Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары

23 тамыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ықшамсабақтың жоспары
Тақырыбы: «Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары»
Мақсаты: Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың нақты мақсатқа жетелеуші, ынталандырушы құрал екеніне көз жеткізу.
Міндеттері: • тапсырма бойынша ізденеді;
• бейнежазбадағы көрініске өз пікірлерін айтады, сабақтың тақырыбымен байланыстырады;
• сыни тұрғыдан ойланады, ортақ пікір қалыптастырады;
Күтілетін нәтиже: • қатысушы мұғалімдер бір - бірімен ынтымақтасады.
• өз жұмыстарына талдау жасайды.
• топтар бірін - бірі бағалайды.
• тиімді кері байланыс орнайды
Түйінді идея: “Білім берудің оннан тоғызы мадақтаудан тұрады” Анатоль Франс
Жетістік критерийлері Барлық қатысушылар: Тақырыпқа байланысты білімдерін жетілдіреді;
Басым бөлігі: Оқу мақсаттарын айқындайды
Өздігінен білім алуда белсенділік танытадымақсатқа жетуге жұмыс жасайды.
Сабақта қолданылатын материалдар МАН, бейнефильм, слайд, сауалнамалар, суреттер, стикерлер, маркерлер, үлестірмелі материалдар, А4 қағазы.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Миға шабуыл», «Қара жәшік», өзара бағалау, критериалды бағалау, ұжымдық, топтық талқылау, «Екі жұлдыз бір тілек», бағдаршам.
Басы
Жағымды ахуал қалыптастыру (4 мин)
Топқа бірігу (2 мин)
Топ ережесін қабылдау.
Топта табысты жұмыс жасау үшін қандай ережелерді сақтауымыз керек?
Амандасу жағымды жағдай туғызу.
– Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Кәнеки, барлығымыз ортаға шығайық! Мектебімізге хош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл - күйлеріңіз қалай? Мен үшін сіздер Қарасай ауданының ең таңдаулы, ең білімді, ең мақтаулы ұстазсыздар!
Музыканың ырғағымен билей отырып, «Атом» әдісімен топтарға біріктіру.
Ортасы.
Зейінін шоғырландыру (10 мин)
Суреттер арқылы ықшамсабақтың тақырыбын анықтау.
«Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді
көрсету арқылы қызығушылығын ояту.
«Миға шабуыл». Тапсырма.
1. Бейнефильмдегі Сұлтан мен кішкентай Дәулеттің диалогін бүгінгі ықшамсабақтың тақырыбымен қалай байланыстырар едіңіздер?
2. Дәулеттің іс - әрекетін қалай бағалар едіңіз? 3. Сұлтан мақсатына жетуіне қалай жетті қандай қасиеттері көмектесті?

М. Мәметова атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қалиева Назипа Қанибайқызы
Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары. жүктеу
1 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау. Оқу мен оқытудағы қиындықтарды жеңудің стратегиясын ұсыну.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері қолданып жүрген бағалау түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий және дескриптор жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×