Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Физика
Қарағанды қаласы, №21 Негізгі мектеп
Физика және информатика пәндерінің мұғалімі
Қонақбаева Береке Салтанатовна

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың тапқырлығын, ақыл - ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту.
Сабақ түрі: қайталау, меңгерту сабағы
Сабақ типі: ойын – сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: ойын элементтері - тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ шешу, тәжірибе жасау, есеп шығару шапшаңдығы.
Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта, видиопроектор, тапсырма беттері, үлестірмелі карталар
Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих, математика
Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Кедергі».

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)«Сәлем - сөздің анасы» оқушылармен амандасу.
Ә) шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
- Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір - біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

1. Сұрақ – жауап ( тұрақты ток тарауын қайталау )
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Кім жылдам? (формулалардың сыңырын табу)
4. Орнына қой (сұрақтарда аяқтау)
5. Эксперименттік жұмыс (құралдар беріледі)
6. Ғалымдар тақтасы
7. Ой толғаныс (Өлең жолдарын құрастыру)
8. Есеп эстафетасы (есеп шығару)
9. Тест, сабақты қорытындылау (тест тапсырмасын орындау)

Сабақтың барысы:
Жауап нақты тез болу керек.
Қай топ бірінші қолын көтерсе, сол топ жауап береді.
Бағалауы - әр сұрақ 1 балл.

1. « Сұрақ – жауап»
1. Электр тогы дегеніміз не? Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
2. Ток күші деп нені айтады? ( Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы)
3. Ом заңы қалай тұжырымдалады? Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал
4. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?
5. Қуаттың өлшем бірлігі. Вт
6. Қысқа тұйықталу дегеніміз не? Тоқ көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атаймыз.
7. Тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім?
8. 10 кОМ неге тең?
9. Меншекті кедергінің өлшем бірлігін ата.
10. Р әрпімен математикалық және физикалық мағынасы қалай?
11. Электр тогын үйде өлшейтін құрал.
12. “Керуен” сөзін физикалық шамаға өзгерт.

2. “Ақын жанды болмаған адам физик те бола алмайды”
2 - тур бойынша үйге берілген тапсырма мынадай болатын I, U, R заңдылықтарына өз өнерлерін көрсетулері керек. Өлең шығару, ертегі, шығарма, зарядтардың реттелген қозғалысын қимылмен көрсетуге де болады.
Бірінші топ өлең шығарыпты
Ток күші
Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,
Сабақ оқу, кір жуып, кино көргеніміз.
Қымбат қылып бағаңды өсірсең де,
Қиналсақ та уақытында төлейміз біз.
Елімнің жетістігі сенің арқаң,
Бай қылдың егініңмен қылдың дархан
Түтемеген шамыңды жарқыратып
Болдың ғой сен біздің шырағымыз.

Екінші топ ертегі құрастырып әкелген.
Ертеде электр деген хан болыпты. Ол кезде электр энергиясы болған жоқ еді. Электр ханның үш баласы болған, үлкені Ампер, ортаншысы - Вольт, ал кішісі Ом. Ханның балалары ереже жеткен соң әкесі олардың басын қосып, электростанцияның құру жоспары жайында әңгімелеседі. Сонда Ампер мен Вольт жұмысқа бірден кірісті, ал Ом болса олармен келіскен жоқ. Себебі электростанция найзағайдың күшін көп тартатын еді. Ом ол халыққа қауіп төндіреді деп қорықты. Ампер мен Вольт Омның сөзін тыңдамай өз істерін істей берді. Электростанция құрылып, елге жылу, ток берілді. Бүкіл ел өздерінің ризалықтарын Ампер мен Вольтке және олардың әкесіне білдірді. Солай бірнеше жыл Ом ағаларына реніште болды. Ампер мен Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге ток сатумен айналысқылары келеді. Олар енді станцияның найзағайдан алатын күшті арттырумен болады. Енді Вольт токтың күшін бір мөлшерде ұстайтын кернеу құралы арқылы жұмыс істегісі келеді.
Бірақ Ампер өзін үлкен санап, Вольтты тыңдамайды. Солай станцияның найзағайдан алатын күшті арттырады. Олар енді жауынды тосты. Жауын жауған күні найзағай станцияға кіріп, двигательдерді істен шығарады да, кедергі жасап, өкінішке орай өзі апатқа ұшырайды.
Содан бері ел адамдары Амперді ток күші, Вольтті – кернеу, Омды - кедергі деп атап кеткен.

3. Кім жылдам
Шамалар
Физикалық шамалар --------------- Белгіленуі ------------- Өлшем бірлігі
Ток күші
Кернеу
Кедергі
Меншікті кедергі
Заряд
Жұмыс
Электр қозғаушы күш

4. Жанды сұрақ.
Әр пәннен пән мұғалімдері бір сұрақтан бір сұрақтан
«Ауызша айтсаң – тез ұқтым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

5. «Эксперимент». «Кернеу» тобына ЦОР - мен жұмыс
Тізбекті тізбектей жалғау
Тапсырма: тізбек жалғау
Керекті құрал – жабдықтар: тоқ көзі, амперметр, вольтметр, кілт, қыздыру шамы

«Кедергі» тобына
Тізбекті параллель жалғау
Құрал - жабдықтар: тоқ көзі, амперметр, вольтметр, кілт, қыздыру шамы

6. Ғалымдар тақтасы:
1. 1827 жылы тоқ күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан ғалым (Ом)
2. Алғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген француз ғалымы. (Ампер)
3. 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқан кім? (Кулон)
4. Басына алма түсіп, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым. (Ньютон)

7. Ой толғаныс
Бес жолды өлең стратегиясы
1. Не? сұйық
2. Қандай? ақ, пішінін сақтамайды
3. Не істейді? ағады
4. Анықтамасы? ақ түсті, пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды
5. Түйін сөз аққыштық қасиет.

8. СЭО - мен жұмыс.
Сабақты қорытындылау. (Оқушыларды бағалау)

Үйге тапсырма:
№ 6 үйе орындалатын эксперименттік тапсырма (152 бет)
22 - жаттығу 6 есеп. (154 бет)

Сергіту
1. Тоқ күшінің бірлігі
2. Параллель тізбектей.................
3. Дж - мен өлшенетін шама
4. Кернеуді өлшейтін құрал
5. Тұрақты.......... ток

Толық нұсқасын жүктеу
4 752
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
В. Сухомлинский. Нағыз адам
В. Сухомлинский. Нағыз адам
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.