Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Г дыбысы мен әрпі

05 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Білімділік мақсаты:
а) Гг дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру;
ә) дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
б) екі, үш сөзден құралған сөйлемді оқуға жаттықтыру;
в) сөзге дыбыстық талдау жасау туралы білімдерін жетілдіру,
г) Гг дыбысының әріп таңбасын жазуды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа дыбыс, жаңа сөздер үйрету арқылы баланың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Баланың логикалық ойлау қабілетін сонымен бірге шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жазу кезінде ұқыптылыққа, топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа, көпшілдікке, әсемдікке және табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, сиқырлы қарлар, буындар, кеспе әріптер және кейіпкер Г дыбысы, гүлдер.

Мотивациялық қозғаушы
I. Шаттық шеңбері
- Балалар, қане, шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірімізбен амандасайық.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе, ұстазым?!
Сәлеметіздер ме, достарым?!

II Іздену - ұйымдастырушы
- Балалар, тақтадағы гүлдің күлтелері қайда? Сол күлтелерді құрастыру үшін сендер келесі тапсырмаларды орындап, жауап берулерің керек. Бұл тапсырмалар - өткен оқу іс - әрекеттерді есімізге түсіруге көмектеседі.
1 - тапсырма: «Шашылған әріптер» ойыны. Шарты: интерактивті тақтадағы шашылып орналастырған әріптерден сөздер құрау керек.
(Кітап, сабақ, дос, көктем, үтік т. б.)

2 - тапсырма: «Буынға буын қос»
Ой — на, ой — ла, ойшыл,
ой — мақ, ой -- лан

3 - тапсырма: «Кім жылдам?»
ҮЙ ҮЙРЕК
КҮЙ КҮЙШІ
КҮШІК КҮРЕК
Тәрбиеші: - балалар, үш қатарға екі сөзден көрсетемін, сендер қол көтеріп оқып берулерің керек.

4 - тапсырма: «Кім білімді?» - мен сендерге үш сұрақ қоямын, сол сұрақтарға жауап берсек гүлдің сиқырлы күлтелері пайда болады.
- Сөз неден құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Бөлімдерін ата.
- Сөйлем неден құралады?
- Сөз дыбыстардан(әріптерден) құралады.
- Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді.
- Сөйлем сөздерден құралады.
(тапсырмалар орындалғанда гүл пайда болады)

III. Сергіту сәті
- Балалар, біз шаршадық, енді сергіп, демалайық.
Көктем келіп бақшамыз,
Гүлдерге толып, жайқалды.
Ойнауға келген баланың
Жүдері де жайдары.
Ойнап жүрген балалар,
Гүлдерге қарап ойланды.
Ойланып тұрып оларды
Жақсылап сумен суарды.

IV. Жаңа тақырып
- Балалар, тақтаға қарайық, ненің суреті пайда болды? Осы гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Ендеше бүгінгі танысатын жаңа дыбысымыз – Гг дыбысы(әріп таңбасын көрсетеді).
Айтылу артикуляциясымен таныстырады.
- Қандай дыбыс, қалай айтылып тұр?
Өте дұрыс балалар.
Тақтадағы сөздерден Г дыбысының орнын анықтауды тапсырады.

V. №2 әліппе - дәптермен жұмыс
Тәрбиеші Г дыбысын ауады жазып көрсетеді.
Г дыбысына байланысты буын - сөздерді оқытады.

VI. Ребус шешу

Рефлекцивті - коррекциялаушы
VII. Қорытынды
- Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы айтылуына қарай қандай дыбыс екен?
- Бәрің де оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатысыңдар, мен сендерге мына гүлді сыйлаймын(балаларға ынталандыру мақсатында қолдан жасалған гүл сыйлайды).

Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Дыбыстардың айтылу артикуляциясын және г дыбысының әріп таңбасын;
Үйренеді: топпен жұмыс жасауды, ребус шешуді және өз беттерінше шешім қабылдауды;
Меңгереді: ойын арқылы білімдерін тиянақтауды, үлгі бойынша оқуды, жазуды және қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы, Қарауылкелді орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Обаева Люда

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 338
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.