Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ыбырай Алтынсарин «Өзен»

18 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат – ананы қорғап, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: СТО, сұрақ – жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: оқулық, өзен, көлдің суреттері, карта, сызбалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сәлемдесу.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

І. Сабаққа психологиялық дайындық.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе – мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Өткен тарауды «Бәйге» ойыны арқылы қайталайық:
• Абай атамыздың «Жан – жануар, адамзат анталаса, ата – анадай елжіреп күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі суреттелген?
• «Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына» деген үзінді қай өлеңнен алынған?
• «Жазғытұрым» өлеңінің авторы кім?
• Жануарлар «Көктем сәні» неде деді?
• Олжас Сүлейменовтың өлеңінде кімдер жайлы айтылған?
• «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» - деген жолдарда қандай мейрам туралы айтылған?
• Көктемгі тіршілікте малдар қайтеді?
• Осы сұрақтарға жауап берсек, бүгінгі тараудың тақырыбы ашылады.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Бүгін біз «Табиғат – менің өз үйім» атты бөлімді бастаймыз.
(Суретпен жұмыс, Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау)
- Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сендерге қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
- Ендеше жаңа сабақты бастар бұрын 3 - топқа бөлінейік.
(Сыныптағы оқушыларды ІІІ топқа: қызыл түс - «Әдебиетшілер», көк түс - «Географтар», жасыл түс - «Экологтар» деп бөліп алу.
- Топ ережесімен танысайық, топбасшы мен хатшы сайлап алыңдар

2. Сөзжұмбақ шешу:
- Мына жұмбақтарды шешейік:
1) Сарғыш түсті дөңгелек, ортасында дәні бар.
Көрсең, егер оны жеп, балдай тәтті дәмі бар. (өрік)
2) Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. (жұлдыз)
3) Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, Қимылдар сол кісіден елдің тісі.
Талқандап, беті - жүзін тырнасаң да, бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (жер)
4) Үлкен алтын табақтан, әлемге нұр таратқан. (күн)

3.- Бүгін біз тарауды Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңінен бастаймыз. Бастамас бұрын әр топқа мынадай тапсырма бар: (постер қорғау)
1. «Әдебиетшілер», «Өзен» өлеңінің авторы жайлы не айтар едіңіздер?
Топтастыру стратегиясы
2. Енді өзен туралы географиялық саласы бойынша «Географтар» түсіндіріп береді.
1 - оқушы: Өзеннің анықтамасы мен бөліктерін (бастауы, саласы, сағасы) таныстырады.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады.
2 – оқушы: Қазақстанның өзендерін картадан көрсетеді.
3. Енді сөз кезегін «Экологтарға» берейін.
1 – оқушы: өзеннің пайдасы туралы айтып береді.
2 – оқушы: өзенді қорғау туралы айтады.
- Достарыңның жауабын смайлик арқылы бағалайық.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің оқуы. Іштей оқыту.
2. Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс)
3. Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту, талдау, идеясын ашу.
4. Видеоролик көрсету, салыстыру.
- Мына видео бейнеге назар аударайық, не көріп тұрмыз?
5. Оқушыларға мәнерлеп оқыту (күй ырғағымен)

V. Сергіту сәті.
(Видео сергіту «Ақ бұлақ»)

VІ. Шығармашылық тапсырма:
(Дәптермен жұмыс)
1 – топ. «Су – тіршілік көзі» эссе жазу.
2 – топ. « Өзен» 5 жол өлең шығару.
3 – топ. Суға байланысты тыйым сөздер, мақал - мәтел жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Балық аулау» ойыны арқылы бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін тиянақтау, сұрақтарға жауап беру.
• «Өзен» өлеңінің авторы кім?
• «Қынарда» сөзінің мағынасы.
• Таулардан сарқырап не ағады?
• Өзен су күшінен не өндіріледі?

VІІ. Үйге тапсырма: «Өзен» өлеңін жаттап келу. – бет. Өзеннің суретін салу.

9. Бағалау: Топбасшы өз тобының бағасын береді. Мұғалімнің бағалауы.

VІІІ. Қорытынды.
Егер денім сау болсын десең,
Егер көңілім жай болсын десең, Табиғатқа табын, Адам!

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Үржар ауылы, "Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Данабекова Гульмира Болатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 299
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру. Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Еліміздің мал шаруашылығы
Еліміздің мал шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін кеңейту. Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім бағымын түсіндіру.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.