Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы

04 қараша 2015, Сәрсенбі
Павлодар қаласының
№29 орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Апсалямова Әсемгүл Арыстанқызы

Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін табу. Шығармаға композициялық, жан - жақты талдау жасау арқылы, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Кубизм стратегиясы, топтық, жұптық жұмыс, диалогтік оқыту, СТО
Сабақтан күтілетін нәтиже: оқыған шығарманың мазмұнын толық меңгеруі.

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс – әрекеті
І. Ұйымдастыру Амандасу. «Қара жорға биі»
Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Топқа бөліну
(Санға байланысты бөліну). Рөлдік ойын енгізу. (Басшы, хатшы, таймспикер, репортер)

ІІ. Үй тапсырманы тексеру М. Мақатаевтың шығармашылығына байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар
Жоғары деңгейлі сұрақтар
1. Мұқағалидің шебер суреткерлігін танытатын пейзаждық өлеңдерінен мысал келтіріңіздер.
2. Ақын елге, жерге деген шексіз махаббатын өз жырларында қалай суреттеп көрсетеді?
3. Ақын шығармаларынан көрінетін халық даналығы - ұлттық өнегесі туралы айтып беріңдер.
Жаңа сабақ
Диалогтік әдісті пайдалану. Талантты және дарынды балаларды ескеру.

ІІІ. Қызығушылығын ояту
Ой қозғау
«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі»,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.
Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр - қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады.
Мұқағалидің хатын оқу, ол арқылы тақырыпқа шығу. СТО, АКТ технологияларын қолдану.

ІУ. Мағынаны тану
Бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасына талдау жасай отырып оқимыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.
Тақтаға жоспар ілінеді.
1.«Қаратаудың басынан көш келеді».
2. «- Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».
3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,
Ілесіңдер осыған оты барлар!»

Оқушылар бірлесе топ ішінде отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жопар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.

Композициялық жоспар:
Оқиғаның басталуы: Жау шапқан қазақ ауылы.
Оқиғаның байланысы: Жыраудың балаға кездесуі.
Оқиғаның өрбуі: Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қатал сын.
Оқиғаның шешімі: Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.

Жоспар бойынша тақырыпты сомдау. Топ ішінде композициялық құрылысын жасату. Оқушылардың жауаптарын бағалау. СТО стратегиясын енгізу. Диалог әдісі
Сергіту сәті
«Шырмауық шешу» ойыны. Топ ауыстыру.
Кубизм стратегиясы бойынша талдау
І топ. Талдау
ІІ топ. Дәлелдеу.
ІІІ топ. Сипаттау.
ІУ топ. Салыстыру.
У топ. Зерделеу
Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану.
У. Шығармашылық жұмыс
«Ақтабан шұбырынды» көрінісін көзбен көру. Суретін салғызу.
УІ. Рефлексия
Қорытындылау
УІІ Бағалау.
Алдын - ала берілген бағалау парағы арқылы әр кезеңінен кейін бағалату.
УІІІ. Үй тапсырмасы
«Болар бала он бесінде баспын дер» Райымбектің әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.
Мұқағали Мақатаевтың өмірі
Мұқағали Мақатаевтың өмірі
Өскемен қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Токтасынова Камшат Жаныбековна
Интеллектуалдық олимпиада
Интеллектуалдық олимпиада
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы, тақырыбы, идеясы
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы, тақырыбы, идеясы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм ауылы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×