Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жыл мезгілдері. Е. Елубаев

25 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері (Е. Елубаев)
Сабақтың мақсаты:
1. Табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
2. Жыл мезгілдері туралы білімдерін жүйелеу, қорыту, әр жыл мезгілі туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету.
3. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. Берілген сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Міндеттері: Жылдың төрт мезгілін айыра білу, сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік мәні: табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- тіл байлығын артып, сөздік қорлары молаяды.
- дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялы жүйеленіп, ойлау қабілеттері артады.
- жаңа тақырыпты өз бетімен ұғынып, сұрақтарға нақты жауап береді, өз ойларын еркін айтуға үйренеді.
- жылдың төрт мезгілін айыра біледі, сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдылары артады.
Әдіс - тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО әдісі, АКТ - ны пайдалану
басқару және көшбасшылық, түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, диалог, оқу, деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, әңгімелеу
Көрнекіліктер: «Жыл мезгілдері» презентациясы, сызбалар, кестелер
Сілтеме: оқулық, оқыту әдістемесі, интернет материалдары
Тапсырма көздері: Шығармашылық ізденіс, сұрақ - жауап, пікірлесу, топпен жұмыс
Идея, негізгі ой: Қыс - қысыласың, жаз - жазыласың

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу. Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Наурыз тойы келгенде
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық!
ә) Топқа бөліну.
Кәне, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Жасырынған сөздерден
Тобымызды табайық.
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер таратылады. Оқушылар өз топтарын табады.
І топ: Көктем
ІІ топ: Жаз
ІІІ топ: Күз
ІҮ топ: Қыс
б) Топ ережесі:
в) Топ басшысы, бағалау парақшасы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек»
1. Өлеңді оқу
2. Мақал - мәтелдер айту.
3. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жұмбақтар шешіледі, суреттері слайдтан көрсетіледі.
І топ: Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)

ІІ топ: Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

ІІІ топ: Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)

ІҮ топ: Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

3. Топтық қорғалым: Сурет салу, сызба толтыру, топтарын қорғау, баяндау
1. Оқулықпен жұмыс, тақырыппен танысу
2. Автор туралы мағлұмат
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ - дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
3. Топтық тапсырмалар: Оқулықтан өлеңді оқу.

4. Сәйкестендіру.
қыс -------------- туады
көктем --------- түседі
жаз -------------- келеді
күз -------------- шығады

5. Диалогтық оқу
6. Сергіту сәті:«Наурыз» әніне билеу

7. Топтық тапсырмалар
І топ: Семантикалық карта
р/с тапсырмалар ------------- көктем ------------ жаз ------------ күз ------------ қыс
1. Балалар аққала жасайды. -----------------------------------------------------------+
2. Малдар төлдеді.
3. Айдар ағашқа құс ұясын жасады.
4. Трактор жер жыртып жүр.
5. Аю ұйықтап жатыр.
6. Тышқан, саршұнақ т. б. аңдар бидай, арпа масағын ініне тасып жүр. Тиін саңырауқұлақ кептіріп, бүр, жаңғақ жинауда.
7. Шыбын шіркей мол, құстар сайрап көңілді, қарындары тоқ
8. Балалар көбелек қуып ойнап жүр.
9. Беті - қолы домбығып үсік шалды.
10. Байлық, молшылық, қауырт жұмыс кезі.

ІІ топ: Бейнелі сөз шешу

ІІІ топ: Мақал құрастыру
(қазына, байлық, жер, су, алтын, мал) «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық»

ІҮ топ: Ой қозғау.
Мына өлең сөздері қай мезгілге тиісті? (ақ сақалды, мылқау, сықырлап) А. Құнанбаев. «Қыс»

7. Абайдың табиғат туралы өлеңдерімен танысу, бейнеролик тамашалау.
«Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс»

Ой қозғау: Сызбаны толтыру, түсіндіру.

Ү. Ертегі оқу «Жыл мезгілдері»
- Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті: екі ұл, екі қыз. Үлкені Қыс – шатақ мінезді, ә десе мә деп, жағадан ала кетер сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны бірбеткейлігі, шымырлығы үшін жақсы көріпті. Қыстың үш ұлы болыпты.
Екіншісі, Көктем – жұрттан асқан көрікті, жаны да, тәні де сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да жүрегіне жақын алатын сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де сүйеді екен. Көктемде бір қыз, екі ұл бар екен.
Үшіншісі, Жаз – әпкесіне қарағанда ашық – жарқын, жайдары мінезді, көңілді қыз болып қалыптасыпты. Ол аузын ашса көмейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты. Оның да бір ұл, екі қызы бар еді.
Ал, ең кенжесі Күз – өте ерке болыпты. Ол сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде болмашыға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын төгіп - төгіп жібереді екен. Әйтсе де, Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты. Күздің де үш баласы бар екен.
Балалары өсіп, ержеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:«Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар. Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар» депті. Осыдан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері әуел баста осылай қалыптасқан екен дейді

ҮІ. Кері байланыс. «Алты қалпақ» әдісі
Ақ қалпақ — шығармадағы негізгі оқиғаны баяндайды.
Қара қалпақ – оқиғадағы жағымсыз іс - әрекеттерді айтып өтеді.
Сары қалпақ – оқиғадағы өзі қолдайтын әрекеттерге тоқталады.
Қызыл қалпақ – іс - әрекеттерге болжам жасайды.
Жасыл қалпақ – іс - әрекеттерге мүмкіндік пен идея тудырады.
Көк қалпақ – оқиғадағы түйінді ойды қорытып, соңғы шешімін айтады.

12 айға тілек айту
Наурыз назды болсын,
Сәуір сазды болсын,
Мамыр мейірімді болсын,
Маусым мағыналы болсын,
Шілденің шырайы кірсін,
Тамыз тамылжып тұрсын,
Қыркүйек қазына жисын,
Қазан қаспақты болсын,
Қарашада қар көп боп,
Желтоқсанда жел жоқ болсын,
Қаңтар қатулы болмасын,
Ақпан ашулы болмасын.

Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі арқылы анықтау.
ҮІІ. Бағалау: Бағалау бетшесімен танысу
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлең мәтіні бойынша диалог құру, оқу.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Күйкен орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі
Енсегенова Света Саясатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 891
1
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Жадыра Джайлыбаева
Жадыра Джайлыбаева Қонақ 6 мам 2016 10:16
0
Жоспар өте жақсы құрылған. Барлығы толық қамтылған. Сіздің сабақ жоспарыңыз маған ұнады. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Нағыз "Үздік ұстаз" атануға лайықты жан екенсіз.