Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасылық құқық. Пунктуация

04 мам 2013, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құқық. Пунктуация
Оқу тобы: 2 курс «П»- 11
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отбасылық құқық пен пунктуация(тыныс белгілері) жайлы білімгерлердің білімділігін арттыру
Тәрбиелік: Ілтипаттылыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Жазу сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: тәжірибе
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, лекция элементтері, сұрақ - жауап, пысықтау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: құқықтану, математика

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Студенттермен сәлемдесу
Ә) Студенттерді тізім бойынша белгілеу
Б) Дәрісхананың және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
В) Студенттерге сабақтың мақсатын баяндау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Венн диаграмманы толтыру

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ------------------------САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ІІІ Жаңа сабақ
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

Неке мен отбасын қорғау.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т. б.

Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Ажырасу, талақ айту – некенің бұзылуы. Шариғат заңы бойынша некенің бұзылуына “талақ” деп үш рет айтса, жеткілікті болған. Ажырасу кезінде әйелі төркінінен әкелген жасауына (маһрына) өзі иелік етіп, күйеуі идда мерзімі біткенше оны асырап - бағуға міндетті болған. Бұл мерзім ішінде ерлі - зайыпты татуласса, онда ажырасу заңсыз болып саналады. Талақ екі рет айтылып, идда мерзімі өтсе, онда қайтадан неке қиылады, ал үш рет айтылса, онда әйелі басқа ерге некелесіп, одан ажырап, тек содан кейін ғана өз күйеуімен некелесе алады. Ажырасқанда кәмелетке жасы жетпеген балалар анасына қалдырылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында ажырасу өте сирек кездескен. Себебі, әмеңгерлік институтының болуы, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген дәстүрлі құқықтық сананың ырқы орынсыз неке бұзылуына, жетім - жесірлердің көбеюіне жол бермеген. Шариғатта да ажырасуды қолдамайды.
Қазақстан республикасында ажырасу мәселелері қолданыстағы неке және отбасы туралы заңдардың нормаларымен реттеледі.

Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.
Қасиеттері
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай - ақ баяндалмақшы пікірді ала - құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай - ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.
Мысалы: Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені, Жүсіп баласы Қожаш (С. Көбеев)
Бұл сөйлемде есімше тұлғалы келген соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді.
Сөйлемдегі орналасуы
Тыныс белгілерді қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады:
• сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі
• сөйлемнің мағынасы
• сөйлемнің интонациясы

ІҮ - сабақты пысықтау
Сабақты деңгейлік тапсырмалар арқылы өтеміз

І - деңгей «Репродуктивтік» Сөйлемнің ішінен кәсіби сөздерді тауып, сөйлем мүшесіне талдау.
Құқықтану – арнаулы қоғамдық білімдер саласы. «Құқықтану» мамандығының мақсаты - түлектердің құзіретін әрі қарай дамытып, олардың қабілеттілігін қазіргі заман талабына сай деңгейде атртыру. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

ІІ - деңгей «Алгоритм» Адасқан сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар
Жеке құқық, отбасылық құқық, отырып, саласы бола, жүйесінде, қоғамдық ғылымдар, ие болады, ерекше орынға. Неке және отбасы, ана, әке және қорғауында болады, мемлекеттің, бала. Теңдiгi, ерлі-зайыптылардың құқықтарының, отбасындағы. Өзара келiсiммен, iшiндегi мәселелердi шешу, отбасы. Еркектер мен әйелдер үшiн, белгiленедi, он сегiз жас болып, неке жасы.

