Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!

29 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – оқушыларға жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сабақта алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға дағдыландыру, тапқырлыққа, шебер сөйлеуге, тілдік қорларын дамытуға баулу. Шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: бір - біріне көмектесуге, ұжымдыққа тәрбиелеу және тілін сүюге үйрету. Ақыл - ойын дамыту.
Сабақтың түрі: Қорытынды, пысықтау сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сайыс, сұрақ - жауап, тапсырманы тез орындау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар, сызбалар, үлестірме қималар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқушыларды психологиялық дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру
А) оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру
Ә) ауызша өткен сабақтар бойынша ережелерді сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру. Фонетика. Буын.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды. Мысалы: а-ға, а-на, ба-ла, да-на, са-на
Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз. Мысалы: ар, от, аш, ас
Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды атаймыз. Мысалы: тас, бас, жол, қар.

1 бөлім: Кім жылдам! Ой жүйрік.
І топқа: 8 сұрақ. Сұраққа қазақ тіліне тән әріптер арқылы жауап беру қажет. / ө, і, ғ/
1. Ертегі оқисың ба?
2. Қандай тәтті жейсің?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Кімге сәлем айтасың?

ІІ топқа. Сұраққа қазақ тіліне тән әріптер арқылы жауап беру қажет./қ, ә, ү/
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Кеше не істедің?
7. Бауырыңның аты кім?
8. Кімге сыйлық жолдайсың?

4. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
2 бөлім: Ұшқыр ой. Мына сөздерді буынға бөл, буынды анықтаңдар!
Сыйлық, кітапхана, қолшатыр, мұғалім, теледидар, денсаулық, балапан, дәрігер.

3 бөлім: Біліміңді мықта! Сұраққа жылдам жауап бер.
І топқа:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
2. Ұяң дауыссыз дыбыстарды атап бер.
3. Жуан дауысты дыбыстарды атап бер.

ІІ топқа:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды атап бер.
3. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

4 бөлім: Сен білесің бе? Сабақты толықтыру. Сұраққа кезекпен толық жауап бер.
1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
2. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 – желтоқсан)
7. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
8. Төрт түлік малдарды ата? (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
10. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ – мырт – қа)

5 бөлім: “Ойлан да, аяқта” мақалды аяқта. Сабақты қорытындылау.
1. Күш – білімде, білім –...(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті,... жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор...(байлық)
4. Кітап – білім бұлағы,...– өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық... бар ма? (дос)
6. Анасыз ақын да болмайды,... да болмайды. (батыр)

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№111 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Есимбекова Роза Серикбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 678
3
26 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Көбейтудің терімділік қасиеті
Көбейтудің терімділік қасиеті
Көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру. Осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдануды үйрету. Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Студенттердің шетел тілі пәні бойынша білім деңгейін анықтау, танымдық қабілетін, білім - білік дағдысын, эстетикалық - өнегелік ортасын қалыптастыру, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Байкадамова
Байкадамова Қонақ 15 мам 2016 14:58
1
Маған осы сабақ қатты ұнады, бәрі де тиянақты ! Жарайсыз Роза Серікбайқызы
Байкадамова
Байкадамова Қонақ 15 мам 2016 15:00
0
Сізге теқ қана жеңіс және сәттілік тілеймін!
Омарова Айнур
Омарова Айнур Қонақ 16 мам 2016 19:02
1
Ия, мен де карап шықтым, керекті мәліметтер өте көп! Рахмет!