Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бунақденелілер

15 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты:
1. Бунақденелілердің жануарлардың тобына жататындығын және өздеріне тән тіршіліктерімен танысу. Олардың көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын, зиянын және тіршілік ету ерекшелігін түсіну.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойларын дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.
3. Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып табиғаттың сұлулығын түсіне білуге, жануарларды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау. «Жұлдызды сәт», " Ой қозғау", «ЖИГСО», «Ассоциация», әдістері «Адасқан жануарлар» ойыны, Семантикалық карта.
Қолданылатын көрнекіліктер: жануарлардың суреттері, бейнеролик, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Қолайлы психологиялық көңіл - күй қалыптастыру мақсатында бейнеролик көрсету арқылы жаттығу жасату.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Оқушылар келген қонақтармен сәлемдеседі.
Топқа бөлу
1 - топ: Жабайы аңдар
2 - топ: Үй жануарлары
3 - топ: Құстар
4 - топ: Үй құстары
Әр топ өз атаулары бойынша мәліметтер береді.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Балалар қане өтілген сабақты есімізге түсірейікші.
«Жұлдызды сәт» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.
Сұрақ - тапсырма:
1. Жануарлардың тобын ата. (Аңдар, үй жануарлары, қанатты жануарлар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер)
2. Дала жануарларын неге жабайы аңдар дейміз? (Жабайы аңдар өз бетінше тіршілік етеді)
3. Үй жануарларын ата. (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
4. Үй жануарларының қандай пайдасы бар? (Оларды өз қажетімізге жаратамыз)
5. Осы екі жануарлардың топтарының қандай ұқсастығы бар? (Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды
6. Балалар тағы да жануарлардың тобына жататын нелермен таныстық? (Құстар, үй құстары, балықтар, бақа және жорғалаушылар)
7. Үй құстары туралы қандай мәлімет білесіңдер? (Үй құстары қолда бағылады, олар пайдалы)
8. Жабайы құстар туралы қандай мәлімет айтасыңдар? (жабайы құстар өздігінен тіршілік етеді)
9. Бақаны «қосмекенді» деп атаудың мәнін түсіндір.( Бақаның екі мекені бар – суда да, жерде де мекендейді)
Оқушылардың жауаптарына қарай жұлдызшалармен бағаланады.

3. Негізгі бөлім.
" Ой қозғау" әдісі
Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіп, сұрақтар қою және жұмбақтардың жауабын табу арқылы бүгінгі тақырып «Бүнақденелілер» екенін табады.

Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді. (Ара)

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі. (Құмырсқа)

Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады. (шыбын)

Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (көбелек)

Ара, құмырсқа, шыбын, көбелектерді қалай атаймыз?
Жәндіктер, жәндіктерді бунақденелілер деп атасақ та болады екен. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Бунақденелілер»

Жаңа білімді игерту кезеңі: Бүгін бізге Мухаббат апайымыздың хат жолдағанын айтып, оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. Бейнеролик арқылы жаңа тақырып “Бунақденелілер” жайлы Мухаббат апай түсіндіріп береді.
“Бунақденелілер де жануарларға жатады. Өте ұсақ болғандықтан, оларды “жәндіктер” деп атайды. Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді.
Кейбіреулері - суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Олардың пайдалылары да, зияндылары да бар. Ағаш пен бұтада пайдалы және зиянды жәндіктер де болады. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Мәтінмен жұмыс жасату:
«ЖИГСО» әдісі бойынша топтық жұмыс жасатамын.
Тақырып төрт топқа бөліп беріледі, әр топқа жеке - жеке тақырыпшалар беріледі және сол тақырыпшаға сай сурет беріледі.
Әр топ өзіне берілген бөлімді оқып шығып топ ішінде талқылайды. Суретті бояйды.

