Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

В. Сухомлинский. Нағыз адам

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Қопа орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Бахтыбаева Кенжегул Жарасовна

Сабақтың тақырыбы: В. Сухомлинский. Нағыз адам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету, «Нағыз адам» мәтінінің мазмұнын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды бірлесіп жұмыс істей білуге, өзара сыйласуға, өз бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс: ой қозғау, жетекші сұрақтар, «Миға шабуыл», «Кластер», «РАФТ», «Еркін жазу» әдісі, хат жазу, рөлдік көрініс.
Көрнекілігі: презентация, мультфильм, А3 қағазы, В. Сухомлинский портреті.

Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім.
1. 1. Ынтамқтастық орта қалыптастыру
«Менің көңіл - күйім...» әдісі.
Оқушылар өздерінің көңіл - күйлерінің қандай екенін ортаға жариялайды.
Мысалы: Менің бүгінгі көңіл - күйім жарқыраған күнге тең.

1. 2. Топқа бөлу
Мақал - мәтел арқылы топқа бөлу.
1 - топ «Ақылдылар»
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.
2 - топ «Мырзалар»
Биік төбеге шықсаң көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
3 - топ «Мейірімділер»
Жақсылық жасасаң, жасыр,
Жақсылық көрсең, асыр.
Алтын ереже құру

1. 3. Үй тапсырмасын тексеру
«Сәлем, бұл мен...». «Ойлан, тап!» бағдарламасы арқылы үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы қорыту.

II. Тұсаукесер
- Балалар, «Ойлан, тап!» бағдарламасын әрі қарай жалғастырамыз. Бұл бағдарламаны әрі қарай тамашалайық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!
- Балалар, екі көзіміз арқылы жақсы заттарды көре білейік, жамандықты айыра білейік. Екі құлағымыз арқылы бүгінгі сабақта жақсы сөздерді естіп, айта білейік., Жақсылық пен жамандықты ажырата білейік. Екі қолымыз арқылы жұбымызға, тобымызға көмектесе білейік.

2. 1. Мультфильм әлеміне саяхат
«Алтын қарбыз» мультфильмі.
Оқушыларға мультфильмді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
«Миға шабуыл» әдісі. Сұрақ - жауап.
- Балалар бұл мультфильмнен нені көрдіңіздер? Неге
- Не себептен бүркіт жақсылық жасады?
- Жігіт барлық алтынды неге таратты? Ол қандай адам деп ойлайсыңдар?
- Осы мультфильмге қандай мақал айтуға болады?
- Бүгінгі сабаққа осы мультфильмнің қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
• Нағыз адам – мейірімді, қайырымды, жақсылық жасайды.

- Балалар, мына мультфильмдегі адамды «Нағыз адам» деуге бола ма екен?
- Балалар, бүгінгі сабағымыз неге арналады деп ойлайсыңдар? Тақырып не туралы болуы мүмкін?

III. Негізгі бөлім
- Балалар, сендер қазір «Ойлан, тап!» бағдарламасының 3 - ші бөлімін тамашалайсыңдар. Бұл бөлімде оқулықпен жұмыс жасаймыз.
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Ол Палтава педагогикалық институтын 1936 жылы бітіріп, орта мектептерде мұғалім болған. Сухомлинский – педагог. Оның «Ұлыма хат», «Ата - аналар педагогикасы» т. б. шығармалары бар.
Біздер бүгінгі сабақта «Нағыз адам» тақырыбында жазылған әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің авторы – В. Сухомлинский

Оқулықпен жұмыс.
а/ әр топ мәтінді түсініп оқу;
ә/жұпта, топта талқылау;
Талқылау сұрақтары:
1 - топқа:
- Не себептен атасы 1 - ші келген кісіні «Бұл адам емес» деді?
2 - топқа:
- Атасы неліктен тағы да келесі адамды «Бұны да әлі адам деуге болмайды» деп жауап берді?
3 - топқа:
- Атасы құдық басына келген соңғы адамды неліктен «Нағыз адам» деп санады?
(Оқушылардың пікірін, болжамын тыңдау)
- Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті?
- Екінші келген адам неліктен шелегін тастамай кетті?
- Үшінші адам неліктен шелегін тастап кетті?

Сергіту сәті
«Буги - буги» биі арқылы сергіту
1 - топ. Рөлмен сомдау
2 - топ «Венн» сызбасы
3 - топ «РАФТ» әдісі
Р - роль - Бала
А - аудитория - құдықтан су алған кісі
Ф - форма - алғыс хат
Т - тақырып - сіз нағыз адамсыз

Қосымша мәлімет
Қамқорлық жасауды үйрен!
Шамаң келсе көмектес!
Болған уақиға
Нағыз адамның бірі туралы – балалар тағы бір қосымша әңгіме айтып берейін. Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның анасы Бегім жылда бір тайыншаны өзі бағып, қыстай жем - шөбін беріп, астын тазалап семіртеді екен. Күзде қалаға кетіп бара жатқан қалашыларға қосып жіберіп, тайыншаны саттырып ақшасына мата алдырып, ауылдағы жоқ - жітік, кедей, жетім балаларға өз қолымен көйлектер, киімдер тігіп таратады екен.

IV. Қорытынды
Еркін жазу әдісі. «Мен нағыз адаммын» эссе жазу
V. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, мәтінге сурет салу
VI. Бағалау: топтық бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
6 753
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.