Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Математика
Қостанай облысы, Қарасу ауданы,
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Самартаева Қарлығаш Жанболатқызы

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер

Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Математика – дүниенің формуласы. (Г. Галилей)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Түрі: қайталау
Әдіс - тәсілі: СТО, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі қағаздар, формула
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі
«Теңдеу және түбір» жаттығуы
Жүргізуші «түбір» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де
«квадрат теңдеу» деген кезде 3 оқушы, «толымсыз квадрат теңдеу» деген
кезде 2 оқушы жұптасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді.
Үй тапсырмасын сұрау
Блиц – сұрақтары
Қысқаша көбейту формулаларын ата
Квадрат түбір дегеніміз не?
Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а - ға тең в санын атайды
Квадрат теңдеудің формуласы қандай?
Квадрат теңдеуге мысал келтір
Есептер шығару

Тарихи деректер (квадрат теңдеу құру)
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
16 желтоқсан 1991 жылы
16x ²+12x+1991=0
2) Ұлттық теңгенің шыққан уақыты
15 қараша 1993 жылы
15x ²+11x+1993=0
3) Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды?
1 желтоқсан 1991 жылы
X ²+12x+1991=0
4) Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылдады?
4 шілде 1992 жылы
4x ²+6x+1992=0
5) Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
30 тамыз 1995 жылы
30x ²+8x+1995=0

Логикалық тапсырма
Бір шиді жылжытып теңдікті тура ет.

1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4) Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
5) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6) 6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (Адам орындықта отыр)

Берілген мақалдағы сан есімді тауып, толымсыз квадрат теңдеу құрастыр
1) 1 тал кессең, 10 тал ек. (х ²+10х=0)
2) 5 саусақ 1 - дей емес (5x ²+x=0)
3) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді. (x ²+1000x=0)
4) 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. (7x ²+7x=0)

Сөзжұмбақ
Жауабы:
1) нақты
2) квадрат
3) парабола
4) келтірілген
5) гипербола

Рефлексия: 5 саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жазамыз.
Бағалау (тиын арқылы бағалау)
Үйге тапсырма: №361, формула жаттау

Толық нұсқасын жүктеу
2 918
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.