1 - топ: Көбелек
Көбелектер – олар өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік.
Көбелектерді көргенда бірден жаз мезгілі, ыстық күн, гүлдер елестейді. Көбелектерді қолмен ұстауға болмайтын себебі, олардың қанаттарын жауып тұрған нәзік ұнтақты қабаты тез зақымданады. Ол тек әдемілікті ғана бұзып қоймайды көбелектер ұша алмай қалады. Сондықтан да көбелектерді алыстан бақылап, әдемілігіне сүйсініп қолға ұстамау керек..
— Егер хабарларыңыз болса, сол нәзік жанды бунақ денелілер 1 ақ күн өмір сүреді екен. Арасындағы ең мықтысы, атаманы 2 күнге дейін шыдаса, рекорд болып саналмақ.
— Алайда, сол 2 күннің ішінде, қолынан келгенше өз жұмысын шебер түрде атқарады. Яғни, мыңдаған гүлдерді тозаңдырып, болашақ гүлдердің тағдырына тікелей қатысы бар екен.
Егерде көбелектің сол қалыбынан шығып жатқанын көріп қалсаңыз, оның қатты қиналып жатқанына куә боласыз. Жаныңыз ашып, құрт қабынан шығып жатқан көбелекті босатып жіберсеңіз, оған тек жамандық жасаған боласыз. Кейіннен, өмірде еш ұш алмай қалатынына себепкер болып қалуыңыз әбден мүмкін.
— Көбелек, сол құрт қалыбынан шығамын деп тырысып, қиналғанда, әлсіз қанатына күш жинайды екен. Сол жиналған әлдің арқасында бір күнгі өмірінде көптеген тозаңдандыру процестерін жасайды екен.

2 - топ: Шыбын
Шыбын жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Шыбын — көптеген жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады; сондай - ақ олар ішек - қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй - жайларда) өсіп - өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй - жайларда шыбынның өсіп - өнуіне жол бермеу үшін ас - судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс - қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек

3 - топ: Ара
Бізді қоршаған табиғат тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана зер салсаңыз солай екендігіне көзіңіз оп - оңай жетеді. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса ызындап маңайымыздан шықпайтын, гүлден - гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы.
Бал – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал тек өсімдіктің бір түрінен жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Көп шырынды бал өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы тағы басқа) әр түрлі атайды.

4 - топ: Құмырсқа
Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдалы. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000 - дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - үй құмырсқалары (шымалдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т. б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

Топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бунақденелілердің алуан түрлі және табиғатта өте көп таралған жәндіктер екенін мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Жаңа тақырыпты пысықтау:
«Ассоциация» әдісі арқылы оқушылар бунақденелілерді топтастырып жазып шығады. Топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Бунақденелілер

Қорытынды: «Адасқан жануарлар» ойыны
Балалар бүгін біз жәндіктермен таныстық. Жануарлардың басқа топтарымен таныстық. Ол қандай топтар екенін қайталап жіберейікші. Жануарлардың топтарын анықтаған соң, оқушыларға тапсырма беріледі.
Жануарлар тарауы бойынша топтарға қырқылған суреттер таратылады.

Суреттерді реттей отырып, үй жануарлары, жабайы аңдар, құстар, үй құстары, бунақденілілерге қайсылар жататынын табады.
Семантикалық картаны толтырып сабақты қорытындылаймыз.

Семантикалық карта
-------------------------- Мекені --------------------------------------------- Қорегі
Аңдар -------------- Суда ----- Орманда ------ Үйде ------- Шөп -------- Ет ------ Жәндік
Сиыр----------------------------------------------------+---------------+
Балық
Қарлығаш
Қасқыр
Ит
Бақа
Арыстан
Дуадақ

Кері байланыс: Біз бүгін сабақта немен таныстық?
Сабақта жаңадан нені білдік
- толық ай - толық түсіндім.
- жарты ай - жартылай түсіндім.
- жаңа ай - мен түсінбедім

Бағалау. Оқушылардың жинаған жеміс жидектеріне қарай бағаланады.
Үйге тапсырма: Суреттерін сызып, оқып келу.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,
Науайы атындағы жалпы орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Азимбаева Диларам Розхановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 626
0
8 дауыс
Оқи отырыңыз
Африка материгін қайталау
Африка материгін қайталау
Африка материгі туралы алған білімдерін жинақтап, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу. Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі секреция бездері үлкен емес: миллиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без, бүйрек үсті безі жатады.
Ауа – газдар қоспасы
Ауа – газдар қоспасы
Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы А. Лавуазъе 1774 жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеуші ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап, әрқайсысын ерекше қасиетіне бола, мысалы, сутекті «жанғыш ауа»,
Жыл мезгілдері. Е. Елубаев
Жыл мезгілдері. Е. Елубаев
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Күйкен орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі Енсегенова Света Саясатовна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.