Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп - біздің ортақ үйіміз

14 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Мектеп - біздің ортақ үйіміз
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, құрметтеу.
2 сынып
Сабақ мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- мектептегі мінез - құлық ережесінің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып, ұғындыру;
- ұқыптылық, жауапкершілі қасиеттерін дамыту;
- ұқыптылыққа, жауапкершілікке, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Нұрға бөлену.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
27 - бет "Менің мектебім" (Ж. Жайлаубекқызы)
Сұрақтар:
1. Атайдың өз мектебін мақтаныш етудің себебі неде?
2. Атасы мектебінде кімді (нені) асқақ, жарық, таза деді? Неліктен?
3. Сен өз мектебіңде кімді (нені) асқақ, ең жарық, ең таза дер едің?
3. Дәйек сөз.
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз. ( Қ. Аманжолов)
Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу.
Дәйексөздің мәнін ашу.
Сұрақтар:
1. Ұстаз қандай болу керек?
2. Ұстамы жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Шәкірт ұстазынан озады дегенді қалай түсінесің?
4. Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйы:
Табанды бала
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.
Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда - санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.
Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды.
Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.
Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
Сұрақтар:
• Бала өз мақсатына қалай жетті?
• Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
• Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

Шаған жалпы орта білім беретін
Мұғалiм: Сабирова А. Б.

Мектеп - біздің ортақ үйіміз. жүктеу
8 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, ұқыптылық, адалдық. Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×