ІІІ - деңгей «Эвристика» Тест сұрақтарына жауап беріңіздер?
1. Еріндік, езулік дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз.
A) Құлын.
B) Сараң.
C) Еркін.
D) Әдеп.
E) Баға.
2. Ұяң дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.
A) м, д, з.
B) р, х, з.
C) б, ж, д.
D) с, д, х.
E) ғ, т, л.
3. Көмекші сөзді тіркесті табыңыз.
A) Жазамын.
B) Ермек үшін.
C) Келді.
D) Сиыршы.
E) Әке.
4. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.
A) Азамат.
B) Ұшқыш.
C) Озат.
D) Ойыншық.
E) Суырма.
5. Болжалдық сан есімді табыңыз.
A) Он бүтін бестен бір.
B) Тоғызыншы.
C) Алтау.
D) Сегіздерде.
E) Жетпіс бес.
6. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз.
A) Ешкім, әлдеқашан.
B) Ғой, бірақ.
C) Кімім? кіміңіз?
D) Кейбір, біреу.
E) Алма, нарық.
7. Қате қойылған тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Мектепке қарай бар.
B) Сен - ақ ала бердің.
C) Сен түгіл өзіне қимайды.
D) Ол кінәні өзінен іздейтін - ді.
E) Аз - ба, көп - пе.
8. Жайылма сөйлемді табыңыз.
A) Күз түсті.
B) Жаңбыр көп жауды.
C) Қар еріді.
D) Қоңырау соғылды.
E) Сағат жүріп тұр.
9. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз.
A) Біреудің сөзінің мазмұны.
B) Екі адамның сөйлескен сөзі.
C) Қанатты сөз.
D) Біреудің айтқан нақты сөзі.
E) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.
10. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Балшық.
B) Он бес.
C) Мұғалім.
D) Ауыз.
E) Сау.

Ү Сабақты пысықтау
1. Мына кестені толтырыңыздар
№ Мысал Нүкте(.) Сұрақ белгісі(?) Үтір (,) Леп белгісі(!) Қос нүкте(:) Көп нүкте (...)
1. Маңайда тірі жан көрінбейді
2. Шіркін қандай керемет
3. Менің бұл ісім сауап емес пе
4. Қарашы мына бүлдіргенін
5. Қайрат ақыл жүрек үшеуі ғылымға жүгініпті
6. Жиналыста сөз сөйлегендер Асанов пен Қалиева

ҮІ Сабақты бекіту
Суреттерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар

1. Сөзжұмбақ
Сұрақтары
1. Азаматтық құқықтың қағидасының бірі?
2. Грек тілінен аударғанда “Халық билігі” деп аталады?
3. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін әдістер?
4. Өте жоғарғы инстанциядағы істі қайта қарау мақсатында соттың шешіміне шағымдану
5. Сайлаушының сайлауға келмеуі не деп аталады?
6. Мемлекеттік құқықты басқаша қандай құқық деп аталады?

2. Сөзжұмбаққа тиісті сандарды қойып, сөз шығарыңыздар

ҮІІ Үй тапсырмасы Мына сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, мағынасын түсіндіріп беріңіздер.
Қыстың қары шылп-шылп еріп көктем де келіп қалды Шатырдағы мұз да күннің шуағына жібіп тырс-тырс жерге тамып тұр Ауыл адамдары сыртта гүбір-гүбір етіп шаруаларын істеп жүр Есік алдындағы төбетке дейін құйрығын бұралаң бұралаң еткізіп адамдардың жанында көктемнің келгенін сезінгендей Мектептен тараған оқушылар күн шуағына сылқ-сылқ күліп үйлеріне қарай бет алуда
ҮІІІ Білімгерлерді әділ бағалау
Білімгерлерді деңгейіне қарай әділ бағалау.

ІХ Қорытынды
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.
Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.
Қасиеттері
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай - ақ баяндалмақшы пікірді ала - құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
12 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Макроэкономика. Аралас құрмалас сөйлем
Макроэкономика. Аралас құрмалас сөйлем
Байқоңыр «космос» колледжінің Жалпы пәндер оқытушысы Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна
Бағалы қағаз. Пунктуация
Бағалы қағаз. Пунктуация
Байқоңыр «космос»колледжінің Жалпы пәндер оқытушысы Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×