Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі

22 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар әңгіме желісі бойынша кейіпкерлер портретін жасай алады, олардың іс - әрекеті арқылы образдарын аша біледі; Жаман іс пен жақсы іс жасаудың ара жігін ажырата алады;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Сабақтың басы
Мұғалім ыдыста тұрған өшіргіш түстеріне байланысты оқушыларды 6 топқа бөліп, «Ақылдың 6 қалпағы» әдісін пайдаланады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сабақ презентациясында берілген бейнежазба көрсетеді. Оқушылар бейнежазба арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
- бейнежазбадан не байқадыңдар?
- қандай көріністер естеріңізде қалды?
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Мұғалім аудиожазба арқылы «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесін оқушыларға тыңдатады

Сабақтың ортасы
«Ақылдың 6 қалпағы» әдісі
- Әңгімені оқу, түсіну, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру;
- болжау; «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің идеясына болжам жасайды;
- шығармадағы жағымды кейіпкердің образын жасау;
- шығармадағы жағымсыз әрекетті анықтау;
- шығармашылық жұмыс орындау;
- саралау; әр топтың берген жауабымен шығарманы қорыту;

Дескриптор:
- Шығарманы түсінеді, мазмұндайды;
- Әңгіменің идеясын анықтай алады;
- Кейіпкерлер образын жасай алады;
- Тақырыпты түсінеді;
- Шығарма жұмыстарын жүргізе алады
- Шығарманы қорыта отырып, топ жауаптарымен өз үлгілерін саллыстырады;

Тапсырма 1
Шығармадағы көп қайталана бермейтін сөздердің мағынасын анықтап, синонимдік қатар түзу;
Жәрмеңке -
Қарауыл -
Данышпан -
Барымта -
Дереу -
Бақташы -
Қолға түсу -
Халық -
Бейнет -
Айырбас -

Тапсырма 2
Шығарма жоспарын құрылымы бойынша дұрыс орналастыр
- Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті-2
- Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді - 1
- Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс - түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал - жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты - мыс - 4
- Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады - 3
Оқушылар жұптасып диалог құрады
Мұғалімнің аты - жөні: Құндыз Жұбаева Естерекқызы
Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі жүктеу
Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі слайд жүктеу
5 241
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Бөлім Әдеби шығарманың құндылығы Оқу мақсаты 5. Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу. Оқушы мақсаты Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашады.
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар.
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Таза, мінсіз асыл сөз. Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі
Таза, мінсіз асыл сөз. Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×