ІҮ. Толғаныс.
«Хат жазу» стратегиясы бойынша авторға, поэма кейіпкерлеріне өз пікірлерін білдіріп хат жолдайды.
Ү. Үй тапсырмасы.
1. Поэмадан үзінді жаттау.
2. «Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс - әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу.
30 334
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Өртеніп өткен өр тұлға
Өртеніп өткен өр тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың біртуар ұлы ақыны. Ол мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы өзіміздің Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа - тұс келгендіктен, өмірдің қиыншылығын ерте көреді.
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Интеллектуалдық олимпиада
Интеллектуалдық олимпиада
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×