Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы
балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы

Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс – әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: «1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»

Мақсаты:
а) 1 - ден 5 – ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау;
ә) геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;
б) логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;

Мотивациялық - қозғаушылық: Психологиялық дайындық.
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан
Кілең «бестік» аламыз!
Бір, екі, үш,
Топ іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, көңіл күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қызықты сәт.
Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.
Қоян: Сәлеметсіздер ме! Балалар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе қоян, көңілдісің ғой?
Қоян: Ия балалар, бүгін менің туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.
Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма?
Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Тәрбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.
Қоян: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.
Қоян: Ой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе?

1 тапсырма: «Сан қатары»
Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.
0.... 2.... 4
5.... 3.... 1....
..... 1..... 3..... 5
..... 4..... 2..... 0

2 тапсырма: «Пішіндер пойызы»
Заттарды пішіндеріне қарап, түсіне қарап тиісті вагонға орналастыру

3 тапсырма: «Балықты құрастыр»
Әрбір жұмыс үстеліне түрлі - түсті қағаздан жасалған балықтың бөлшектері беріледі. Балалар балықты жинап, құрастыруы керек.

Сергіту сәті:
Отыр екен сұр қоян құлақтарын қайшылап,
Міне былай, міне былай, құлақтарын қайшылау. (балалар орындарында отырып, бастарынан жоғары көтерген қолдарын қимылдатады)
Қоян тоңды отырып, аяғын алсын жылытып.
Міне былай, міне былай, аяғын қоян жылытсын. (созылған қолдармен жеңіл шапалақ ұрады)
Тұруға да күн суық, қоян жүрек секеңдеп.
Міне былай, міне былай, кеткісі келеді секеңдеп. (балалар бір орындарында секеңдейді)
Қоянды біреу шошытты – қоян ытқып, тез зытты. (орындарына отырады)

4 тапсырма:
Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін?

Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап қоянның сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, балалар!

Толық нұсқасын жүктеу
4 245
0
85 дауыс
Оқи отырыңыз
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.