Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

13 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңбамен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. (1, 2, 3, 4, 5, 6 слайдтар)
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: түсінік беру, оқып - аудару, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің бірі – Елтаңба, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері) тест сұрақтары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабаққа даярлау
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және қонақтар!. Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы»
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа көз жүгіртіп өтейік. Өткен тақырыпта біз Сіздермен Мемлекеттік Әнұранымызды, Мемлекеттік Туымызды өткен болатынбыз. Сол себептен қазір маған сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын.

Тіл дамыту сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
3. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.
Қазақстанның бас қаласы және астасы – Астана
4. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
2006 жылы 7 қаңтарда.
5. Тудың авторы кім?
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков
6. Қыран ненің белгісі?
Қыран – бостандықтың белгісі.
7. Сонымен, соңғы сұрақ Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады

II. Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең - байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағынан қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі сияқты. Ал төменгі жағында “Қазақстан” деген, жазу бар, яғни бұл біздің мемлекетіміздің Елтаңбасы деген сөз. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот - Аман Уалиханов (7 - 8 слайдтар)

Государственные символы Республики Казахстан
Государственный Герб представляет собой изображение шанырака (купол юрты) на голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры) в обрамлении крыльев мифических коней. В верхней части герба – пятиконечная звезда, в нижней части – надпись «Қазақстан» В цветном изображении герб Республики Казахстан двух цветов – золото и голубого. Проект герба был подготовлен архитектором Шотой Уалихановым в соавторстве с Жандарбековым Ниязбековым.

1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. (9 - 10 – слайдтар)
1992 году 4 июня были утверждены Государственные символы, Флаг, Герб, Гимн. По постановлению Президента Нурсултана Назарбаева 4 июня отмечается как «День Государственной символики» 9 - 10 слайдтар.

IV. Дәптермен жұмыс
Ққ
Қазақстан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
А) Сөздікпен жұмыс 38 бетті ашамыз жаңа сөздермен танысамыз. Мен оқимын дауыстап қазақша - орысша. Содан кейін олар 2 рет менімен қайталайды. Цепь бойынша оларға қайта қайталатқызамын.
Шаңырақ – купол юрты
Уық – подпорка для купола юрты
Күн сәулесіндей – подобно солнечным лучам
Қанатты пырақтар – мифические крылатые кони
Көмкерген – обрамляют
Жұлдыз – звезда

Ә) 38 бет 1 - жаттығу. Мәтінді оқып, тиісті жалғауды жазыңыздар. Добавить нужные окончания и записать в тетради (11 слайд)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңба (- нің, - ның) ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ (- ты, - ті) айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағынан қанатты пырақтар көмкерген. Елтаңба (- ның, - нің) жоғарғы жағы (- нда, - нде) жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағы (- нда, - нде) “Қазақстан” деген жазу бар. Елтаңба (- ның, - нің) авторлары – Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков

Б) 39 бет 3 - жаттығу Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жазыңыздар. Переведите данные слова на казахский язык. (12 слайд)
Государственный Герб – Мемлекеттік Елтаңба. Изображён купол юрты – шаңырақ бейнеленген. Расположена звезда – жұлдыз орналасқан. Написано слово – жазу бар. Авторы Государственного Герба – Елтаңбаның авторлары
Ал, енді балалар сіздер шаршаған шығарсыңдар. Бәріміз бірге тұрып, сергіту сәтін өткізейік.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі! 2 рет
Ал, енді балалар! бір демалып қалдық, сабағымызды ары қарай жалғастырамыз!
Келесі тапсырма
В) Тақтада ілініп тұрған плакттағы сөзжұмбақты шешіңіздер. (13 слайд)

1. Сказка
2. Государство
3. Орёл
4. Мир

Г) 39 бет 5 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу (14 слайд)
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт - береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

V. Қорытындылау Балалар сонымен біз бүгін жаңа тақырып өттік. Ия? Сіздер бүгінгі сабақта не алдыңдар? (15 слайд)
Елтаңбаның авторлары кімдер?
Елтаңбада нелер бейнеленген?

VІ. Бекіту. Ал, енді балалар сабақты қорытындылай келе тест тапсырмасын орындаңыздар. (16 слайд)
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
А) Талғат Мұсабаев Ә) Нұрсұлтан Назарбаев
Б) Дариға Назарбаева В) Сара Назарбаева
2. Қазақстан Туы мен Елтаңбаның түстері қандай?
А) көгілдір және алтын Ә) алтын және жасыл
Б) ақ және көгілдір Б) көк және қызыл
3. Жаңа Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды?
А) 2002жылы 5 қараша Ә) 1991 жылы 16 желтоқсан
Б) 1999 жылы 1 желтоқсан В) 2006 жылы 7 қаңтар
4. Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
А) жұлдыз Ә) шаңырақ
Б) қанатты пырақтар Б) уық
5. «шаңырақ» сөзі қалай аударылады?
А) подпорка для купола юрты Ә) крылатые кони
Б) купол юрты В) звезда

Ал, енді балалар! тест тапсырмаларымен ауысып, бір - бірімізге тексеруге берейік! Тақтаға назар аударайық! Дұрыс жауаптарын тексеріңдер! Бір - бірлеріне баға қойыңдар!
Бағалау 5 сұраққа жауап берсе – “5” 4 сұраққа жауап берсе – “4”
3 сұраққа жауап берсе – “3” 1 - 2 сұраққа жауап берсе – “2”
Сіздер бүгінгі сабақтан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды, Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіндеріне сенімдімін.

VІІ. Үй жұмысы: 39 бет 5 - жаттығу. Өлеңді жаттап келу (17 слайд)
VІІІ. Бағалау (18 слайд) Оқушыларды біліміне қарай бағалау.

Павлодар облысы, Май ауданы,
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 843
5
17 дауыс
Оқи отырыңыз
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Балалар, енді біз бүгін үйренетін әніміздің тақырыбы Отан, туған жер сөзінің синонимі - «Атамекен». (Әннің шығу тарихы туралы баяндау) 1970 жылы айтулы мерекеге салтанатты концерт дайындалады.
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Пікірлер (5)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мөлдір
Мөлдір Қонақ 29 сәуір 2016 20:56
0
маған сабақ өте ұнады.Өте қызықты. Алмагүл апай сізге сәттілік тілеймін!
Атлана
Атлана Қонақ 29 сәуір 2016 21:00
0
Мен сіздің сабағыңызға қатысқанмын. Өте ұнады. Керемет.
Бақытгуль
Бақытгуль Қонақ 12 мам 2016 21:24
0
Сабақ құрылым өте қызықты
Бақытгуль
Бақытгуль Қонақ 12 мам 2016 21:26
0
Слаидының эстетикалығы жоғары
Гульнур
Гульнур Қонақ 20 қараша 2016 11:26
0
Сабақты қалай толық қарауға болады