Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сөйлем түрлері

08 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері туралы білімдерін еске түсіру, толықтыру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, анық, таза сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, ыстық орындық, әткеншек әдістері, топтық, өзіндік, талдау, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, суреттер, үлестірмелі қағаздар, сілтемелер, постер, маркер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды ортаға шақырып, шеңберге тұрғызып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында бір - біріне жақсы тілектер айтады.
Тыныс белгілерінің суреттері бойынша (!), ) (?), (.) 3 - топқа бөлем.

II. Үй тапсырмасы: сілтеме – 1 Сәйкестендіру тесті
(оқушылардың әр қайсысына таратылып беріледі. Әр топтан 2 - оқушыдан шығып сәйкестендіріп, тексеріледі.
Сипаттау мәтіні
Хабарлау мәтіні
Бірінші сөзі
Сөйлем
Сөйлемдегі сөздер
Пайымдау мәтіні
Сөйлемнің соңынан

Балалар көл жағасында ойнап жүр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
тыныс белгісі қойылады.
бір - бірімен байланысып тұрады.
аяқталған ойды білдіреді.
Лашын - жыртқыш құс. Оның арқасы көк - сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп - дөңгелек, қап - қара. Қанаты ұзын және сүйір.
бас әріппен жазылады.
сұрақ қою арқылы табамыз.

III. Қызығушылығын ояту: о: «кім шапшаң» өрнектердің шешімін тапсаңдар
Кестеде жасырынған сөзді табасыңдар.

М) 15+10 ---- Й) 3+3
Ө) 10 - 5 ------ Р) 27 - 10
Е) 7+7 ------- Т) 17+13
С) 7+5 --------- І) 5 - 2
Л) 32 - 12 ----------- Ү) 23+22

12 5 6 20 14 2
30 45 17 20 14 17 3
жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

IV. Мағынаны тану:
Жаңа сабақ. Әр топқа тапсырма беріледі, берілген сілтемені оқып топ ішінде талдап, әр топтан бір спикер шығып «әткеншек» әдісі бойынша басқа топтарға түсіндіреді.
сілтеме – 2
1 - топ: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

2 - топ: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады

3 - топ: Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

V. Дәптермен жұмыс: жұмбақ шешу
Су да бар,
Қар да жоқ.
Сіз де бар,
Бізде жоқ. ( С әрпі)
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, жазғызу.
Көркем жазу: Сс
Әдеп, Санжар, бала.
Санжар әдепті бала.

VI. Оқулықпен жұмыс: Әр топтан екі оқушыдан өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқиды.
8 - жаттығу: «Не жомарт? Кім жомарт?»
Өздік жұмыс
9 - жаттығу( 1 - ші хабарлы сөйлемді, 2 - ші сұраулы, 3 - ші лепті сөйлемді көшіріп жазу)
VII. Сергіту сәті:
Шаршадым «Ух!» дедім,
Ренжідім «Туф!» дедім.
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Ах!» дедім.
Шарасыз «Ех!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім.
Біліп ап, «Е!» дедім,
Қуанып «Ха - ха - ха!» деп шаттандым.

VIII. Шығармашылық жұмыс:
Сурет бойынша сөйлем құрастырып, грамматикалық тапсырмаларды орындап, постер құрастырып, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
1 - топ: дыбыстық талдау
Қоян сөзіне

2 - топ: буындық талдау
Көкөністер сөзіне

3 - топ: тасымалдау
Аққулар сөзіне

Деңгейлік тапсырмалар:
1 - деңгей.
Тапсырма: сөйлем құрастыр.
Суытты, күз, күн, келді.
2 - деңгей.
Тапсырма: сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Сабақ басталды.
3 - деңгей.
Тапсырма: сызба бойынша сөйлем құрастыр.
------------ --------------- ------------.
------------ --------------- ------------!
------------ --------------- ------------?

IХ. Ой - толғаныс: жұптық жұмыс
Сілтеме – 3
Тиісті тыныс белгілерін қой..
Өркенің өссін, балам Тоғайда қайың, терек, емен өседі Шырша қайда өседі
Слайд бойынша дұрыс жауабын тексеру
(Өркенің өссін, балам! Тоғайда қайың, терек, емен өседі. Шырша қайда өседі?)

Топтастыру стратегиясы:
Сөйлем айтылу мақсатында

Хабарлы → сөйлемнің соңына нүкте қойылады
Сұраулы→ сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады
Лепті → соңына леп белгісі қойылады.

Әр топтан бір оқушы шығып жазады.
Х. Ойын «кім жылдам» семантикалық кестемен жұмыс
Сілтеме – 4
------------------------------ Хабарлы сөйлем --------- Сұраулы сөйлем -------- Лепті сөйлем
Алақай, досым келді
Менің досым Азамат
Достық деген не
Ертең демалыс
Сабақ басталды ма
Күн ашылды
Дала қандай тамаша
Наурыз қандай мейрам

XI. Рефлексия: критерилер бойынша өзін - өзі бағалау
12 - 11 б. «5»; 10 - 8 б. «4»; 7 - 5 б. «3»

Топ аралық бағалау спикерлерге баға беру. ( қай топтың спикері жақсы толық, түсіндіре білді)
«Басбармақ» әдісі арқылы оқушының өз біліміне деген сенімін анықтау.
Мен бәрін түсіндім.
Мен түсінгендеймін.
Мен түсінбедім.

ХII. Үйге тапсырмасы: 61 - бет 13 - жаттығу

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы
№2 Аманқарағай орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Туребекова Ләзиза Мұқышқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 838
1
10 дауыс
Оқи отырыңыз
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Kairkenova Altyn
Kairkenova Altyn Қонақ 25 сәуір 2016 14:09
0
Рахмет сабағынызға, өте ұнады!