Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Мен - көшбасшымын" коучингі

16 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Мен - көшбасшымын
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу.
Күтілетін нәтиже: Көшбасшылық қабілеттің өлшемдерін біледі. Көшбасшылық қабілеттің сапасын анықтайтын сауалнама жасайды. «Мен үшін Көшбасшы кім?» тақырыбында постерде жұмыс жасайды. Өзін - өзі бағалайды, өзінде төмен болған қабілеттерді дамытуға әрекет жасайды.
Ресурстар:
Жұмыстың мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту Психологиялық ахуал

3 мин «Қалыптан тыс амандасу» ойыны
Ретсіз қозғала жүріп, бір - бірімен былай амандасады:
Бас иіп;
Күлімдеп;
Көзбен;
Қол алысып;
Иықпен;
Арқамен;
Тіземен.
Тұсаукесер
10 мин
«Аквариум» жаттығуы
Оқушыларға парақтар үлестіріледі. Олар теңіз түбінде қандай балық болатынын анықтап, сол балықты қиып, бояп, атын жазып теңіз түбіне орналастыруы керек.
Келесі кезеңде балалар аквариум түріндегі батманға өз балықтарын орналастыруы керек. Кімнің балығы терең, кімдікі жоғары орналасқандығы байқалады.
Топ ережесі

3 мин «Топ ережесін қабылдау» ойыны
Сенімді қарым - қатынас;
«Қазір, осы жерде» ұстанымы бойынша қарым - қатынас;
«Өз ойым бойынша» түрінде пікір білдіру;
Басқаның атынан баға беруге жол бермеу;
Барлық жаттығуларда белсенділік таныту;
Баяндаушыға құрмет – белсенді тыңдаушының ұстанымы;
Топ ережелерін талдап, коучинг барысында қабылдау.
Тақырыппен таныстыру
2 мин Мұғалім коучингтің тақырыбын, мақсатын хабарлайды.
- Көшбасшы деген кім?
- Оның қандай қабілеттері бар?
- Сендердің өз көшбасшылық қабілеттеріңді анықтауға мүмкіндік туады.
Шығармашылық жұмыс

«Көшбасшы – бұл» жаттығуы
Топтағы қатысушыларға әртүрлі канцелярлық материалдар: газеттер, журналдар, суреттер беріледі. Сол материалдарды пайдалана отырып, коллаж құрастырады. Жұмыстың тақырыбы – «Мен – көшбасшымын!». Жұмыс барысында көшбасшының қабілеттері анықталуы керек. Яғни, өзіне адамдарды тарта алатын және оларға жетекшілік ететін көшбасшыны мінездейді. Оқушылар жұмыс жасап жатқанда, олардың көңіл - күйін көтеріп, шығармашылығын арттыратын ойнақы музыка әуені естіліп тұрады.
Талдау: қорытуда, «Көшбасшы – бұл...» деп басталатын постердегі жұмыс тыңдалады. Өзін көшбасшы деп есептемейтін қатысушыға осы постердегі көшбасшы қасиеттері жазылып, жапсырылады.
Тест
«Мен көшбасшымын ба?» тест
Тест нәтижесін талдау:
«А» және «Б» жауаптарының ұпайларын санау
Көшбасшылықтың жоғарғы деңгейі – А - 7 - 10
Көшбасшылықтың орта деңгейі – А - 4 - 6
Көшбасшылықтың төменгі деңгейі – А - 1 - 3
Б ұпайлары көшбасшылықтың өте төменгі деңгейін көрсетеді.

Сергіту сәті 5 мин
«Шеңбер және мен» ойыны
Бұл жаттығуға бір жүргізуші сайланады. Қатысушылармен тығыз шеңбер құрылады. Ал жүргізуші осы шеңберге кіруге талпыныс жасайды. Яғни, ол өтіну, бұйыру, ашық әңгімелесу, алдау, мақтау арқылы кіруге 3 мин беріледі.
Кейіпкер шеңберден 1 - 5 метр алыс тұрады.
Шеңбер құрушылар кейіпкерге арқасын беріп тұрады.
- Батылдылығың үшін рахмет! Шеңбермен ақылмен күш сынасуда сәттілік тілеймін! Алға!
Талдау: тренинг барысында қандай сезімде болдыңдар?
Тренинг 5 мин
«Басшысы жоқ» жаттығу
- Осы кезден бастап, әркім өзі үшін жауап береді. Қатысушыларға барлық қарым - қатынас түріне тыйым салынады: сөйлесуге, белгі беруге, қолмен ұстауға, сыбырлауға. Үнсіз жұмыс жасаймыз. Көбінесе, көзбен белгі береміз, бір - бірімізді көзқарасымыздан тануды үйренеміз.
- Шеңбер құруларыңды сұраймын.
- Өте жақсы! Байқағандарыңдай, біріміз - біріміз қолмен ұстағымыз келді. Кейбірлерің не істеріңді білмей тұрдыңдар. Жеке жауапкершілікті арттыруға арналған жаттығуды жалғастырамыз.
• Бойларыңмен сап құра;
• Екі шеңбер құра;
• Үшбұрыш құра;
• Теңдей 4 сап құра;
• Бой бойынша сап құра;
• Ең ашық түсті шаштан ең қою түсті шаш бойынша сап құра;
• Жұлдыз, Медуза, Тасбақа мүсінін құра;

Талдау: бұл жаттығу көшбасшылық тестіне жата ма? Неге?
- Кімді көшбасшы деп ойлайсыңдар?
- Жетекшілік стильден шығу оңай болды ма?
- Біреудің нұсқауынсыз, кеңесісіз қалу қиын ба?
- Өзіңе жауап беру, өз шешім қабылдау ұнады ма?
Кері байланыс 3 мин
«Шырақ» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрып, мына сұрақтарға жауап бере отырып, бір - біріне шырақты береді.
- Қандай жаңалық аштың?
- Осы жаттығулардың қайсысы көбірек есте қалды?
- Осы коучинг қандай сезім қалдырды?
15 661
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыптардың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар Кенесары
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданатынымен ерекшеленеді.
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, мұғалім - көшбасшы, көшбасшы - оқушы қарым-қатынас тәжірибесін арттыру.
Квадрат түбір
Квадрат түбір
Квадрат түбір арқылы қалыптасқан түсініктерін қолданып есептер шығаруға үйренеді Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оның маңыздылығын түсіне отырып, білімін, ой - өрісін дамытуға дағдыланады
Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі
Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қатысушылардың қарым - қатынастарын реттеу, топтық жұмыстарда жан - жақты талдаулар жүргізу арқылы көшбасшылық қызметін анықтап, шешім қабылдауға баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×